Ашы? т?рбие са?аты Т?уелсіздікті? к?к туын биік ?ста! 6-сынып


Тәуелсіздіктің көк туын биік ұста!
Мақсаты: а). Оқушыларды отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
ә). Халқы ү шін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерліктерін құрметтеу, ұмытпау, есте сақтау арқылы сыйластыққа,адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу
б). Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктермен таныстыру, білімдерін кеңейту .
Көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы слайдттар көрсету, бейне таспа.
Барысы:
І. Топқа бөлу. ( ).
ІІ. Топтарға тапсырма. а)
ә) . Тәуелсіздік жолында тарихқа шолу.б) Желтоқсан жаңғырығыв) «Тәуелсіздік жылнамасы» сәйкестендіру.
Шығармашылық жұмыс. «Тәуелсіз Қазақстан» ой толғау, шығарма, эссе.
Мұғалім: кіріспе сөзі:
Алдымызда еліміздің ұлық мейрамы – Тәуелсіздік күні келеді. Иә, бұл мереке –шын мәніндегі ұлы мереке. Бабалардың талай ғасыр аңсаған арманына біздің ұрпақ қол жеткізді. Адамның ең басты бақыты – Тәуелсіздік. Ұлттың да басты бақыты – осы. Біз биыл бұл мерекені 25-шы рет тойлағалы отырмыз. « Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» дегендей, 25 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дарқан төсін қанымен, терімен суарған ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз. ХХІ ғасырға тәуелсіз мемлекет болып аяқ басты. Біздің Отанымыз Егемен және Тәуелсіз Қазақстан. Бұл қазақ тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған арманымыз орындалған күні болды. Олай болса, «Тәуелсіздік көк туын биік ұста» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
(Ортаға жүргізушілер шығады) Қ.Р.Әнұраны орындалады.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Тәрбие сағатымызды жалғастырайық.
Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз,
Қымбаттан да, ең қымбатты барымыз.
Тәуелсіздік – білектегі әліміз,
Тәуелсіздік – жүректегі әніміз.
Жүргізуші: Міне биыл тәуелсіздігіміздің арайлап атқан таңына – 25 жыл. «Елу жылда ел жаңа» демекші, өмір 25 жылда біраз өзгеріске ұшырады. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Біз Тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт - дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеттік. Жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Көптеген елдермен экономикалық қарым - қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екендігін жария еттік.
Жүргізуші: Ия,өшкеніміз жанып, тарихымызды қайта жаздық.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағат, өнегесі, еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі. Деп, биыл біздің сынып Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың атын алған болатынбыз енді сол туралы І топ қандай мағлұмат берер екен тыңдап көрелік.
І топ: «Қазақтың текті қыраны». І кезең.
1 оқушы: (Біз быраз мағлұматтар жинап таныстық соны ортаға салайық). Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберілді.
Оның балалық шагы туысқансыз және жанашырлық білдіретін адамдарсыз өтті. Оған ананың мейірімі мен жылы алақанын, әкенің қамқорлығын сезіну бұйырмады. Ол жатақханаларда тұрды, асханадан тамақтанды, бір үлгіде тігілген арнаулы киіммен жүрді.
2 оқушы: Ол осындай алғашқы, жартылай әскери және қатаң шынығумен 1942 жылы 18 жасында әскер қатарына келді. Көкшетаулық полктегі әскери қызметтің жағдайы аса ауыр болды, қала мұндай ірі әскери бөлімді орналастыруға дайын емес еді, казармаға, асханаға, сабақ өткізуге, штабқа және басқа да әскери ұйымдар мен әскери қызметкерлерге арналған үйлер болмады. 1943 жылдың жазында полктен офицерлік училищеде оқытуға сержанттардың бір тобы іріктеліп алынады, Рақымжан осы топқа ілігіп, Ресейдің Тамбов қаласынан қоныс аударып, Фрунзе қаласына орналасқан офицерлік училищеге келеді. Рақымжан училищенің қоғамдық өміріне белсене араласты және партия мүшелігіне кандидат болып қабылданды. Бұл жағдай салтанатты түрде өткізілді, оның әскери қызметке деген адалдығы мен ынталылығы, жақсы әскери және дене шынықтыру даярлығы да аталды. Училищені 1944 жылдың қазан айында тәмамдап, оған кіші лейтенант шені беріледі.
