Сайыс ?кем, шешем ж?не мен к?рінеміз ?нермен


«Әкем, шешем және мен көрінеміз өнермен» сайысы1 - жүргізуші Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.Сол өнердің жолын қуған «Әкем, шешем және мен көрінеміз өнермен» сайысына қатысатын ата-аналар мен балаларының жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп жариялаймыз.Бүгінгі сайысымызда сайыскерлеріміз өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.Ата жолын жалғамақ,Ел дәстүрін қолдамақОтбасы намысын қорғамақ.Сайыскерлеріміз шықсын ортаға,Бүгін сайыскер атанбақ.Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп ата-аналар мен балаларын ортаға шақырайық.2-жүргізуші Байқауымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.1- жүргізуші Сайыскерлеріміз келіп жетті танысуға,Бойындағы бар дарынды дамытуғаҚорықпастан сахнаға келіп жеттіӘдеппен сіздерменен танысуғаСайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін.Ал әділқазылар алқасы берген бағаларын айтып өтсін. 2-жүргізуші Ат өнері білінбес,Бәйгеге түсіп жарыспайСайыскерлеріміздің өнері білінбес,Қоян - қолтық алыспай. -дегендейСайысымыздың келесі түрі «Қол өнері» Сайыскерлеріміз өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын әділқазыларға әкеліп тапсырсын.Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады.
1- жүргізуші «Талаптыға нұр жауар» Ол үшін сөзді тыңдай біліп,сөздерді ойға тоқу керек.2-жүргізуші Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.1. Ағайын алтау, ана......(біреу)2. Ағайынның алтын сарайынан...........(анаңның жыртық лашығы артық)3. Ана сүтін ақтамағанды...........(ешкім жақтамайды)4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................(қарызынан құтылмайсың)5. Отанға опасыздық еткенің .........( өз түбіңе жеткенің)6. Кісі елінде сұлтан болғанша.............(өз еліңде ұлтан бол)7. Отан үшін күрес..............(елге тиген үлес)8. Ер жігіт үйде туып,.................(түзде өлер)1-жүргізуші Сайысымыздың келесі түрі « Өз өнерін көрсету»
2-жүргізуші Сайысымыздың келесі түрі «Салт - дәстүр» бойынша сұрақтарға жауап беру Салт - дәстүрін бабалардыңСақтап биік самғаймыз бізАта - әке ағалардың,Нұрлы жолын жалғаймыз біз –дей келеСалт - дәстүр бойынша сұрақтар:1. Жеті атаңызды атаңыз2. Жеті қазынаға нелер жатады?3. Үш ұғымына байланыстыҮш жүз, үш арсыз, үш дауасызды атап беріңіз4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?1-жүргізуші Сайысымыздың келесі түрі « Спорт түрлерінен сайыс» Спорт - денсаулық кепілі(спорт түрін көсетеді)Осы сайыста қазақ ұлттық ойындарын атап өту керек , кім көбірек ;
ұлттық ойынның бір түрін таңдап көрермендер мен ойнап көрсету керек2-жүргізуші Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Жеті атаңызды атаңыз
Жеті қазынаға нелер жатады?
3. Үш ұғымына байланысты
Үш жүз, үш арсыз, үш дауасызды атап беріңіз
4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?
5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?
Ағайын алтау, ана......
Ағайынның алтын сарайынан...........
3. Ана сүтін ақтамағанды...........4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................5. Отанға опасыздық еткенің өз түбіңе ............
6. Кісі елінде сұлтан болғанша.............
7. Отан үшін күрес..............
8. Ер жігіт үйде туып,.................