Жыл мезгілдері ашы? саба? 1 сынып


Ана тілі Күні:17.04.2015
№ 114. Тақырыбы: Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев.
Мақсаты:
1. Оқушыларға Ескен Елубаев туралы мағлұмат айтқыза отырып, «Жыл мезгілдері» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
2. Баланың жыл мезгілдеріне байланысты мына «туады, шығады, түседі, келеді» сөздердің қандай мағынасы барлығы жайлы ойларын дамыта түсу.
2.өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. /3 мин/
Топқа бөлу /жыл мезгілдеріне қарай/
Топ басшысы /спикер, таимспикер/
Топ ережесін, бағалауды еске түсіру
Сабаққа даярлық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: /7 мин/
« Кубизм » әдісі / Өлеңнің мазмұнын сұрау/
а/ Нан-еңбек ә/ Нан- құрметке лайық
б/ Нан- тіршілік в/ Нан- дән /көп жыл, өмір бақи тіршілігін тоқтатпайды./
Егінді қай мезгілде егеміз? /Күзде . Ол қыстай жер астында жатады. Алд ерте көктемде шығады. Немесе ерте көктемде де егуге болады
Ыстық күнде жаздай піседі/
Ал қай мезгілде жиналады? / Күзде егін сап-сары болғанда жинаймыз/
Қай мезгілде нан пісіреді /логикалдық сұрақ. Жылдың барлық мезгілінде/
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Әңгіме не жайлы деп ойлайсың?
Ақын неге нанды қадірле, сақта, баспа деп жатыр?
3.Қалай ойлайсың, нансыз тіршілік бар ма? Ойымызды қорытындылайық?
-1111885-601345Ү. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
- Ондай болса өздерің егінді жыл мезгіліне қарай қалай өзретенінін, еңбегін айтып кеттіңдер. Егінді күзде егеді, қыстай жер астында жатады. Жаздай күтіп баптап күзде өнімін алатын болдық. Яғни нан дастарқанға келгенше бір жыл өтеді десек артық айтпағанымыз екен.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
Балалар, неше жыл мезгілі бар? Оларды атап беріңдер
Кәзір қандай жыл мезгілі?
Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
Ү. Жаңа сабақ:
1 «Ойқозғау» әдісі

Ескен Елубаев туралы не білеміз? /Оқушылар жауабы/
Ескен Елубаев - 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының ор ынбасары болып қызмет істеген.
Марапаттары: Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007 — 2008), Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері. Қазір зейнеткер.
Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып көрелік.
Не жайлы жырлайды екен?!
-1061085-601345дәптермен жұмыс
1/ Күн реті 2/ Сабақтың тақырыбы 3/ Көркем жазу
Оқулықпен жұмыс.
а/ Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
ә/ Бөлімдерге бөлу.
б/ Әр бөлімді талдап, не жайлы екенін анықтау. (көктем- көк , жаз-жап-жасыл, күз- сары, қыс- ақ).
Дәптермен жұмыс
а/Сөздік жұмыс. Ақырап – қазан айының ескіше аты.
ә/ Жыл мезгілдеріне сәйкес айтылған сөз тіркестерін үлгілік кесте бойынша дәптеріңе жазып, неліктен олай айтылатынын дәлелде.
Жыл мезгілдері Қайтеді? Неліктен?
Көктем
туады Құлын, бұзау, қозы, лақ туады. Көктемде барлық жан-жануар төлдейді, жер – көк көктейді, өсіп өнеді.
Жаз
шығады Егін шығып, қауыздар толып, орақ басталып, диқан бидай орады.
Күз түседі
Ағаштың жапырағы сарғайып түседі, Шопан таудан түседі.
Қыс Келеді Жотаны, даланы, қырау тегіс жабады; су қатып, қыстың хабары келіп, ел қамданады сондықтан «келеді» деп күтеді.

ҮІ. Сабақты түсінгендерін тексеру
А / Синквейн әдісі бойынша өлеңнің мазмұнын ашу
Зат есім
Сын есім
Етістік
Сөйлем
.......
-1080135-601345 Ә / Постермен жұмыс /Шар лақтырам топ басшылары қай түсті таңдаса, сол бойынша тапсырма беріледі/ Берілген жыл мезгілдеріне қарай сурет салу , қорғау
1-топ «Көктем» 2-топ «Жаз»
3-топ «Күз» 4-топ «Қыс»
Сергіту сәті
ҮІІ. Сабақты қорыту.
1. Семантикалық карта
Жыл мезгілдері көктем жаз күз қыс
1 Кейбір тіршілік иелері ұйқыға кетеді.
Дала жым-жырт аппақ көрпеге оранады. келеді
2 Диқандар қызу еңбекке, яғни өнім жинайды . Шопан таудан түседі.
түседі 3 Балалар демалысқа шығады. Егін жайқалып өсіп, қауызы тола бастайды.
шығады 4 Барлық жан-жануар төлдейді,Мал өріскке жайылымға шығады. Бұтақтар бұршік жарады.
туады 2/ «Мекенін тап» ойыны ойната отырып, өз бетінше диолог құру
- Алдыларыңда сөздер мен сөз тіркестері жазылған қима қағаздар тұр өз жыл мезгілдеріңе қарай қатысты сөздердің мекенін тауып, үйге кіргізіңдер және осы сөздерді қатыстырып, өлең мәтіні бойынша өз сөздеріңмен диалог құр.
2/ Мәтінге қатысты қандай мақал айтуға болады 1/ Еңбек етсең емерсің
2/ Қыстың қамын жаз ойла т.б.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, жыл мезгілдері жайлы жұмбақ, мақал жазып кел. Қандай өлең, ертегі білесіңдер