Дене шыны?тыру Тола?ай отбасылы? сайыс.


«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ СЦЕНАРИІ
Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын, спорттық бейімділіктерін балаларға үйрету.     2. Балаларды отбасылық ұйымшылдыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.3. Спорттық ойындарымен таныстырып, салауаттылыққа  тәрбиелеу.Спорттық эстафеталар қазақ күйімен сайысқа қатысушылар ортаға шақырылып қошеметке ие болып орындарына тұрады.Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар және қонақтар. Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына арналған, салауатты өмір салтын дәріптей отырып, ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Толағай» отбасылық сайысына хош келдіңіздер!Сайысты бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін. Команда екіге бөлінеді, эмблемалары, аттары, болады.Сайыстың мазмұны алты бөлімнен тұрады:1-бөлім:  «Менің жанұям»2-бөлім: «Кенгуру»3-бөлім: «Туристар»4-бөлім: «Маймылдар»5-бөлім:  «Қояндар»6-бөлім:  «Арқан тарту»Әр команда капитаны ортаға шығып әділқазы алқасына эмблемаларын табыстайды. Әр ойын сайын ойын шарты түсіндіріліп отырады.1-бөлім: «Менің жанұям»Командалар өз ұрандарын айтып қарсылас командамен сәлемдесіп, өздерін таныстырады.2-бөлім: «Кенгуру»Ойын шарты: Әкесі баласын үлкен доптың үстіне секірте отырып, белгілі жерде тұрған анасының қасына жетіп допты анасына табыстайды. Анасы доптың үстіне секіріп командаға оралып, ойын сол бетімен жалғасады.3-бөлім: «Туристер»                                        Ойын шарты: Команда әртүрлі бөгеттерден өту керек. Балалар бір жақта, ата-аналар бір жақта. Ойын ата-аналар балаларын бір жаққа жиыстыру керек, тек бөгеттерден аман-есен өту керек.Бірінші бөгет: Тау тастың арасынан өту керек, яғни бес рет гиглидің арасынан өту.Екінші бөгет: Көпірдің астынан өту, жирафтардың астынан өту.Үшінші бөгет: Жайлау кең дала - матраста домалап екі рет айналу. Баланы алып командаға жүгіріп келу.4-бөлім: «Маймылдар»Ойын шарты: Анасы скакалкамен баласы тұрған белгілі жерге дейін секіріп барып, әкесі баласын арқалап командаға келеді. Ойын жалғасады.5-бөлім: «Қояндар»Ойын шарты: Анасы себеттен жүгіріп барып сәбізді әкесіне береді, әкесі  қаппен секіріп отырып баласына яғни көжегіне табыстап, баласы сәбізді команда қоржынына салады. Ойын жалғасады:6-бөлім: «Арқан тартыс»Ойын шарты: Екі команда ата-аналары бөлек, балалар бөлек арқан тартысып күш сынасады.Жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сіздерге алғысымыз шексіз екенін айта отырып, сөзді әділ қазы алқасына береміз. Әділ қазы алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Ата-аналарды алғыс хаттармен марапаттап, командаларға балаларға сыйлықтар табыс етіп тапсыру.