Ашы? саба? Біз не ?йрендік


«Нұрай » ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы:
Білім беру салалары: Коммуникация,Таным,Шығармашылық.
Бөлімдері: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Біз не үйрендік»
Мақсаты:
Білімділік: Жыл бойы өткен білімдерін түсініктерін бекіту.
Дамытушылық: Сөйлемді толық құрауға, сөздік қорын және дыбыстарды анық айтуға дамыту.
Тәрбиелік: Тиянақтылыққа,ұқыптылыққа,табиғатты сүюге сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілік: Түймедақ гүлі,ертегілердің суреттері теледидар.
Сөздік жұмыс: түймедақ, білім ханшайымы.
Билингвальді компонент: гүл – цветок- flower,бір –один - one,екі -два – two,үш – три - three ,төрт –четыре –four,бес- пять- five.
Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық
-қозғаушылық Қанеки, келіңдер шаттық шеңберіне тұрайық.
Ш.ш: «Арайлап таң атты!»
06-04 «Б»№17
- Балалар, кім айтады, бір жылда неше мезгіл бар?
Онда мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер қай мезгіл екенін шешіндер.
Күндер ысып,
Маса шағып,
Балалар суға шомылады.
Күн бұлттанып,
Жауын жауып,
Шөп, жапырақ сарғаяды.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран, борап соғады.
Күн жылыныпҚар еріп,
Сай салаға ағады.
Ал қазір қай мезгіл, кім айтады?
Көктемде қандай өзгерістер болады?
Көктем туралы кім тақпақтар біледі?
Ғажайып сәт:
Тыныш балалар бір дыбыс естіледі.Кім болды екен?
-Сәлеметсізбе?
Сәлеметсің бе, білім ханшайымы?
Төрлет жоғары шық отыр.
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен білім ханшайымымын.Мен сендерге сиқырлы кітап әкелдім,оның іші тапсырмаларға толы.Сол тапсырмаларды сендер
орындандар.
Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды қаламыз Жайнай түссін даламыз Қайырлы таң балалар!
Бір жылда төрт мезгіл бар.Қыс,көктем,жаз,күз.
Жаз мезгілі
Күз мезгілі
Қыс мезгілі
Көктем
Көктем мезгілі.
Көктемдекүн жылынып, шөптер өседі, құстар келеді,ұйықтап жатқан аңдар ұйықыдан тұрады.

Нұрасыл
Көктем келді,құс келді,
Ойнаймыз біз саз илеп.
Біздің көлге түсті енді,
Былтыр кеткен өаз – үйрек.

Мансур
Көк көйлегін киді жер,
Шешіп ақ қар – ішігін.
Емірене сүйді жел,
Тал теректің бүршігін.
Салауат
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы – жараса.
Табиғатта тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Балалар тынышталып кім келді деп, есікке қарайды.
Балалар білім ханшайымын қуана қарсы алады.
Ұйымдастыру-іздестіру Балалар білім ханшайымның тапсырмаларын орындайық.
1- тапсырма
Балаларға гүлдің суретін көрсетемін.
Мынау не?
Гүлдің күлтешелерін үш тілде санатамын,түстерін сұраймын, керсінше санатамын.
2 -тапсырма
Тамаша, балалар.Бәріміз теледидарға қарайықшы, ертегілердің аттарын айтыңдар.

