Кластан тыс шара: Н?рпейіс Байганин


Нұрпейіс Байғанин Нұрпейіс Байғанин — халық ақыны, жырау.Қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданында 1860 ж. дүниеге келген. Ол ақындықөнерді ең алғаш анасынан үйренген.16—17 жасынан-ақ «бала жыршы» атанады. Кейіннен Абыл, Шернияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Сабыр тәрізді белгілі ақындардан үлгі алып, бірқатарымен айтысқа түседі, батырлық жырларды үйренеді.Н. Байғанин негізінен батырлықты, адамгершілік пен адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, халық сүйіп тыңдайтын «Құбығұл», «Төрехан», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты жыр, дастандарды жырлаған. Дайын сюжеттерді пайдалана отырып, халықтық, әлеуметтік мәселелерге арналған «Ақкенже», «Нарқыз» сияқты өз туындыларын шығарды.Н. Байғанин шығармашылығы жағынан толысып, халық құрметіне бөленген шағында отансүйгіштік, халық тағдыры, тағы басқа тақырыптарды кеңінен жырлады. Көп жасаған, көп көрген, көп үйреніп, көп жырлаған, қазақ халқының мол сөз қазынасын меңгере, пайдалана білген ақынның шығармалары терең мағыналы, өткір тілді, шешендік сөздерге, мақал-мәтелге, афоризмге толы.1938 ж. бастап Н. Байғанинге әдеби хатшы белгіленіп, ақын шығармаларын М. Хакімжанова, Қ. Шаңғытбаев, Е. Ахметов, тағы басқа ақындар ұқыпты түрде дер кезінде қағазға түсіріп отырды. Н. Байғаниннің өмірі мен шығармашылығы Е. Ысмайыловтың, О. Нұрмағамбетованың, К. Сейдехановтың зерттеулерінде қарастырылған Ақтөбе облысында Н. Байғанин ауданы бар. Ақтөбе және басқа қалалардағы көшелер мен мектептерге ақын аты берілген.1940 ж. Н. Байғанин «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.1999 ж. Нұрпейіс Байғанинге арналған ескерткіш Ақтөбе қаласының Әбілқайыр даңғылында арнайы тұғырға қондырылды. Өлшемі шаршы үлгіде (2,5 х 2,5 m), қара-көк мәрмәр таспен қапталған. Төменгі тұғыр ұзындығы — 12,2 m, ені — 6 m, биіктігі — 100 cm, тұғырды есептегенде — 136 cm. Тұғыр үстіндегі мүсін биіктігі — 2,3 m, асбест цемент араласқан материалдардан әзірленген, мыс темірмен қапталған. Жалпы биіктігі — 3,66 м. Ескерткішті орнату жобасын облыстың бас сәулетшісі, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Б.С. Егінбаевтың басшылығымен«Ақтөбеазаматтықжобалау» институты жасады. Ескерткіштің авторы Грузияның белгілі суретші-монументалисі Гамлет Элиабарашвили.Санаттар: Қазақ ақындары | 1860 жылы туғандар | 1945 жылы қайтыс болғандар Нұпейіс Байғанин отбасымен бірге. Н.Байғанин баласы Момын екеуі (1940 ж.) H Байганин баласы Момынра домбыра уйрет1п отырран сэт! (1938-1939 ж.). Н. Байранин ақын Дихан Эбдавпен бipre. Атақты жыршы алғашқы хатшысы Ахмет Ескендіровке өз шығармаларын жаздырып отырған сәті (1939-1940 ж.) “Көмекейден жыр төктім, Домбыра тартып күй төктім...” Байғанин атақты Шығанақ Берсиев бастаған тарышылар арасында. Байғанин облыстық ақындар слетіне қатысушылар арасында. Н. Байғанин демалыс үйінде (1939 ж.). Ақын ата пионерлер арасында. Н. Байғанин баспасөз қызметкерлер! арасында. Нұрпейіс Байғанин үгітшілер арасында. Н. Байғанин облыстық ақындар слетіне қатысушылар арасында. Байғанин Ақтөбе облыстық советінің бірінші сессиясын елеңмен ашты (1939 ж.). Қарт ақын теміржолшылар арасында.