8-сынып Квадрат те?деуді? т?бірлерін табу саба? жоспары


Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ
Математика, физика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар:
«Физика, математика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны тиімді қолдану»
Тақырыбы:
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары

Алгебра 8 сынып
ax2+bx+c=0

Пән мұғалімі: Айтказинова Лаура Габдуллаевна
Өскемен қаласы,
2014 жыл
Сабақтың түрі: топтық, қайталау сабағы
Сабақтың типі: меңгерген білімді тексеру
Сабақтың формасы: білімді бекіту, жинақтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:квадрат теңдеулердің түбірлерін табу тақырыбы бойынша алған білім, іскерлікті практикада қолдану, жинақтау, жүйелеу;
Дамытушылық: ой-өрісін, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару іскерліктерін дамыту, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.Белсендігін көтеруге , ойлау қабілетін арттыруға , өз ойын жүйелеуге , тез шешім қабылдауға ұқсастықты , қарама-қайшылықты байқауғадағдыландыру
Тәрбиелік: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, өзара жолдастық көмек көрсете білуге, ойын тиянақты дәл айта білуге үйрету, шапшандыққа тәрбиелеу. Ұжым намысын қорғай білетін, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу. Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге ,үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру: сынып бөлмесінің, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар шаттық шеңберіне шығады. «Жүректен-жүрекке» жылы лебіз білдіріп, оқушыларды топқа бөлеміз.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру:
А) «Көршінің бағасы»
№133 1(-1; 0,2); 2(-1; -3/7); 3(5/8; -1/2); 4(1; -11/7); 5(1/2; 11/14); 6(-1; -1/23); 7(-2/7; 1/7); 8(2; 8/3)
Б) Дұрыс жауапты тап (тақтада көрсетілген шарларда квадраттық теңдеуді тауып, коэффициенттерін ата. Дұрыс тапсаң шар жоғары көтеріледі)
Бұл бөлімнің мақсаты оқушылардың өткен сабақта алған білімдерінің нәтижесін көру. Бөлім ішінде әрқайсысы «5» ұпаймен бағаланады. Оқушылар жұмысты өзара тексереді.
ІІІ. «Жалғасын тап..» (тақтада көрсетілген мақалдардың жалғасын тауып, астында берілген тапсырманы орында)
1-топ «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» (№135 (1))
2-топ «Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды» (№135 (2))
3-топ «Жалқаудың екі досы бар, бірі-күлкі, бірі-ұйқы» (№135 (3))
Бөлім мақсаты өткен сабақта теориялық алған білімін практикада өз бетімен қолдана алу. «5» ұпаймен бағаланады. Оқушылар жұмысты өзара тексереді.
ІV. «Құстар біздің досымыз» (берілген теңдеулердің ішінен квадрат теңдеулерді көрсетіп, шешімін дұрыс тапсаңдар, құс ұшып кетеді)
(x-5)2+4x=25 (0; 6)
6x(0,5+3x)-15x2=0 (0; -1)
(x+6)(x-7)=-x+7 (7; -7)
(4-x)(4+x)=x2-2 (3; -3)
x2-14x+49=0 (7)
x2+2x-24=0 (4; -6)
4x2+x+1=0 шешімі жоқ
x2-9x+22=0 шешімі жоқ
Мақсаты топпен теңдеуді шеше отырып, ұйымшылдыққа бағыттау.
Бөлім «5» ұпаймен бағаланады. Оқушылар өздерін-өздері бағалайды.
V. «Талпыныс жақсы іс». Топтарға деңгейлік тапсырмалар беріледі.
топтар А деңгейі В деңгейі С деңгейі
І топ 5x2+4x-1=0 3x2+x4- 2-7x5=3x2+1710x2 + (x)2-6 = 0
ІІ топ 3x2+10x+7=0 4x2+x3- x2+179=5x-16x2+3(x)2 – 4 = 0
ІІІ топ 16x2-2x-5=0 (x+3)25+1-(3x-1)25=x(2x-3)2-6(х)2 +8 = -х2Мақсаты деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып оқушылар өз деңгейлерін бақылай алады. Бөлім «5» ұпаймен бағаланады. Оқушылар өздерін-өздері бағалайды.
VI. Бекіту.
а) Математикалық диктант.
Квадрат теңдеудің жалпы формуласы_____________________ (ax2 + bx + c = 0)
ax2 + bx = 0 теңдеуі _____________________ деп аталады (толымсыз квадрат теңдеу)
Егер толық квадрат теңдеудің бірінші коэффициенті бірге тең болса, квадраттық теңдеу ______________________ деп аталады (келтірілген)
Квадраттық теңдеудің екі шешімі болады, егер _____________ (D>0)
Екінші коэффициент жұп сан болғанда квадрат теңдеудің дискриминанты __________ формуласымен есептелінеді (D = n2–ac)
б) Математикалық тест
1. Квадрат теңдеудің жалпы формуласын жаз:
А) ах2+bx+c=0
Б) a2x+bx+c=0
В) ax+b=0
Г) ax3+bx2+c=0
2. ах2+bx=0 түріндегі квадрат теңдеу түрін көрсет
А) келтірілген
Б) толық
В) толымсыз
Г) квадрат теңдеу емес
3. Егер толық квадрат теңдеудің бірінші коэффициенті бірге тең болса квадрат теңдеу қалай аталады?
А) келтірілген
Б) толық
В) толымсыз
Г) квадраттық теңдеу емес
4. Квадраттық теңдеудің екі шешімі болады, егер
А) D=0
Б) D<0
В) D>0
Г) екі шешімі болмайды
5. Екінші коэффициент жұп сан болғанда квадрат теңдеудің дискриминантын есептеу формуласы:
А) D=b2-4ac
Б) D=n2-ac
В) D=b2
Г)D=n2 -2ac
6. Квадрат теңдеудің дискриминанты нөлден кем болса
А) екі шешімі болады
Б) бір шешімі болады
В) шешімі болмайды
Г) үш шешімі болады
7. Квадрат теңдеудің өзара тең екі шешімі болады, егер:
А) D=0
Б) D>0
В) D<0
Г) шешімдері тең бола алмайды
8. Егер b=0 немесе c=0 болса, онда квадрат теңдеу
А) толымсыз
Б) толымды
В) келтірілген
Г) түбірі жоқ
9. Қандай жағдайда квадрат теңдеудің шешімі болмайды?
А) толымсыз
Б) b=0
В) с=0
Г) D<0
10. D=n2-ac формуласын қандай квадрат теңдеуге қолданамыз?
А) толымсыз квадрат теңдеу
Б) екінші коэффициенті жұп болса
В) келтірілген квадрат теңдеу
Г) c=0 жағдайында
VII. Үйге тапсырма.№138, №139
VIIІ. Рефлексия. Оқушылар алдарында жатқан алақандардан өздеріне қажет саусаққа сақина салады. Салған сақинаға сәйкес оқушының сабақтан шыққандағы көңіл-күйін байқаймыз.
IX. Бағалау. Оқушылардың бағалау парағы арқылы бағаланады.