Биология п?нінен Балы?тар?а жалпы сипаттама саба? жоспары


Күні: 02.02.2017ж
Сыныбы: 7 "А"
Пән: биология
Сабақтың тақырыбы: Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Сезім мүшелері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы.
Сабақтың мақсаты:
   1. Білімділік: Омыртқалылар типіне және балықтар класына жалпы сипаттама бере отырып, ерекшеліктеріне  тоқталу.   2. Дамытушылық: Жануарлар дүниесін қорғау, экологиялық тәрбие  беру.   3. Тәрбиелі: Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: карточкалар, тақырыптық тірек сызба, тест,                           оқулық, жұмыс дәптері.
   Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І.1. Психологиялық ахуал туғызу. ( оқушылар ортаға шығып, екі-екіден тұрып, бір-бірлеріне тілек айтады). (2 мин)
бағалау парағы 3 топқа таратылады.
2. Карточкалардың түстері бойынша 3 топқа бөлінеді). 1 мин 3.  Үй тапсырмасын сұрау:
Тест арқылы. ( топ ішінде бір-бірлерін тексереді). (6 мин)
ІІ.    Жаңа сабақты түсіндіру: ( 5мин)
1. Бейне таспа арқылы жаңа сабаққа шығу.
2. Жаңа сабаққа мақсат қою.
Балықтар класы суда тіршілік ететін омыртқалылар. Бас сүйектілер тип тармағына жатады. Бас сүйектілердің негізгі ерекшеліктерінің бірі-миы бассүйектерінің ішінде орналасқан. Денесі үш бөліктен: бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Екі жұп көкірек, екі жұп құрсақ қанаттарымен бірге құйрық қанаттары бар. Денесі бұрылғанда, тоқтағанда, баяу ғана ілгері жылжығанда және дене тепе-теңдігін сақтауда қанаттарының маңызы зор. Денесінің сырты қабыршақпен қапталған. Қабыршақ сыртын шырышты қабыршақ қабық қоршаған. Ол қорғаныш қызметін атқара отырып судың үйкелісін азайтып, бактериядан қорғайды.Балық қаңқасы тірек қызметін атқарады. Балық торсылдағы балықтың суда жоғары және төмен көтерілуіне мүмкіндік жасайды.Тыныс алуы: Балықтар суда еріген оттегі мен желбезек арқылы тыныс алады.Қантамырлар жүйесі тұйық. Ол жүректен және қантамырларынан құралған. Бір құлақша мен қарыншадан тұрады. Қан бұлшықеттердің жиырылуы арқылы денеге тарайды.Зәр шығару жүйесі: Екі бүйрек пен несеп жолы арқылы аналь тесігіне ашылатын қуыққа өтеді.Сезім мүшелері: Сипап сезу және бүйір сызықтары су ағынының бағыты мен күшін анықтайды.Көбеюі: дара жынысты , уылдырық шашу арқылы  көбейеді.Түрлері: Балықтар қаңқасының құрылысына қарай шеміршекті және сүйекті балықтар деп бөлінеді.   Шеміршекті балықтар: Қаңқасы шеміршектен құралады. Оларда желбезек қақпасы болмайды. Шапшаң қозғалады, көбі жыртқыштар.
Кәсіптік маңызы: Халық шаруашылығында кәсіптік маңызы зор. Тамақ өнеркәсібінде азық-түлік, тағам түрі ретінде және медицинада кең қолданылуында. Балықтарды қолдан өсіру кең дамуда. Балықтың сирек кездесетін түрлері заңмен қорғалған.
   Балық түрлері таблицасы бойынша балықтардың түрлерімен таныстыру. Карта бойынша балықтар мекен ететін ірі мұхиттар мен өзен, теңіздерді көрсету.
тапсырма:
топ - "Постер" әдісі
топ - "Диалог" әдісі
топ- "Презентация" әдістері бойынша жұмыс жасайды. (қорғауға 9 мин).
2 -тапсырма: "Желпілдеуіш" әдісі арқылы әр топ 3 сұрақтан жазып, келесі топқа қояды. (6 мин).
Сергіту сәті: Оқушылар сергіту сәтін жасайды. (2 мин).
   Бекіту: 1. «Ыстық орындық» арқылы бекіту.
2. Оқулықты пайдала отырып, биологияға арналған жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
Бағалау. Қорытынды.   Үйге тапсырма беру: 57 тақырыпты оқу. Балықтардың адам өміріндегі маңызы туралы эссе жазу.Бағалау.