К?к аспан?а желбіреткен к?к туын


Тақырыбы: Көк аспанға желбіреткен көк туын. Олимпиада ойындарында қазақ жастары арасынан тұңғыш медаль алған Ғұсман Қосанов болды. Ол 1960 жылы Римде өткен Олимпиада ойындарында 4100 метрлік эстафеташылар жарысында күміс жүлдені иемденді.Ғұсман Қосанов Ал тұңғыш чемпион атанған баскетболшы Әлжан Жармұхамедов болды. Ол 1972 жылы Мюнхенде өткен Олимпиада ойындарында КСРО баскетбол құрамасында өнер көрсетіп чемпион атанды.Әлжан Жармұхамедов Шәміл Серіков 1956 жылы наурыздың 5-і күні дүниеге келген. Грек-рим күресінен 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. 1970 жылы күреспен айналыса бастаған. 1975 жылы КСРО спорт шебері дәрежесін алған. 1978 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған. 1979 жылы КСРО еңбегі сіңген спорт шебері атағын алған. 1978, 1980-82 жылдары КСРО чемпионатына қатысқан. 1978 жылы КСРО чемпионы атанды. 1979, 1980 жылдары халықаралық турнирлер жеңімпазы атанды. 1979 жылы Еуропа чемпионы атанды. 1978, 1979 жылдары әлем чемпионы атанды. (Мексика, АҚШ)1980 жылы Олимпиада чемпионы атанды. (Мәскеу)1980 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.1989 жылы 22-қарашада дүниеден озды.1980 жылы өткен XXII жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен КСРО чемпионы — Жақсылық Үшкемпіров,  Шәміл Серіков алтыннан алқа тағынды.Шәміл Серіков 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы,1981 жылы әлем чемпионы,1982 жылы әлем кубыгының күміс жеңімпазы,1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.Жақсылық Үшкемпіров 1988 жылы Калгариде өткен ХV Олимпиада ойындарында шаңғышылар Владимир Сахнов күміс, Владимир Смирнов екі күміс және қола медаль алды. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы КСРО-ның 15 елі бірігіп 1992 жылғы XXV жазғы Олимпиада ойындарында «Біріккен команда» (Unified Team) ретінде өнер көрсетті. Ал 1994 жылы XVII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан алғаш рет жеке мемлекет ретінде қатысып, қанжығасына 1 алтын, 2 күміс медаль салған болатын.[2] Бұл үш медальдардың үшеуін де шаңғышы Владимир Смирнов алған болатын. 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарында Болат Жұмаділов (бокс) күміс, Мәулен Мамыров (еркін күрес),  Болат Ниязымбетов (бокс), Ермахан Ыбрайымов (бокс).Болат ЖұмаділовМәулен МамыровБолат НиязымбетовЕрмахан Ыбрайымов 1998 жылы Наганода өткен ХVІІІ қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан 2 қола алды, олар шаңғышы Владимир Смирнов және конькиші Людмила Прокашева болды.Сондай-ақ 2000 жылы Сиднейде өткен XXVII жазғы Олимпиада ойындарында Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов (бокс), Ольга Шишигина (жеңіл атлетика) алтын, Болат Жұмаділов, Мұхтархан Ділдәбеков (бокс), Александр Винокуров (велоспорт), Ислам Байрамуков (еркін күрес) күміс медаль алып, командалық есепте 199 елдің ішінен 22-ші орын алды.Бекзат СаттархановОльга ШишигинаМұхтархан ДілдәбековАлександр ВинокуровИслам Байрамуков 2004 жылы Грекияда өткен XXVIII жазғы Олимпиада ойындарында Бақтияр Артаев (бокс) алтын, Генадий Лалиев (еркін күрес), Геннадий Головкин (бокс), Сергей Филимонов (ауыл атлетика) күміс, Серік Елеуов (бокс) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 202 мемлекеттің арасынан 40-шы орынға табан тіреді.