Презентация по физике Энергия.Энергияны? са?талу ж?не бір т?рден екінші т?рге айналу за?ы


25.11.2013 ж Тақырыбы: Энергия .Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы. Мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға энергия туралы толық мағлұмат беру. Энергия түрлерімен таныстыру және есептер шығару.ә) Дамытушылық: Оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін, белсенділігін дамыту.б) Тәрбиелік: оқушыларды өздігінен ізденуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, электрондық оқулық.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту (интербелсенді) тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі, сатылай кешенді талдау технологиясы. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Үй тапсырмасын пысықтау.Жаңа сабақты түсіндіру.Жаңа сабақты қорытындылау.Деңгейлік тапсырамалар орындау.Бекіту, бағалау.Үйге тапсырма беру . Үй тапсырмасын пысықтау: Реактивті қозғалыс дегеніміз не?Зымыран жайлы не білеміз?Ғарышты зерттеудегі қандай жетістіктерді білесіңдер?Қазақ ғарышкерлері жайында не білеміз?Байқоңыр айлағы қай елде орналасқан? Пысықтау есептерін тақтаға шығару. Қызығушылығын ояту.Бір жас бала данышпанға келіп айтыпты :«Мен өз өміріме қуаныш қабылдаймын» бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін. Данышпан – ол жас жігіттің алдына қасық, кесе, шам қойып «нені таңдайсың?» деп сұрапты.Қасықты – депті жас бала.Данышпан оны бес рет қайтала депті. Жасөспірім бес рет қайталайды.Міне көрдің бе? Бір күнде миллион есе қайталасаңда ол орындалмайды.Онда не істеу керек? Оған қолыңды созып алу керек. Сол үшін бүгінгі сабақта сендер өз білімдеріңді алып, практикада қолдануларыңды тілеймін. Мағынаны тану. Энергия дегеніміз не?Энергия дегеніміз – дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама. Кинетикалық энергия қозғалып келе жатқан дене энергиясы Потенциалдық энергия денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия ЕК = mv2 2 Еn =mqh немесе Еn=кх2 2 толық энергия:Еm=Еk+Еn=mv2 + mqh 2 1 тірек – сызба. Механикалық энергия: қозғалыс барысында материалық нүктенің күйі үздіксіз өзгеріп, бір күйден екінші күйге өтіп отырады. Осы дененің немесе материялық нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама Электрондық оқулықтан анимация тамашалау. Еk қозғалыстағы дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі бар. Еk жылдамдыққа тәуелді.Оның өзгерісі денеге әсер етуші күш атқаратын жұмысқа тең.А=∆Eκ; A=Eκ₂ −Eκ₁; A= mv₂І⁄2 − mv₁І⁄2Еn потенциалдық күштер әрекет еткен дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі Еn дене координаталарына тәуелді.Оның өзгерісі потенциалдық күштер атқаратын жұмысқа теңА=∆En; A=-(En1 − En2)=-(mgh1- mgh2) немесе A=-(En1 − En2)=-(kx 1І⁄2 - kx 2І⁄2 ) Энергия көздерін атаңдар? “ЭКСПО – 2017” көрмесі жайлы не білеміз? Көрменің мақсаты және негізгі тақырыбы қандай? Қорытынды: Тұйық жүйе құрайтын және бірімен-бірі бүкіләлемдік тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.Энергияның сақталу заңының мәнісі осындай Еm= Еk +Еn =constБірімен-бірі тартылыс және серпімділік күштері арқылы әрекеттесетін денелердің тұйық жүйесінің толық механикалық энергиясы өзгеріссіз қалады . Сабақты бекіту. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалдың тәрбиелік мәні мен физикалық мағынасын түсіндір. Физикалық мағынасы: білектің күшін түсіндіреді, ал тәрбиелік мәні білек күшіне сеніп, әлі жеткенге күш көрсетуге болмайды, тек ақылмен біліммен ғана жеңу керек. Жоғалмайды ешқашан,Түрлендірсең егер деБасқа күйге ауысса,Жұмыс істейді әрқашан.2.Тіршіліктің қамы үшін,Жоқшылықты түзейді.Егер іскер жан үшін, Жоқшылықты тежейді. Электрондық оқулықтан интерактивті тапсырмалар орындау.Деңгейлік есептер шығару.19-20 жаттығудың 1,2 есептерін тақтаға шығару.3. Оқушыларды бағалау. §22,23 .19-20-жаттығу.