Р.Қошқарбаев бірінші Беларусь майданының 3-ші пәрменді армиясына 1944 жылғы қараша айының ортасында келеді. Армия штабы Брест маңындағы Седле стансасына орналасыпты.
3 оқушы: Берлиннің өзінде болған соғыстарда ол өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды, Шпрееғе — соңғы сулы бөгетке және Король алаңына — "Гитлердің үйіне" бірінші болып жетті. "Бірінші" дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталды. Одер өзенінен өтудегі қанды шайқастан кейін оны партия мүшелігіне қабылдады. Ал партия билеті аса маңызды бекіністі және саяси маңызды мақсатқа жетудің мадақтау белгісі ретінде "Гитлердің үйінде" табыс етілді. Осында "Гитлердің үйінде" барлау взводының командирі, лейтенант Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді.
4 оқушы: Жалауды оған батальон командирі Давыдов және саяси жетекші Васильченко табыс етті. "Гитлер үйі" мен Рейхстагка дейін арақашықтық 360 метр ғана, бірақ ол жан-жағынан оқжаудырылған ашық алан, үстінде еді. Лейтенант Қошқарбаев өзінің солдатгарымен бұл қанды метрлерді толассыз атылған оқтың астында 7 сағатта, жерге жабыса еңбектеумен өтті. Рейхстагқа ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетті және бұйрықты орындап, Рейхстагтың фронтанына туды тікті. Бүл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи ерлік жайындағы бүл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады, баспасөзде кеңінен хабарланды.
5 оқушы: Туды орнатуды Қошқарбаевтың өзі былай сипаттайды: «Комбат Давыдов мені терезе қасына шақырды. «Көрдің бе, -дейді, - Рейсхстагты? Керекті адамдарды таңда, туды тігетін боласындар». Сосын маған сырты оралған, ауыр салмақты матаны берді. Бұл – қара қағазға оралған ту еді. Бір топ барлаушылармен терезеден шықтық. Біраз уақыттан кейін бәрімізге жерге жата қалуға тура келді. Атыс үдей түсті. Қасымда тек бір-ақ жауынгер қалды. Ол Григорий Булатов болған. «Біз не істейміз, жолдас лейтенант?»,-деп сұрай берді. Біз екеуіміз суға толы шұңқыр қасында жаттық. «Туда өз тегілерімізді жазып қояйық»,-деп ұсындым. Содан соң химиялық қарандашпен: «674 полк, 1 ботальон» сөздерін жаздық. Қасына өз аттарымызды қостық: «лейтенант Қошқарбаев, жауынгер Булатов». Сол жерде қараңғы батқанға дейін жатуға тура келді. Сосын артиллерия соққы жасай бастады. Осы сәтте Рейхстагқа қарай жүгірдік. Құрылысқа жеткен кезде мен Булатовты көтердім, оның бойы екінші қабатқа жетті. Екінші қабат деңгейінде туды орнаттық...». Қошқарбаевтың айтуы бойынша Рейхстаг алдындағы ашық 270 метрлік алаңды жер бауырлап өту үшін 7 сағат кетті.
6 оқушы: Рақымжан Қошқарбаев жолдасының естелігі бойынша: «Ол сонда жеткен кезде, немістер ғимараттың жертөлесі мен жоғарғы қабаттарында болған. Рақымжан туды ілген кезде жауынгерлер рухтанып, «Ура!»,-деп шабуылға шықты. Осыдан кейін Рейхстаг құлайтыны анық болды».
