Саба? жоспары. ?аза? хал?ыны? ?олданбалы ?неріні? т?рлері


Күні: 09.04.16
Пәні: еңбекке баулу
Сыныбы: 1 «Б»
Мұғалім: Чмаева Ж.Д.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлері
Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беруСабақтың мақсаты: Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беруМіндеттері: білімділігі: өз бетімен меңгерген білімін тереңдете түсуТәрбиелілігі: ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу. Дамытушылығы: өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау.Көрнекіліктер:Қазақтың ұлттық бұйымдары, қоржын, тұскиіз, топтастыру қағазы, бағалау парағы, фишкалар.Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгертуСабақтың әдісі: сұрақ-жауап ,әңгіме.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин түгелдеуЖаңа тақырыпты түсіндіру. Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері:киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік,сақина, бойтұмар. Қазақ халқы «Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші өнер өмірмен бірге ұштасып келеді.Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т.б. маталардан бетіне ою-өрнектер тігіледі. Текемет- бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою-өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ- киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын- өрмек құрып тоқылатын бұйым. 2. Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс-аяқ салып сақтаған. Адалбақан- төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.І –гейм «Бой сергіту» Командаларға 10 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 минут бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп жауап берген команда ұтады.ІІ- гейм « Бөшкеден шыққан бас қатырғылар» Команда мүшелері бөшкеден (қапшықтан) нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды.Өз ішінде талқылаған соң, команда капитандары жауап береді.1. Аяққап дегеніміз не?2. Қоржын дегеніміз не?3. Тұтқыш дегеніміз не?4. Түйе баласына байланысты ою? (ботагөз)5. Магиялық ою қалай аталады? ( тұмарша)6. Аққу оюы нені бейнелейді?7. Еңбек туралы мақал айтып бер?8. Өнер туралы мақал айтып бер?9. Оқу-білім туралы мақал айтып бер?10.Жансызда бір жансыз бар жалғыз аяқБеліне қыстырғаны шидім таяқКелбетіне қарасаң ештеңе емесБеліне буыныпты аямай-ақ(ұршық)11. Кіруге адам батпайдыТөрт бұрышты тақтайды Затыңды аман сақтайды.(сандық)12. Басы да екеу, аяғы да екеу.(қайшы)ІІІ – гейм «Жұмбақтас» Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді. 1.Өнерлінің он саусағы тең ....(Өнерсіздің бір саусағы кем.)2.Еңбексіз өмір жоқ ...(Ауырсыз жеңіл жоқ)3. Шын шеберде …(мін жоқ)4. Жаңбырменен жер көгерер ....(еңбекпенен ел көгерер)5. Еңбек өмірді ұзартады ...(ұят бетті қызартады)6. Байлықтың атасы еңбек ...(Анасы жер)7. Еңбегіне қарай құрмет ...(жасына қарай ізет)8. Өмір үйретеді ....(еңбек ширатады)9. Өрнегі көптің ....(ермегі көп)ІV- гейм. «Сен-маған, мен-саған». Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды.1.Жасырылған сөзді тап. Бірінші сан бағана нөмірі, ал екінші сан – жол нөмірі 2. Жасырылған сөзге сәйкес мақал- мәтел жаз.№1 кесте. Кестенің сыры түрінде кілемнің сыры түгіндеКестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды.Қыз еркем, кестесімен көркем, ұл еркем, өрнегімен көркем№2 шебер. Шебердің қолы ортақ.Шеберді өнері асырайды.Шешеннің сөзі мерген, шебердің ісі мерген.Шеберлік шексіз байлықҚорытындылау:Бағалау.Үйге тапсырма: Қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлері
Күні: 09.04.16
Пәні: математика
Сыныбы: 1 «Б»
Мұғалім: Чмаева Ж.Д.
Сабақтың тақырыбы: Өрнек 10 - а
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Әріпті өрнектердің мәнін таба білуге, амалдарды орындауға қалыптастыру. Есептің шартына байланысты сұрақтар қоя білуге, шешуін табуға үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру. Логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жылдам есептей білу қабілеттерін арттыру, нығайту.Тәрбиелік: Оқып, білім алуға талпынуға, ізденімпаздыққа баулу. Еліміздің көркейіп, дамуына үлесін қосатын, білімді азаматтар болуға тәрбиелеу.
ПЕРЕЙТИ НА САЙТ
Сабақтың көрнекі құралдары: Интербелсенді тақта, слайдтарСабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.Сабақтың түрі: жаңа сабақ.Пәнаралық байланыс: Ана тілі.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.1. Психологиялық икем.Қонақ күту – салтымыз,Оқып, біліп жатырмыз.Келген қонақ сіздерге,Сәлем бердік жалпымызІ - бөлім: «Ойлан тап» (Өткенді пысықтау).Үй тапсырмасын оқытып тексеру. «Ұшақтың жолын анықта».ІІ - бөлім. (Жаңа сабақ).Оқулықтың 167 - бетіндегі тапсырмалар.Кестені толтырамыз.(Оқушылар ауызша орындап толтырады).Көркем жазу03 03178*2. а мен 1 сандарының қосындысын жаз. а - ның орнына бір таңбалы қандай сандарды қоюға болады? Мәні ең үлкен және мәні ең кіші санды өрнектерді жаз.(Өрнек құрады, мәні үлкен және ең кіші санды өрнекті жазады).а+1а = 9 а= 0 9+1=100+1=1Есепті шығар.Аулада 6 қарағай және 4 қайың өсіп тұр. Аулада неше ағаш өсіп тұр?Шешуі: 6+4=10Жауабы: 10 ағашМына амалдарды орындап нені табасың: 6+4, 6 - 4?(Оқушылар есепті оқып талдайды, шартын құрып, шешуін табады, есепті шығарады. Сұрақ бойынша оқушылардың жауабы тыңдалады).Сергіту сәтіДәптермен жұмыс4. Сандардың құрамын көрсет.(Ауызша орындалады, оқушылар бір - бірден санның құрамын атайды).Логикалық тапсырмаларАғашта 4 құс отыр, 2 торғай, қалғаны қарға. неше қарға отыр? - 2 –2. Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. неше жасыл қызанақ қалды?3. Сен, мен және біз. Нешеуміз?4. Аслан 4 жаста, Дариға 9 жаста. Кім үлкен, кім кіші?Көлден ұшты 7 қазҚайтып қонды 2 қазҚонбады оның нешеуі?БекітуБағалауҮйге тапсырма
Күні: 09.04.16
Пәні: сауат ашу
Сыныбы: 1 «Б»
Мұғалім: Чмаева Ж.Д.
Сабақтың тақырыбы: Диктант. Түйе
Сабақтың мақсаты:1. Білімділігі: Мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Заттыңсынын білдіретін сөздерді анықтай білугесауаттылықтарын арттыру.2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, білімдерін толықтыру.3. Тәрбиелігі: Өнерлі, білімді болуға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Бақылау сабақ сабақСабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың жүру барысы:І. Ұйымдастыру бөліміПсихологогиялық дайындықАмансың ба, күн: (қолдарын жоғары көтереді, күнге созады)Амансың ба, дос! (бір-біріне алақандарын ашады)Амансыз ба, ұстаз қауым!(бас иіп, сәлем береді)ІІ.Үй жұмысы1-тапсырма. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңін жатқа сұрау.1) Көктемде алғаш гүлдейтін гүла) бәйшешекә) қызғалдақ2) Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?а) не істеді? не қылды? қайтті?*ә) кім? кімдер? не? нелер?3) Жуан айтылған сөздерді тап.*а) дала, тазалықә) өзен, сәбізІІІ.Жаңа сабақ
Түйе. Түйе- түлік басы.Түйе көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Онымен ұзақ сапарларға шығады.Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. Түйе пайдалы жануар. ( 25 сөз)
Қорытынды
Үйге тапсырма: Қайталау, ереже жаттау
Бағалау.