Денелерді? электрленуі та?ырыбына презентация.


Сабақ 1Тақырыбы: Денелердің электрленуі. Электр заряды.Электр зарядының сақталу заңы. Электр өткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер. Электроскоп.8 «А» сынып І. Үй тапсырмасын сұрау. «Конвертпен сұрақ» кезеңі1-топ1. Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?2. Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысты өрнектейтін формула неге тең?3. Қайтымсыз процесс деген не?4. Изотермиялық процесс деген не?2-топ1. Жылу қозғалтқыштары деген не?2. Изопроцестер деген не?3. Кез келген жылу қозғалтқышының негізгі бөліктерін атаңдар.4. Изобаралық процесс деген не?3-топ1. Изохоралық процесс деген не?2. Термодинамиканың екінші заңы қалай тұжырымдалады?3. Адиабаталық процесс деген не?4. Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті неге тең? ІІ.Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру «Миға шабуыл» кезеңі1. Дененің электрленгенін қалай анықтаймыз?2. «Электр» атауы қайдан шыққан?3. Қандай жағдайда электрлену өтеді?4. Электрленген дене деп қандай денені айтады? ІІІ. Жаңа сабақ «Ойлан, жұптас, пікірлес»кезеңінде топтық жұмыс (мәтін бөліп алу) 1. «Электр» сөзінің шығу тарихы.2. Денелердің электрлену құбылысы.3. Электр заряды, электр зарядтарының өзара әрекеттесуі.4. Электроскоп. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер. Электр машинасын алғаш кім ойлап тапты? IV. Сергіту сәті. «Ойымды жалғастыр» (формулалар) V.Тәжірибе көрсету.«Электрлену» құбылысының мәнін ашу, тәжірибемен түсіндіру. Мысал, 1-сурет 2-сурет Электр заряды. Электроскоп.1-сурет2-сурет4-сурет3-сурет VI.Жаңа сабақты пысықтау.(сапалы сұрақтар) «Сұрақтар шеңбері» кезеңі 1. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады. Осы құбылысты түсіндір.2. Зарядталған қағаз қиқымдары әрқашан жақындатылған қолға тартылады. Неге?3. Тараған кезде “шаш тараққа тартылады”- дейді. Ал шаштың тарақты тартуы мүмкін бе?4. Шыныны қолмен ұстап тұрып – ақ зарядтауға болады. Ал темір таяқшаны ше?5. Шарды жүн матамен ысқылап сүрткенде, қағаздың ұсақ қиқымдарына шарды жақындатайық. Не байқадың?6. Зарядталған дене өзінің зарядын толығымен басқа бір оңашаланған денеге бере ала ма? Берсе қалай? VII. Бағалау. Денелердің электрленуін білу, біз үшін маңызы қаншалықты.VIII. Рефлексия.IX. Кері байланыс. ( не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.)X. Кейінгі тапсырма. Эссе жазу. «Біз электр тогын қалай аламыз?»XI. Кейінгі оқу. .29,30 Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электроскоп. Атомдардың құрылысы. Өткен сабақты талдау Білім- ырыстың тізгіні