Мектепті? ата-аналармен ?арым-?атынасын дамыту


Жоба тақырыбы: «Мектептің ата-аналармен қарым-қатынасындамыту. Ата-аналар мектебі»Мұғалім: Капанова Ж.К., Мазмұны: І. КіріспеІІ. Негізгі бөлім Мектептің ата-аналармен қарым- қатынасын дамыту; Ата-аналар мектебіІІІ. Қорытынды бөлім Мақсаты:Тәрбие жұмысының өзекті мәселелеріне ата-аналар назарын аудару, мектеп-отбасы тәрбие жұмыстарын дамыту Міндеті:1.Баланың жас және даму ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жүйелендіру;2. Ата-аналар қауымын, жұртшылықты мектеп өміріне, мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарға белсенді қатысуға тарту, оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне ықпал ету;3. Оқушылардың туған жерін,елін,мәдениетін,тарихын,салт- дәстүрлерін сүюіне және құрметтеуіне,әлем мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсінуіне, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарай білуіне ықпал ету «Адамның адамшылығы – ақыл,ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» Абай Кіріспе Тәрбие процесінің табыстылығы педагогтер, оқушылар мен ата-аналар арасында орнаған қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Ата-ана мен педагог алдында тұрған міндет ортақ болғандықтан, олардың арасындағы одақ неғұрлым берік болған сайын тәрбие нәтижесі де соғұрлым табысты бола түспек. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлігі болып табылатындықтан, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік те мектеппен бірдей болуы тиіс. Бала тәрбие әліппесін отбасында алатындықтан өркениетті қоғамға қол жеткізудегі әрбір шара отбасындағы өмірді ұйымдастырудан бастау алады. Салауатты отбасы ғана дені де тәні де сау ұрпақ тәрбиелей алады. Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Ендеше, баланың өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ананың көмегімен отбасында қаланып, мектеп қабырғасында жалғасын табады. Негізгі бөлім Мектеп және отбасы арасындағы қарым-қатынас Ата-аналар комитетіАта-аналар жиналысыАта-аналарға арналған лекторийлерАшық есік күндері,есеп беру жиналыстарыМұғалімдердің ата-аналармен бірлескен еңбегін,демалысын ұйымдастыруАта-аналарға арналған тақырыптық конференцияларМектеп әкімшілігінің ата-аналардың өкілімен кездесуіАта-аналардың қамқоршылық кеңестері Ата-аналармен жұмыс жүйесіПедагогикалық,психологиялық білім көтеруЖеке тақы рыптық кеңес беруПедагог білім универ ситетіДәрістер,семинар,коучингтерШығар машы лық топтарАта-аналармен қоғамдастықты, оқу-тәрбие үрдісін құруАта-аналар жиналы сы,ашық сабақ,іс-шараҮйірме, секция, клуб жұмыста рына қатысуМатери алдық базаны кеңейту ге қатысуАта-аналар патрулін құруАта-аналарды мектептегі басқаруға қатыстыру«Девиант ты» бала тәрбие сіне көмек тесуМектеп кеңесі, сынып кеңесі, ата-ана кеңесіҚоғам дық бақы лау комите тіОтбасы мен мектеп әрекет тесу кеңесі Ата-аналар мектебі1. Білім беру ұйымындағы ата-аналар мектебі – ата-анлар қауымдастығының,кеңестерінің,комитеттерінің,қорларының қызметін үйлестіруші және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жұмысына тікелей атсалысатын,ата-баба дәстүрін насихаттаушы ата-аналар жұртшылығы өкілдерінің қоғамдық бірлестігі,одан әрі «Ата-аналар мектебі».2. «Ата-аналар мектебі» білім беру органдарының ата-аналар жұртшылығымен бірге жергілікті өкілетті органдар,қоғамдық ұйымдармен әлеуметтік әріптестік жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды дамыту,жүзеге асыруға ықпал жасау мақсатында құрылған ұйым.3. «Ата-аналар мектебі» қоғамдық бірлестігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конститутциясын, «Білім туралы» Заңын, жас ұрпақты тәрбиелеу қызметіне қатысты және ата-аналардың ролін арттыру жөніндегі өзге де нормативтік заңнамалық құжаттарды басшылыққа алады. Ата-аналар мектебінің негізгі міндеттері1. Тәрбие жұмысының өзекті мәселелеріне ата-аналар назарын аудару,мектеп-отбасы тәрбие жұмыстарын дамыту;2. Баланың жас және даму ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жүйелендіру;3. Ата-аналар қауымын,жұртшылықты мектеп өміріне, мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарға белсенді қатысуға тарту,оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне ықпал ету;4. Оқушылардың туған жерін,елін,мәдениетін,тарихын,салт- дәстүрлерін сүюіне және құрметтеуіне,әлем мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсінуіне, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарай білуіне ықпал ету Қорытынды Мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие процесі өз жұмысының нәтижесін бере бастайтыны анық. Қоғамдық тәрбие нышандары жанұядан бастау алады. Бала өмірге келген күннен бастап оның тәрбиесіне ата-анасы, оны қоршаған жақындары, көршілері, дос-жарандары және т.б. ықпал етеді. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап оның өмірінде жаңа кезең басталады, құндылықтарға деген көзқарасы мен қатынасы өзгереді. Бұл кезеңде ата- ананың жауапкершілігі арта түседі, ол баласы мен мектеп ұжымы арасындағы қарым-қатынастан, баласының жаңа ортадағы тыныс-тіршілігінен хабардар болуы тиіс. Бала мен мектеп арасындағы байланыс сынып жетекшісі мен ата- ана ортасында тығыз ынтымақтастық орнаған кезде сәтті болмақ. . Мектеп педагогтері отбасының жақсы тәжірибесіне сүйенеді, оны тәрбие процесінде оң үрдістерді күшейтуде және теріс үрдістерді тегістеу үшін қолданады. Оң бағытты қарым-қатынастағы басты әрі шешуші шарт – мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы сенімге құрылған серіктестік байланыс болып табылады. Ең бастысы байланыс орнатуда ата-аналарда тәрбие процесіне қызығушылықтың тууы, жетістікке жету қажеттілігі, өз күштеріне сенімді болуы маңызды. Ата-аналар белсенділерінің тек өз баласының ғана емес, барлық сынып тәрбиесіне қатысуы осындай педагогикалық өзара қарым- қатынас нәтижесі. Сонда ғана мектепте және сыныпта ата-аналардың атсалысуымен өткізілетін ұжымдық іс-шаралар өз мәресіне жететін болады. Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді қорыта келе айтарымыз, мектеп пен отбасы, ұстаз бен ата-ана арасында ынтымақтастық орнатып, жемісті жұмыс жасау – бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі.  Күтілетін нәтиже Ата-анамен жүргізген жұмыстар нәтижесінде, білім алушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, толеранттық және рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастыруда; жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті; тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді; бала тәрбиесінде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, жастарды салауатты отбасын құруға дайын болады. Ата-аналар қауымы мектеп өміріне, мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарға белсенді қатысады,оқушылардың өзін-өзі басқаруы қалыптасады.Оқушылар туған жерін,елін,мәдениетін,тарихын,салт-дәстүрлерін сүюге және құрметтеуге,әлем мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсінуге, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарай білуге үйренеді.Өздігімен білім алуды және өзін-өзі жүзеге асыруды, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға отбасы институтының саналы түрде қатысуын қамтамасыз етеді. Сонымен, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімде болады. «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптасады.