?аза? тілінен ашы? саба? Н?тиже саба?


Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ Сынып: 9 «Б» Мерзімі: 11.12.2015 ж.
V Модуль: Қазақстан суретшілері Грамматикалық тақырып: Қалау рай
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың V модуль бойынша алған білімдерін тексеру, жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы жұмыс істеу арқылы білімдерін бақылау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жұппен жұмыс жасап, ой бөлісу, пікір алмасу, ортақ тұжырым шығару, сыни тұрғыдан ойлау, өткен тақырыпты өз бетімен саралай білу дағдыларын арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың жағымды көзқарастарын қалыптастыру, қазақ тілін үйренуге деген ынталарын арттыру, бір-бірінің пікірлеріне сыйластықпен қарауға үйрету.
Әдіс-тәсілдер: «Шаңырақ» әдісі, сәйкестендіру, жеке жұмыс, топпен жұмыс, сайыс, суретпен жұмыс
Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны тексеру сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тақта, бор, тапсырмалар қағазы, үлестірме кеспелер, суреттер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Кірікті
рілген модуль Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Сыни тұрғысы
нан ойлау
Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау
Сыни тұрғысы
нан ойлау
Диалог
тық оқыту
Оқу мен оқудағы жаңа тәсілдер
АКТ
Талантты және дарынды балаларды оқыту
«Шаңырақ» әдісімен тренинг өткізеді өткен материалды тексереді, топқа бөледі
Тілек айтқанда етістіктерді қандай мағынада қолдандыңдар?
Бағалау: мозайка қиындысы беріледі, сабақ соңында солардан сурет құрастырады. Жеңімпаз топ «Ұлы суретші» атанады.
Жоспар:
 
І – «Шаңырақ» 5
ІІ – «Кім жылдам?» 4 ұпай 10
ІІІ - Тест 4 ұпай10
ІҮ - Өзіндік жұмыс 4 ұпай 5
Ү - Сөз шебері 4 ұпай 5
ҮІ - Жеңімпаз «суретші» 5

Оқулықпен жұмыс
Кілті: 1-д, 2-в, 3-д, 4-а, 5-б, 6-б, 7-а, 8-д, 9-а, 10-б.
Кілті
Оның Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына қайта барғысы келді (ІІІ жақ). Біздің еліміздің туындыларын тағы да бір көргім келеді (І жақ). Мұражайларға жиі барғым келіп тұрады (І жақ). Сурет, картиналармен жақынырақ танысқым келеді (І жақ). Сенің сурет салғың келді (ІІ жақ).
Сәйкестендіру картасы. Кілті
Етістік Етістік түрі
Ұйымдастыр Бұйрық рай
Жырлағым келеді Қалау рай
Шабыттанса Шартты рай
Ерекшеленді Ашық рай
Игеру Тұйық етістік
Сипаттап кел Бұйрық рай
Бейнелегісі келді Қалау рай
Бағалау: жеңген топты құттықтау
Кері байланыс сұрақтары:
Топта жұмыс істеген ұнай ма?
Кімнің жұмысы ұнады? Неліктен?
Бірлескен жұмыстан не алдыңдар?
Үйге тапсырма:
Әдеби шығармаларынан қалау райдағы 10 етістіктерді тауып, талдап келу Оқушылар сәлемдеседі.
Тренинг «Бір шаңырақ астында» бір-біріне тілек айту
Сыныпты екі топқа бөлу
ІІ – «Кім жылдам?»
І-бөлім
Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
Етістіктің райларын ата.
Ашық рай мен шақтың байланысы қандай?
Шартты райлы етістік қалай жасалады? Мысал келтір.
Тұйық етістік қалай жасалады? Мысал келтір.
Етістіктің неше шағы бар?
Келер шақ қалай жасалады? Мысал келтір.
Өткен шақ қалай жасалады? Мысал келтір.
Бұйрық райлы етістігі бар мақалдар айт.
Қалау рай етістігін жаса.
Сөйлеу ( І жақ, өткен шақ)
Қалау рай етістігін жаса.
Жүгіру ( ІІ жақ, келер шақ).
Ашық рай етістігін жаса.
Санау ( ІІ жақ, келер шақ).
Қалау рай етістігін жаса.
Сыйлау ( ІІ жақ, келер шақ).
Бұйрық рай етістігін жаса. Септеу
Шартты рай етістігін жаса. Ойнау
Шартты рай етістігін жаса. Сағыну
ІІ-бөлім
Мұражай сөзіне фонетикалық талдау жасау
Өнер сөзін септеу
Меңгеру, үйрену етістіктерін қалау рай формасын жасау (үш жақта)
Меңгергім келеді, меңгергің келеді, меңгергісі келеді
Үйренгім келеді, үйренгің келеді, үйренгісі келеді
Көмектескім келеді, көмектескің келеді, көмектескісі келеді
«Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Тест

Өзіндік жұмыс.
Мәтінмен жұмыс. Қалау рай етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын ажыратыңдар:
Оның Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына қайта барғысы келді. Біздің еліміздің туындыларын тағы да бір көргім келеді. Мұражайларға анаммен жиі барып тұрамын. Сурет, картиналармен жақынырақ танысайық.
Сенің сурет салғың келеді.
Сәйкестендіру картасын толтыру
Бағалау: дұрыс нұсқасын беру арқылы
Етістік Етістік түрі
Ерекшеленді Бұйрық рай
Шабыттанса Қалау рай
Жырлағым келеді Шартты рай
Сипаттап кел Ашық рай
Игеру Тұйық етістік
Бейнелегісі келді Бұйрық рай
Ұйымдастыр Қалау рай
«Сөз шебері»
1-тапсырма Әр топ бір-бірімен ой бөлісіп, ортақ жауап жазуы тиіс.
1. «Әбілхан Қастеев - ....» сөйлемді жалғастырып, түсіндір.
2-тапсырма Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру:
1. Қандай өнер туындысы, суретте не бейнеленген?
2. Мемлекеттік өнер мұражайы дегеніміз не?