«Рейхстагтың дәл кіреберісіне Қошқарбаев пен Булатов орнатқан полктік ту жай ғана қызыл матаға ұқсас еді. Кейін Қызыл Әскер Рейхстагқа шабуылын үдете түскен сәтте осындай тулар жан-жақтан орнатыла бастады. Бірақ туды Қошқарбаев пен Булатов орнатқанын барлық командирлер де, маршал Жуков та білетін. Алайда ресми Жеңіс Туын көтеру рәсіміне олар қатыстырылмады. Аталған ту соғыс қималдары аяқталғаннан кейін, 2 мамыр күні тігілді. Басшылықтың ұйғарымы бойынша туды орнатуға Кантария мен Егеров бекітілді. Ал алғаш болып туды тіккендер бұл категорияға кірмей қалды»,-дейді Жанаев. Тарихта Егеров пен Кантария аттары алғашқы ту тігушілер болып қалды. Оларды таңдау астарында идеологиялық себептер болған.
7 оқушы: Талғат Бигелдинов былай дейді: «Шындық қап түбiнде жатпайды». Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі 62 жылдан соң ғана мойындалған. Дивизия командирi генерал Шаталов 30 мамырда 1-Белорус майданының қолбасшысы Жуковқа Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатовтың Рейхстаг қабырғасына ту тiккенiн хабарлады»
Әрине, Рейхстагта екі жеңіс туының желбірегені белгілі. Біріншісін 150-ші Идрицк дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатов 30-сәуір күні сағат 15-00 шамасында халық туын; екіншісін басқа бөлімнің барлаушылары Егоров пен Кантария 1 мамырда сәске түсте Ставка туын тікті. Рейхстагқа тiгiлген туын Қызыл алаңға ұстап шығады. Сол топта Рақымжан Қошқарбаев та болған. Ол Кантарияның қолынан туды жұлып алып: «Бұл туды Реихстагқа бiрiншi мен тiккенмiн»,- деген. Шындықты бiлетiндер оған қарсы келмейдi. Қошқарбаевтың сол туды көпшiлiктiң ортасында ұстап тұрған сурет қазiр бар.
1 оқушы: 1947 – 67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор,
1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.
Жүргізуші: Бәрі де, Отан, сен үшін!
Мәуелеп тұрған жемісім,
Еселеп тұрған жеңісім – Бәрі де,
Отан, сен үшін! – деп ақиық ақын М. Мақатаев жырлағандай батыр атамыз жайлы мағлұмат алдық рахмет.
Жүргізуші: Тәуелсіздік 11 әріптен құралған
Сан ғасырлар қазаққа боп арман
Талай дара, даналардың көз жасы
Қанымен атты таң боп, бізге алдан - Олай болса, біздің достарымыз тәуелсіздік туралы не айтады екен?ІІ топ: 1-оқушы: Біз тобымыздың атын «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» деп алдық. Себебі: тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Ал енді осы қазақ халқының жері, болашағы, үміті үшін Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақ қыздары мен ұлдары, ұлт намысы үшін халықтың ары алдында қайсарлық көрсетіп құрбан болған Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Сәбира Мұхамеджанқызы есімдерін еш уақытта ұмытпаймыз. Олар біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
2 оқушы: Желтоқсан оқиғасының қатал қаһарына ұшыраған қыпшын жас, от тілді, қайсар ақын – Қайрат Рысқұлбеков еді. Қайсар рухты Қайратты түрмеге жауып, небір сұмдық қорлықты көрсетіп азаптаса да, ол өзіне тағылған айыптың жалған екенін ашына айтқан еді. Міне, осындай! небәрі жиырма бір жастағы қаршадай жігіттің мойынына осынша қылмысты қалайша іліп қойған еді. Осылай сот процесі 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін өтті. Сот Қайрат Рысқұлбековті Қазақ ССР - і қылмыстық істер кодексі 173 – бабының 1 - тармағына сәйкес ату жазасына кесті. Ең ауыр жаза, кейін «ату жазасы» 20 жылға ауыстырылды. Солақай саясаттың құйтұрқы әрекетімен жас ғұмыр 1988 жылы 21 мамырда белгісіз жағдайда дүниеден өтті.3 – оқушы: Ал, ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жалын жүрек жастарымыздың арасында Чайковский атындағы Музыка училищесінің студенті Ләззат Асанова желтоқсан құрбанына айналарын білмеген болар. Ар ожданы озбырлықпен тапталып, жапа шеккен Ләззаттың қазасы әлі күнге жұмбақ.4 – оқушы: Сәбира Мұхамеджанова 1985 жылы 8 жылдық мектепті үздік бітірген. Ол Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының шындығын білуге барған. 26 желтоқсанда өткен жиналысқа анасымен барған Сәбираны айыптайды. Содан соң албырт жас жатақханасының өзі тұратын бөлмесінен секіреді. 5 – оқушы: 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17 - 18 - дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР - нің 65 бабымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы ақталды.6–оқушы: Желтоқсан туып....
Шашырап жатыр ақ мамық,
Желтоқсан түні тұрғандай мәңгі ақтарып.
Шыңғырған дауыс естіліп қалып құлаққа,
Теңселіп кеттім үзіліп кетуге шақ қалып.
Желтоқсан туып далада ызғар басталған,
Міне, шындық деп шыңғырған жастардың! Тәуелсіздік туы желбіреді, еліміз тәуелсіздік алды. Осылай жаңа заман басталды. Міне, осы жолда өздерінің қызғалдақтай құлпырған жас өмірлерін қиып кеткен тәуелсіздік қарлығаштарын апаларымыз бен ағаларымыздың есімдерін ұмытпауға, адал да батыр, білімді ұрпақ болуға уәде етеміз.
Жүргізуші: Рахмет. Ия, тәуелсіздік ұлттық сананы оятты, баршаны ата-баба жолына үңілдірді. Тәуелсіздік жолы – ұзақ жол, ғасырлық жол, ерлік жолы, үміт жолы. Тәуелсіздік....Құдыретті ардақты ұғым.
Ендеше, ІІІ топқа кезек берйік.
ІІІ топ: «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі».
1 оқушы: Біздің топты «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» деп атадық. Себебі: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
2 оқушы: Міне сол тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл толып отыр. Бүкіл әлем «Қазақ» деген іргелі ел бар екенін мойындады. Бұл қазақ халқы үшін зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан.
3 – оқушы: Тәуелсіздік – менің байтақ ОтанымБір өзіңсің Мұхтар, Абай, ШоқанымТәуелсіздік – сәбилердің шаттығыТәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім.
 - Достар, мен тәуелсіз ел болу дегенімізді өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп түсінемін. 4-оқушы: Тәуелсіз елдің тілегі бейбітшілік, тыныштық, келешегі – білімді ұрпақ. Біз сол тәуелсіз елдің ұланымыз. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұраымен айбатты.5 – оқушы: Ғасырларға жеткен бүгін жыр үніТәуелсіздік ұлылықтың ұлығыШаңырағы биік болып қазақтыңҚисаймасын берік болсын уығы. Жеткен арман — жаса Тәуелсіздігім Өз қолыма берген ерлік, тізгінін. Ие болған әлем ілтипатына, Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
6- оқушы: Күндей күліп жарқырайды, шығады,
Жақсы әуен, жыр мен әннің бұлағы.
Түсінеміз әннің асыл ырғағын,
Көңілімен тыңдаған жан ұғаты.
7 оқушы Қазақтай еңселі елмін егеменді,
Кеңейтіп кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,
Таниды тепе-тең деп тереземді.
Қазақтың қойнауы құт, жері дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.
Ән: «Самға Қазақ»
Жүргізуші. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
Жүргізуші. Ендеше, сол тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері қандай өзгерістер болды екен, сол туралы ІҮ топқа кезек берелік (Тәуелсіздік шежіресі тақтада шығып тұрады сәйкестендіру)
1991 жылы 1 желтоқсанда - Қазақ КСР-інің Президентін сайлау өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 % дауысын жинаған Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.