Бақтияр Артаев Генадий Лалиев Геннадий ГоловкинСергей ФилимоновСерік Елеуов 2008 жылы Бейжіңде өткен XXIX жазғы Олимпиада ойындарында Бақыт Сәрсекбаев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика) алтын, Асқат Жіткеев (дзюдо), Таймураз Тигиев (еркін күрес) күміс, Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі), Марид Муталимов (еркін күрес), Еркебұлан Шыналиев (бокс), Арман Шылманов (таэквондо) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 204 мемлекеттің арасынан 29-шы орынға тұрақтады.Бақыт СәрсекбаевИлья ИльинАсқат ЖіткеевТаймураз Тигиев Нұрбақыт ТеңізбаевӘсет Мәмбетов Марид МуталимовЕркебұлан ШыналиевАрман Шылманов 2012 жылы Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан үшін алдыңғы ойындарға қарағанда ең сәтті болды. Лондонда Қазақстан 7 алтын 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынға тұрақтады. Мұнда Серік Сәпиев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика), Александр Винокуров (велоспорт), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика), Майя Манеза (ауыр атлетика), Светлана Подобедова (ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) алтын, Әділбек Ниязымбетов (бокс) күміс, Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес), Гузель Манюрова (еркін күрес), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі), Марина Вольнова (бокс), Иван Дычко (бокс) қола жүлдені иемденді.Серік СәпиевЗүлфия ЧиншанлоМайя Манеза Светлана ПодобедоваОльга РыпаковаӘділбек НиязымбетовГузель МанюроваДаниял ГаджиевИван ДычкоӘділбек Ниязымбетов 2016 жылы еліміздің патриоттары ретінде спортшыларымыз да ел намысын қорғауға өз үлесін қосуда. Міне, күллі әлем көз тіккен Рио-де-Жанейро қаласындағы ХХХІ жазғы олимпиада ойындары мәреге жетіп қалды деуге болады. Бұл олимпиада Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды деуге толық негіз бар. Қазақстаннан әлемдік бәсекеге 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) алып, ел спорты тарихында күміс және жалпы жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.Фархад Харки мен Карина Горичева қола жүлдегер атанып, Ауыр атлетикадан 69 келіге дейінгі салмақта Жазира Жаппарқұл қазақ қыздары арасында тұңғыш рет олимпиада ойындарының жүлдегері атанды, оның еншісінде - күміс медаль, Нижат Рахимов нағыз ерге тән қасиетті көрсете білді. Алматылық 21 жасар спортшы Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион болды. Олимпиада ойындарының тоғызыншы күні қазақстандықтар үш қарғып секіруден Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпаковадан жүлде күтті. Шығыс Қазақстандық саңлақ бұл үмітті ақтады. Қазақстандық боксшы Василий Левиттің күмісі алтыннан артық. Ауыр атлетикадан Қазақстанның соңғы үміті Александр Зайчиковтың 105 кг салмақта қоссайыс қорытындысында үшінші орынға көтерілді. 18 тамыз, бейсенбіге қараған түні бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов финалдық жекпе-жегін сәтті өткізді. Сауатты бокстасудың үлгісін көрсетіп, маңғыстаулық Әділбек Ниязымбетов 81 кг салмақта екі мәрте күміс жүлдегер атанды. Әйелдер күресінен 69 кг салмақта Эльмира Сыздықованың қола жүлдені иеленуі ерекше оқиға болды. Ол қазақ қыздары арасында күрестен тұңғыш рет олимпиада жүлдегері атанды. Эльмираның жеңісті жолын келесі күні Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі палуан  Гюзель Манюровамен Орал қаласында туып-өскен Екатерина Ларионова  жалғастырды. Қыздар боксынан 75 келіге дейінгі салмақта Дариға Шәкімова жеңіске жетті.  Бокстан аса ауыр салмақта ел намысын Иван Дычко қорғап, финалда қола медальға ие болды. Фархад ХаркиКарина ГоричеваЖазира Жаппарқұл Нижат РахимовДмитрий БаландинОльга РыпаковаВасилий Левиттің күмісіАлександр ЗайчиковДанияр Елеусінов Эльмира СыздықоваЕкатерина ЛарионоваДариға Шәкімова Назарларыңызға рахмет!