Білім кілті кітапта кітапханалы? саба?


Білім кілті-кітапта
5-6 сынып оқушыларына арналған кітапханалық сабақ.
Сабақтың мақсаты:оқушыларға нені әлі жақсы талдай, таңдай алмайды, егерде ұмытып қалса еске түсіру мақсатында жүргізіледі. Оқушыны өз бетінше кітапхана ішінде еркін жұмыс жасауға үйрету мақсатында өтеді.
Өтетін орны: ойын сабақ кітапхананың ішінде өткізіледі.
Сабақтың барысы: әр сыныптан бір-бір команда болады. Әр команда оқушылары жеке үстелге отырғызылады. Әр топ өздеріне ат қойып алады.
Ойын этаптары:
I. "Кітап үйі- кітапхана" эстафетасы жылдамдық сұрақтары. Қай команда бірінші қол көтереді, сол жауап береді. Дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі. Сұрақтар:
1. Кітапхана дегеніміз не? ( Кітапхана- кітап сақтайтын орын).
2. Оқу залы деген не? Оны қалай пайдаланамыз. (Кітап үйге берілмейді оқырман залда оқитын кітапты шектемей беретін бөлім)
3. Сендердің алдарыңда кітаптар тұр. Ол қандай элементтерден құрастырылған. ( Кітап сырты, құрастырылуы, кітап блогы, ең бірінші беті. Әр командаға кітап беріледі)
4. Қандай мағлұматтарды бірінші беттен аламыз? (Кітап авторы, аты, шыққан жылы)
5. Аннотация дегеніміз не? ( Кітаптың қысқаша мазмұны)
6. Каталог дегеніміз не? ( Кітапханада бар кітаптардың тізімі)
7.Кітапханада қандай каталогтар бар? ( Алфавиттік және жүйелі каталогтар бар).
8. Қандай анықтамалық әдебиет түрлерін білесіңдер? ( Сөздіктер,анықта малар,энциклопедиялар.)
II.Тапсырмасы бар карточкалар:
1.Кітапханада қандай кітаптар бар ( 3-4 кітапты атау керек)
2.Кітапханада осындай кітаптар бар ма? Қай бөлімнен табуға болады ?
3.Каталогтан К.Аманжоловтың кітабын тауып ал.Осы жазушының тағы қандай кітаптары бар?
III. Лездемелік сұрақтар:
1.Папирус деген не ? ( Қамыстың сабағынан жасалған жазу құралы -көп жылдық су өсімдігі).
2.Қандай жазу құралдарын адамдар жазу үшін пайдаланған ? ( Тас,лай,қайың қабығы,папирус,пергамент қағаз).
3.Ежелгі Мысырдағы кітапхана ( Александрия кітапханасы ,онда 70 мың кітап болған)
IV.Жүйелік каталог.Бұл тапсырмада әр командадан 1 ойыншыдан шығады.
Мысалы:1.Спорт туралы кітапханада қандай кітаптар бар ? ( 2-3 кітапты ата).
2.Қандай орыс жазушыларының кітаптары бар? ( әр түрлі жазушылардың аты-жөні).
3.Жануарлар туралы кітапханада кітаптар бар ма?
Сабақ соңында ойын қорытындысы шығарылады.