К?пта?балы сандарды к?бейту ж?не б?лу (4 сынып)


Сабақ114.Күні:25.02. Бекітемін: Математика 4 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Көптаңбалы сандарды көбейту және бөлу
тәсілдерін пысықтау.
Сабақтың мақсаты: Көптаңбалы сандарды көбейту және бөлу амалдарын
қолдану тақырыптарын қайталап есептер шығаруды үйрету.
1.Білімділік: Көптаңбалы сандарды көбейту және бөлу амалдарын
қолдану жайлы меңгерген білімдерін одан әрі тереңдету, толықтыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын қалыптастыра отырып, өз бетімен жұмыс жүргізу қабілеттерін және ойлау жүйесін дамыту.
3.Тәрбиелік: Іскерлік пен білім дағдысын қалыптастыру, оқушылардың белсенділігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі:Тақта, моноблок, карточка, деңгейлік тапсырмалар,
сандықша.
Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар,ойын.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (1-мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (2-мин)
ІІІ. Өткенді қайталау. (сұрақ-жауап)(4-мин)
IV. «Біліміңді сынап көр»Оқулықпен жұмыс.(25-мин)
V. «Домино» ойыны. (4-мин)
VI. Деңгейлік тапсырмалар.(5-мин)
VIІ. Қорытындылау. (2-мин)
VIII. Үйге тапсырма.(1-мин)
IX. Бағалау. (1-мин)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу,оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру(психологиялық дайындық).
«Қайталау – оқу анасы». 
Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №6, 2-ші баған,72-бет.
ІІІ. Өткенді қайталау. «Миға шабуыл»
№1.Жауаптарын сандықшадан ізде.
1130·30=33360 54·4=204 12130·4=48520
4440:40=111 24006:6=4001 88080:20=4404
10640:2=5320 10000:250=40 500500:500=1001
№2. Қатесін тап.
3027 ·105=317835 931·210=195510 25338:123=206
IV.«Біліміңді сынап көр»оқулықпен жұмыс. №3
Үш қатарға бөлемін.
І-қатар.
2597·32+280448:56=88112 2700+20124:387-509=2243
1. 2597·32=83104 1. 20124:387=52
2. 280448:56=5008 2. 2700+52=2752
3. 83104+5008=88112 3. 2752-509=2243
ІІ-қатар.
750+(11267+1522):203=813 3568+(36532+860):456=3650
1. 11267+1522=12789 1. 36532+860=37392
2. 12789:203=63 2. 37392:456=82
3. 750+63=813 3.3568+82=3650
ІІІ-қатар.
800+115023:23+2600·345=902801 511785:17·29-836250:625=871707
1.115023:23=5001 1. 511785:17=30105
2.2600·345=897000 2. 30105·29=873045
3.800+5001=5801 3. 836250:625=1338
4.5801+897000=902801 4. 873045-1338=871707
№4.а)
Vm=33км/сағ Шешуі: V= Vm + Vm=33км/сағ +25км/сағ=58 км/сағ
Vm=25км/сағ S= V· t =58 км/сағ · 3сағ=174 км
t=3сағ
S=?км Жауабы: S=174 км.
ә) t=6 сағ Шешуі: Vв=S: t =96 км : 6 сағ=16км/сағ
S=96 км Vқайтар ж =16км/сағ-4км/сағ=12 км/сағVқайтар ж-4 км/сағатқа азайды tқайтар жол=96км/сағ : 12 км/сағ=8сағ
Vв=?
tқайтар жол=?сағ Жауабы: tқайтар жол=8сағ
Сергіту сәті: Видео.
№5. Кім жылдам?
3-қатарға бөлемін.
І-қатар. ІІ-қатар. ІІІ-қатар.
234·908=212472 911·992=903712 72900:972=75
209·905=189145 40803:201=203 102555:265=387
233·630=146790 826281:909=909 242963:427=569
V. «Домино» ойыны.
І-қатар. ІІ-қатар. ІІІ-қатар.
8т 2 ц=8200 кг 8 м254дм2=85400см2 2600г=2кг 600г
60000 кг=600 ц 486с=8мин 6с 52ай=4жыл 4ай
6 км 90 м=6090 м 6м2=60000см2 1сағ5мин=65мин
5 сағ 8 мин=308 мин 72 сағ=3тәул. 2ай 25тәулік=85тәулік
VI. Деңгейлік тапсырмалар.
Логикалық сұрақтар
1. 2 қолда 10 саусақ. Он қолда неше саусақ бар? (100)
2.Ұшақ Ақтаудан Алматыға дейін 1 сағат 40 минут ұшады. Кері қайтқанда 100 минут ұшады. Айырмашылығын түсіндір.
3.5 мысық 5 тышқанды 5 минутта ұстаса, онда 1 мысық 1 тышқанды неше минутта ұстайды? (5 минутта)
4.Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық айында)
Жұмбақтар
Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді. (8)
Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Сайынға
Сонда қалмақ неше алма? (Қайыңда алма өспейді)
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бәрі. (6)
Мақал-мәтелдер
2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.
5 бармақ жиналса, жұдырық болады.
30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге жетеді.
1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.
7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім іл.
Ат баспаймын деген жерін 3 басады.
5 саусақ бірдей емес.
1 тал кессең, 10 тал ек.
VIІ. Қорытындылау. Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқап, өткен тақырыптарды қалай меңгергендігін тексеріп бағалау.
№8.
SКаспий т =376000км2,бұл 339500км2 арт
SАрал т =? км2
Шешуі: 376000-339500=36500км2. Жауабы: SАрал т =36500км2
VIII. Үйге тапсырма: №8. (ә) 74-бет.
IX. Бағалау. Белсенді қатысқандарды бағалау.