Открытый урок по английскому языку Wild and domestic animals (средняя группа)


-1089660-701040
5644515-1062990Ақтөбе қалалық білім бөлімі
№ 33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі білім орталығы
Дошкольный образовательный Центр № 33«Нұрсәт»
Pre-school education centre№ 33«Нұрсәт»
1414780171450






Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: “ Wild and domestic animals ”
(№9 ортаңғы тобы )
Ағылшын тілінің мұғалімі: Нургалиева А.О.

Ақтөбе-2016
Сабақтың тақырыбы: “ Wild and domestic animals ”
Сабақтың мақсаты:
Бірлесе жұмыс жасай отырып үй жануарлары мен жабайы
аңдардың атауларын айтуды , ажырата білуді үйрену.
2. Сыни көзқарастарын жетілдіру.
3. Жануарларды аялауға , күтіп, баптауға тәрбиелеу
Қажетті құралдар: үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері,А3 форматтағы ферманың ,орманның суреті , интерактивті тақта, аудиотаспа т.б.
Билингвальді компонент: On the farm - фермада ,
in the forest - орманда
Сабақтың барысы:
Амандасу .
Ойын : “Parcel game”
Ойынның шарты: Балалар дөңгелене тұрады және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында жайлы әуен қосылады. Әуен тоқтатылғанша бір-біріне үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері салынған қорапты қолдан қолға береді, әуен тоқтатылғанда қорап кімде болса сол оқушы қораптан бір суретті алып не екенін ағылшын тілінде айтады.
Топқа бөлу : үй жануарлары және жабайы аңдар (domestic and wild animals)
Балалар мен сендерге қызық ертегі айтып берейін . Орманда бір күні кішкентай аю мамасынан адасып кетіпті. Орманның ішінде жалғыз өзі үркіп келе жатса , алыстан қарғаның карқылдаған дыбысы шығады [ k] [k] [k] әрі қарай келе жатса [u-u:], [u-u:] деген үкінің дыбысы шығады ол одан бетер қорқып кетеді.Қатты жүгіріп шаршап қалады [h] [h] [h] . Сол кезде оған Rex деген ит кездесіп мамасын табуға көмектеседі.Ол кішкентай аюды [r] [r] [r ] деп басқа жануарлардан қорғап мамасына аман-есен жеткізеді
Ойын : «Орманда мекендейтін жануарлар» “Animals who lives in the forest” Интерактивті тақтамен жұмыc
Сергіту сәті : Интерактивті тақтаға қарап билейді.
Мозайка құрастыру : “Make up the picture”
Топтастыру: «Орманда нелер мекендейді?» , «Фермада нелер мекендейді? » 2 топқа үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері беріледі . Артық суретті алып тастайды.
Ән айту «Жануарлар әлемі »
«Аф -аф –аф» -деп ит үреді “Bow-bow-bow ” – says the dog
«Мяу- мяу- мяу» - деп мысық мяулайды “Meow-meow-meow” – says the cat
Ал үйректер- «бақ- бақ- бақ» “Moo-moo-moo” – says the cow
Ал сиырлар- «му-му- му » “quack-quack-quack” – says the duck
Қорытындылау.
«Жеміс ағашы» арқылы сабақты қорытындылау