Сергіту сәті.
06-04 «Ә»№35
3- тапсырма
Балалар көктем мезгілінен кейін жылдың қай мезгілі?
Тамаша балалар білім ханшайымы әкелген түймедақ гүлін құрастырып әдемі қылып жапсырайық.
Балаларға түймедақ гүлінің қиылған үлгісін қалташаға салып, ақ парақ желім таратылып беріледі.Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Қозғалмалы ойын: «Кірпі мен түлкі»
Шарты: Алаңда жүрген кірпілерді, қу түлкі көріп жеуге келеді,ал кірпілер жауынан қорғанып домалып отыра қалады.
Дидактикалық ойын: «Кім немен қоректенеді»
Шарты: «Кім немен қоректенед» Өз білімдерін көрсетуге дайын екендерін айтады.
Бүл гүл – түймедақ гүлі цветок - flower,ол үйде және далада өседі.
Күлтещелері сопақша пішінді,
ортасы дөңгелек пішінді.
1,2,3,4,5 –один,два,три,четыре,
пять –one,two,three, four, five.
Ортасы сары,күлтешелері қызыл,жасыл,көк,ақ.Yellow, red, green blue, white.
Алдар көсе ертегісі,Қошқар мен теке ертегісі,Үйшік ертегісі,Шалқан ертегісі,Жет лақ ертегісі,Бауырсақ ертегісі.
Әдемі әтеш, Таң атпай тұрыпты. Ойқастап жүріпті, Айдарын тарапты, Жан-жағына қарапты.
Ко-ко-ко-депті
Жаз мезгілі, күн ыстық болады.Күн көп түседі.Жаз мезгілі ұнайды.
Ақ параққа күнді құрастырып,әдемі қылып жапсырады.
Берілген тапсырманы мұқият орындайды.
Балалар ойынға белсене қатысады.
Аңдардың қоректенін тамақтарын тауып белгілейді.
Рефлексивті
түзетушілік Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Бізге кім қонаққа келді?
Біз не жайында айттық?
Балалар сендердің білімдеріне білім ханшайымы риза болды.
Білім ханшайымы: сендер көп нәрсе үйреніпсіңдер,мен сендермен қалайыншы. Бір жылда 4 мезгіл бар.
Бізге білім ханшайымы келді.
Біз түймедақ гүлінің күлтешелерін үш тілде санадық.Ертегілердің аттарын айттық, түймедақ гүлін жапсырдық.
Әрине, білім ханшайымы қалыңыз.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Өткен тақырыптар туралы білді.
Нені игереді: Өз бетернінше ойларын қорытындылай білді.
Нені біледі: Жыл мезгілдерінің аттарын айта білді.Жұмысты тиянақты істей білді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Баланың болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл – ойы, адамгершілік - эстетикалық сезімдерін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда балаға құрметпен қарау қажет.Баланың қажеттілігмен қызығушылығын түсіне білу, ата - ананың, тәрбиешінің басты міндетті.Олай болса, баланың ойлау қабілеті қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын меңгеруден басталады.Ойлау мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінде немесе іс – әрекетті орындау барысында көрінеді.
Ойланудың тағы бір түрі – жұмбақ шешу болып табылады.Психология ғылымында ойлаудың үш түрі қарастырылады:
1.Практикалық - қимылдық
2.Көрнекі - көркем
3.Сөйлеу – логикалық

Сезім тәрбиесі - түйсік пен қабылдаудың бірдей дамуы.Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен бастап - ақ, бала өзің қоршаған заттардың қасиеттерін түсінуге талпыныс жасай бастайды.Осыдан, баланың заттарды қабылдайтын көру дағдысы қалыптасады.Бұл кезде затты танып білу үшін бүлдіршіндер оның түр – түсіне мән бермейді, заттың құрылымына көңіл бөледі.
Сондықтан, бүлдіршіндердің сенсорлық тәрбиесін шыңдау үшін, олармен тәрбие жұмысын жүргізген кезде тәрбиешілер бір – біріне киілетін ойыншықтарды геометриялық пішіндерді қолданады.
Ойын технологиясы - бұл таным құралы.Бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызығушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. «Ойлау – жанның өте бір қиын терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан, басқыштап іс істеу керек.Олай болса, мектеп жасына дейінгі балалардың іс – әрекетінде ойын технологиясын пайдалана отырып танымдылықты, балалардың қиялын, логикалық ойлауын, зейінін, жетілдіруге болады.Осындай түрлі ойындар баланың танымдық қабілеттерін дамытып қана қоймай,қиялымен қызығушылығын арттырады.
Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруға, зерттеу жұмысының көзделген мақсаты ойын технологиясының әдіс – тәсілдері арқылы ауқымды жүргізілген зерттеу жұмысын мектеп жасына дейінгі баланың танымдылық қабілеттерін, адамгершілік рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалпыстыруға ықпалын тигізеді.