Конпект по адебиет досты? т?бі адалды?


Сабақтың тақырыбы:Достық түбі - адалдық
Сабақтың мақсаттары:
Адамның бойында болашақ өміріне пайдалы достық сезімінің құдіретін ұғындыру , бұл сезім ,жақсылықтар жиынтығы екендігіне көзжеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп ,оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу ,досқа деген адалдық , шексізықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу .
Көрнекіліктері :суреттер ,нақыл сөздер,буклеттер .
Сабақтың барысыЖүргізуші:Бүгінгі «Достық түбі –адалдық» атты тәрбие сағатымыз өміріңе сән беретін , адам бойындағы ғажайып сезім –достық туралы .Өмірде көп көрген , достық мектебіндешыңдалған ақындардың жырларын оқып , ұлтымыздың қасиетті хадистерін жаттап ,даналардың сөздерін санамызға тоқып , достық деген ұғымның адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы екенін көз жеткізіп , адал досты жалған достан айыра білу .
Диас:
Досым,саған сенемін сеніп өтем!
Жолды бөтен демейін , жөні бөтен .
Достық деген –адамның көрігі екен ,
Достық деген –адамның серігі екен .
Арай :Ұйықтап жатыр көңілді құйын –дауыл
Неге сен келе алмадың жиынға бұл ,Жыраққа жалғыз мені жібермеші
Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр.
Ақылбек :Достық қымбат өмірде,
Сақтай білсең көңілге .Терең оймен түсініп
Сене білсең өмірге .Әдемі :Вся наша земля –
Как большой детский сад ,Где каждый друг другу
Сестра или брат .Пусть будут все дети
Друзьями навеки !Хангерей :Жақсыменен дос болсаң ,Алдыңнан шығар електеп ,Жаманменен дос болсаң ,Сыртыңнан жүрер өсектеп .Гүлзада :Жан қиыспас дос болсаң ,Сыйласумен жүрерсің
Шашылып жатса , сыртыңнан
Жинасумен жүрерсің .Көрініс : «Досыммен сырласу»
Бақдәулет:
Достың көңілі ерекше .Сондықтан досты ренжітуге болмайды .Дос деген сөздің өзі екі түрге бөлінеді :адал дос ,амал дос .Адал дос әрқашанда қасыңнан табылады . Ал амал дос сыртыңнан күліп кетеді .
ХадистерЖерді атына қарап , адамды досына қарап тануға болады .
Әрбір мұсылман үшін адал дос табу міндет .
Досыңның сұраған кешірімін қабылдаған адамның күнәсімен бірдей .
Ән : «Дос туралы жыр»
Мақал-мәтелдер
ҚанатЖақсы дос күлдіріп айтады,
Жаман дос жылатып айтады .Аяжан
Сенімді дос тірегің
Қалдырма оны бір елі.
Досты кек етпе ,Сөзін екі етпе .Думан
Адаммен достың қамы ,Содан соң бастың қамы .Даяна
Екі жаман дос болмас,
Екі жақсы қас болмас.
Қорытынды
-Құрметті ұстаздар ,оқушылар .Осымен сіздерге арналған «Достық түбі-береке» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.