Жас мамандарды? мектеп ?жымына бейімделу ма?сатында ж?ргізілген тренинг


Жас мамандардың мектеп ұжымына бейімделу мақсатында жүргізілген тренинг
Амандасамыз
Жаттығу барысы; қазір біз өте тез қимылдайтын ойын ойнаймыз.
Ең алдымен барлығымыз бөлме ішінде үнсіз қалыпта қозғалысқа түсеміз. Мен шапалақ соғу арқылы белгі берген кезде өте шапшаң қимылмен бір-бірлеріңізбен амандасуларыңыз қажет. Қалай амандасу керек екендігін мен айтып тұрамын. Әр кезде әр түрлі адаммен амандасу қажет. Ендеше бастайық, көзбен амандасу, қолмен ..., иықпен..., құлақпен..., тіземен..., маңдаймен..., өкшемен.., арқамен. (3 минут)
«Фоторобот» ойыны.
Бір жұп мұғалім ортаға шығып 30 секунд ішінде бір-біріне бастан аяқ қарап, теріс айналады. Мұғалімдердің міндеті жұбына сипаттама беру. Жұптарынан өзі туралы толық мәлімет беру сұралады. Ойын осы тәрізде жалғасып барылады. (5 минут)
«Шығармашылық» сезімді суреттеу , ойыны
Мұғалімдерге 2 шумақ өлең оқылады. Қатысушылардың міндеті қолдарына берілген қаламмен қағазға оқылған өлеңнің мағынасын сызып. Ортаға шығып оқып беру қажет. (3 минут)
Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
«Анашым » -деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүрегім
Сергіту сәті. «Кольцо» ойыны
Мұғалімдер дөңгелек тәрізді, қол ұстасып тұрады. Кольцо беріліп қол ұстасқан тәрізде кольцоны айналтырып шығу керек. (3 минут)