Жа?а форматта о?ыту баяндама


Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстаннның болашағы-бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білімберсеңіздер,Қазақстан сол деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Әрбір мемлекеттіңболашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматттарбүгінгі мектеп оқушысы.Иә, қазіргі уақыт талабы оқушыдан көп нәрсені білуді қажететсе,ал мұғалім жан-жақты,кәсіби дайындығы терең,өз бойына жинақтаған білімінжастарға үйрете алатын маман болуы қажет. Ертеңгі келер күннің бүгінгі күннен нұрлыболуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән.
Қай елдің болсын өсіп өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білімжүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше қайталанбайтын кезең. Сондықтан да бастауыш сынып үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы.

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
«Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды.
Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы.Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.
Дәстүрлі оқыту әдістері оқушылардың мінез-құлқы,олардың уәжі, арман тілектері мен қызығушылықтары, дағдылары,оқу стильдері әртүрлі болатынына немесе әлеуметтік жағдайына онша көңіл бөле бермейді.Оқыту мен оқудың заманауи әдістері жоғарыда айтылған мәселелерге көңіл бөле отырып, біздің оларғақол жеткізудегі қажеттіліктеріміз оқудың сапасы мен көлеміне түбегейлі әсер ете алатындығын жітіназарға алады. МҰғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарына орындауға тиіс екені түсінікті, алайда оқушылар оқу үдерісінде өте аз үйренетін болса, жалғыз мұның ешбір мәні болмас еді. Пән бойынша Оқу бағдарламасының талаптарын орындап , сонымен қатар,оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлау қажет.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынай проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Сондай-ақ, «Бастауыш сынып пәндері бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау» тарауында бағалау және жоспарлау әдіс- тәсілдері анағұрлым толық қарастырылатын болады. Сонымен қатар педагогиканың түрлі аспектілері қарастырылады: қарым-қатынас жасау дағдылары белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу.
Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол мүмкіндік береді.
Мұғалімдер өз оқушыларының қызығушылықтары туралы білімдері мен бүкіл білім беру бағдарламасын ескере отырып, орындалатын жаттығуларды өзі таңдауға ерікті. Жаттығуларды оқушылардың мүдделері негізінде жоспарлау «оқушылар туралы хабардарлықты негізінде оқытуға» түрткі , ал бұл өз алдында саралауды қолдануға жол ашады. Мұғалім оқушылардың оқу үлгерімін бақылап, оларға мақсаттарына жетуге қолдау көрсетеді.Мұғалімдер үшін білім берудегі жаңа идеяларды талқылап , ол идеялар туралы ақпарат алмасуға мол мүмкіндік берудің маңызы зор.Осы Бағдарлама мұғалімдерге белсенді оқу жаттығуларына қатысып, бастауыш сыныптарды оқытуды тиімді жүргізуге ненің көмегі бар деген мәселе тұрғысынан кәсіби әңгімеге қатысуға мүмкіндік береді.Осы тәсілді қолдана отырып, мұғалімдердің дағдылары мен білімін арттыруға қол жеткізуге болады. Оқытуда осы қарым-қатынас тәсілін қолдану арқылы мұғалімдер барлық оқушылардың оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында көрініс тапқан оқу мақсаттарына жетуге ынталандыратын жаттығуларды қалай жоспарлауға болатынын көре алады.
Бастауыш сыныпта мұғалімнің рөлі оқушылардың үлгерімін қадағалап және есепке ала отырып, олар үшін «белсендіргіш» рөлін орындауға негізделеді. Оқу үдерісін жандандыру үшін мұғалімдер ынталандырғыш материал ұсынып, оқу үдерісіне таңдамалы түрде араласады. Осылайша оқушылардың бойында танымдық өзгерістердің орын алуына ықпал етеді. Сыныптан сыныпқа ауысқан сайын оқушылар анағұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін өз бетінше әрекет етуге үйрену керек.
Оқушыларға оқу жоспарындағы жаттығулар аямында көзделген оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін бірқатар педагогикалық тәсілдерді пайдалануға мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстары арқылы қолдау көрсетіледі.Критериалды бағалау моделі оқушылардың оқу мақсаттарына жетудегі ілгерілеуін анықтау үшін қосымша тәсілдерді пайдаланады.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді.Бұл бағалу түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстьырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшеленеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқуды өлшеу үшін және алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін ортақ тақырыптарын және белгілі бір кезеңін аятаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелерін оқушыларға кері байланыс беру үшін және оқу үдерісінің барысында ата-аналарға ақпарат беру үшін пайдаланады.