1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады және сол жылы 30 қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді.
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу (ЯСЖТ) шартына қосылды.
1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.
1998 жыл - Ұлттық тарихы мен бірлігі жылы.
1999 жыл - Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы  жылы.
2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.
2001 жылы 14 маусымда «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды.
2002 жыл - «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
2003 жылы берілген ойын-суық кешен-аквариум «Думан» дүниежүзілік мұхиттың ең шалғайдағы бөлшегі іспеттес Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
2004 жыл - Ресейдің Қазақстандағы жылы.
2005 жылдың 5 шілдесінде Астанада өткен Мемлекет басшыларының  саммитінде астана декларациясына қол қойылып, антитеррорлық сипаттағы негізгі құжаттар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық тұжырымдамасы, ережесі бекітілді.
2005 жылы 2 маусымда  Байқоңырдың  50 жылдығы аталып өтті.
2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
2005 жылдың 4 желтоқсанындағы кезекті президент сайлауында сайлаушылардың 91,15%-ы өз дауыстарын мемлекет басшысына берді.
2006 жылы -  Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы - Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
2009 жылғы 6 наурыз. «ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті.
2011 ж. 30 қаңтар. 6-ақпан. Қазақстанда ҮІІ қысқы Азияда ойындары өтті.
01.07.2011 БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ! Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
27.01.2012 Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ -ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ»
2013 жыл Францияның Қазақстандағы Мәдениет жылы

Барлы? ???ы?ы ?ор?ал?ан.
BNews.kz материалдарын жеке ма?саттан бас?а, кез келген жа?дайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.
BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:
- басылым беттерінде немесе ?а?аз, таспа ж?не т.б. секілді материал тасы?ыштарды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез материалдарды? www.bnews.kz веб-сайтынан алын?анын к?рсетіп отыруы міндетті.
- Интернетте немесе электронды т?рде пайдалануды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез «www.bnews.kz» веб-сайтыны? басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.
2013 жыл Францияның Қазақстандағы Мәдениет жылы

Барлы? ???ы?ы ?ор?ал?ан.
BNews.kz материалдарын жеке ма?саттан бас?а, кез келген жа?дайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.
BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:
- басылым беттерінде немесе ?а?аз, таспа ж?не т.б. секілді материал тасы?ыштарды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез материалдарды? www.bnews.kz веб-сайтынан алын?анын к?рсетіп отыруы міндетті.
- Интернетте немесе электронды т?рде пайдалануды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез «www.bnews.kz» веб-сайтыны? басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.
2013 жыл Францияның Қазақстандағы Мәдениет жылы

Барлы? ???ы?ы ?ор?ал?ан.
BNews.kz материалдарын жеке ма?саттан бас?а, кез келген жа?дайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.
BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:
- басылым беттерінде немесе ?а?аз, таспа ж?не т.б. секілді материал тасы?ыштарды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез материалдарды? www.bnews.kz веб-сайтынан алын?анын к?рсетіп отыруы міндетті.
- Интернетте немесе электронды т?рде пайдалануды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез «www.bnews.kz» веб-сайтыны? басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.
2013 жыл Францияның Қазақстандағы мәдениет жылы.
18.01.2014 Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.
11.11.2014. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауы жолданды.
2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.
2016 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттік.
Ән:
Жүргізуші. Өте жақсы. Осы тәрбие сағатын өткізу барысында барлығымызға эссе, ойтолғау, шығарма, өлең жазуға тапсырма берілген болатын кім орындады бар болса соған кезек берелік.Ү. Оқушылардың шығармалары тыңдалады.
Жүргізуші. Ия қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі қандай жолмен келгені жайлы өздерің толық айтып өттіңдер. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі. Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі.
Жүргізуші. Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік.Жүргізуші. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін!Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!Ән: «Атамекен»
Қорытынды: «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев) сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.