Презентация по казахскому языку Салт д?ст?рлер (7 класс)


Сабақтың тақырыбы: “Қазақ халқының салт-дәстүрлері” Мақсаттары: Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы мағлұмат беру. Жаңа сөздермен танысу арқылы білімдерін нығайту.2. Мәтіндердегі жаңа сөздер арқылы оқушылардың тілдік қорларын молайту. Жаттығу жұмыстарын орындату барысында таза сөйлеуін, сауатты жазуын дамыту. Ізденімпаздық қабілеттерін арттыру.3. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге, ізгілікке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу. Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда “балаңыздың бауы берік болсын” дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. Шілдехана – өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі. Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге жіберіледі. Шілдехана «Баланың қырқынан  шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан балаға ат қойып, бата беруді өтінеді». Әдетте  баланың туғанына  қырық күн толған соң оны ыдысқа  қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің  киіміне  матаға  орап тігіп қояды. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.              Баланы қырқынан  шығарудың тағы бір ерекше  маңызы бар. Қырық күннен кейін сәби ширап, көз тоқтатады, құбылыс, дыбысты сезе бастайды. Қырқынан шығару салты міне, осыған  байланысты шығып,  ол сәбидің жан жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне  деген ақ тілектен  шыққан.             Осы жерде « қырқы» деген сөзге мән беру керек.  Қайтыс  болған адамның да «қырқы» беріледі. Бірақ баланы «қырқынан  шығарылды» деп, өлген адамға «қырқы берілді» деп  атайды. Мұны шатастыруға болмайды. Бала тәлімі мен тәрбиесіне  қатысты ырымдар мен кәделер де бар. Қырқынан шығару Бесіктің  сәби денсаулығына, тазалығына  пайдасы  өте зор. Бесіктегі  сәбидің  бойы, қол аяғы түзу, ширақ болады. Сондай-ақ бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен  ыстықтан  да қорғайды. Пәле-жаладан  сақтасын деп ырымдап,   оған тұмар, бүркіт  тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі  сияқты  заттар  тағып қояды. Бесік  ағаштан,  негізінде талдан  иіп  жасалады. Себебі тал басқа  ағаштай   емес иілмелі  морт сынбайды, құрт түспейді, жат иіс болмайды. Бесіктің  мынадай  құрал-жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау, тартбау т.б. Бесікке салу Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсіндеген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк жіптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды. Тұсау кесер Еркек баланы тақ жасында яғни 3, 5, 7 жасында сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерінде ғана емес, басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу – үлкен рәсім. Ол - әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің «сүндет тойы» деген сияқты жөн жоралары болады, «қайырлы, құтты  болсын» айтылып, шашу шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдаларға ғана тапсырылса, қазір оны дәрігерлер  де жасай береді. Бұрынғы кездеауқатты адамдар баланы сүндеттегенде үлкен той жасаған. Оны «сүндет тойы» деп атайды. Бұл дәстүр оңтүстікте әлі де сақталған. Сүндет той Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы жеті жасқа толған соң медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той жасайды. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды, «ғалым бол», «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп, бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағамдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын-жуық адамдар баланың ата-анасына құтты болсын айтып, балаға сәт-сапар тілейді. Тілашар «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата-ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсіруі және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны, әрине қимастық көңілі. Қыз ұзату «Көтерілген отауың құтты болып, ұзақ жасап ішінде сүйсін жарың» (Қыз Жібек). Ұлтымыздың мәдениетінде «отау көтердің» деген сөз бар. Ол «үйлендің, жұпты болдың» деген мағынаны білдіреді. Демек, үйленумен бірге отау көтеруге тиіс. Әдетте ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата-ана алдымен отау дайындайды. Отау алғаш тігілгенде оны құрметті әрі елге сыйлы аналар бастайды. Шаңырақты да бақанға ақ мата байлап, ел ағалары көтереді. Отқа май құйылады, «босаға майлау» жасалады. Алғашқы дастархан жайылып, оған мол тағам жасалады.Кіргендер шашу шашып, «құтты болсын», «іші жанға,сырты малға толсын» деген тілекпен қуанышын білдіреді. Жақын туыстар отауға көрімдік әкеліп, мал атайды, бағалы мүліктер сыйлайды. Үйлену тойы Нәресте – сәби, балаШілдехана – нәрестенің тойыКиелі – қасиетті, ұлықКәде – сыйлық, сый, шашуТұсау кесу – баланы тез жүрсін деген тілек, ырымСүйінші – қуанышты хабарға сыйҚаз тұру – аяғына тұру Жаңа сөздермен жұмыс Шілдехана тойында дастархан жайылады, әрі жастар домбыра тартып, ән салады.2. Сүндетке отырғызу VII-VIII ғасырларда араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына таралған.3. Бесікті көбінесе баланың нағашы жұрты жасайды, себебі онда үрім-бұтағым, өрісім көп болсын деген ой-пікір көзделген. Сөйлемдерді талдаңыз Қыз ұзату «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата-ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсіруі және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны, әрине қимастық көңілі. Сүндет той Еркек баланы тақ жасында яғни 3, 5, 7 жасында сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерінде ғана емес, басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу – үлкен рәсім. Ол - әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің «сүндет тойы» деген сияқты жөн жоралары болады, «қайырлы, құтты  болсын» айтылып, шашу шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдаларға ғана тапсырылса, қазір оны дәрігерлер  де жасай береді. Бұрынғы кездеауқатты адамдар баланы сүндеттегенде үлкен той жасаған. Оны «сүндет тойы» деп атайды. Бұл дәстүр оңтүстікте әлі де сақталған. Тілашар Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы жеті жасқа толған соң медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той жасайды. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды, «ғалым бол», «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп, бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағамдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын-жуық адамдар баланың ата-анасына құтты болсын айтып, балаға сәт-сапар тілейді Салт дәстүрге не жатпайды:a) үйлену тойыb) шілдеханаc) қыз қууd) бесікке салу Тест сұрақтары 2. Сөйлемнің түрін анықтаңыз?“Күйеу жігіттің әке-шешесі болашақ келіннің ата-анасына келеді, әрі тойдың барысы жайлы келіседі.”а) себеп-салдарb) ыңғайласc) қарсылықты d) кезектес 3. Бесікке салу деген не?а) ұлттық ойынb) салт-дәстүрc) тұрақты тіркесd) сөз тіркесі 4. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңыздар.а) біресе, кейде, бірде b) не, немесе, яғниc) себебі, өйткені, неге десеңd) бірақ, алайда, ал 5. Беташар рәсімі қай кезде жасалады?а) сүндет той b) бесікке салуc) үйлену тойыd) ұзату тойы 6. Ыңғайлас салалас сөйлем қандай жалғаулықтар арқылы жасалады?а) алайда, біресе, жәнеb) себебі, өйткені, әріc) және, әрі, да, деd) не, немесе, яғни 7. Баланы неше жаста сүндеттейді?а) жұп жастаb) тақ жастаc) айырмашылығы жоқ “Қазақ халқының салт-дәстүрлері” тақырыбына шағын шығарма жазып келу. Үйге тапсырма Жаңа жылдарыңызбен, құрметті әріптестер!!!