Microsoft Excel кестесінде диаграммалар т?р?ызу



МS Excel кестесінде диаграммалар тұрғызу
Өрнек - бұл Excel бағдарламасы орындайтын жазылған есептеулер. Сіз ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны есте сақтап қалады, бірақ есептеу нәтижесі ғана көрініс табады.Excel бағдарламасында өрнектердің барлығы «=» тендік таңбасынан басталады. Сол өрнектерді салыстырмалы түрде ұсыну үшін Диаграммалар шебері пайдаланылады. Диаграмма шеберін
экранға шығару үшін мына командалар тізбегін құрамыз:

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді.
Оларға түсініктеме мәтін, тақырыптар және т.б. қосуға болады.

Диаграмма-бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.
Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100 % -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Дөңгелек диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.
Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын шамалардың мазмұнымен анықталады. Біз қарастырған мысалда бағанның биіктігі отбасының бір аптадағы азық-түлік және өндіріс тауарлары шығындарының ақшалай мөлшерімен анықталады. Әрбір қатар тірек нүктесімен байланысқан. Біздің жағдайда тірек нүктесі аптаның бір күніне сәйкестендірілген.
График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандағы өзгерістерін бақылап мотыруға ыңғайлы. Гистограммадан айырмашылығы, баған орнына олардың биіктігі (квадратпен, ромбымен) белгіленіп көрсетіледі және алынған белгілер түзу сызықпен қосылады.
Диаграмманы құру үшін:
диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;
диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;
Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;
Диаграмма шебері диалогтік терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;
Келесі қадамға өту үшін «Далее» (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;
Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады, онда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды;
Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.

а) Бос орындарға диаграмма түрлерінің атауын жазу.
2913490629340
3073594-4362

Жауабы:
ГРАФИКААИДРАММАГОТСИГАММАНЛЫҚИҚАСОРМУЛАЖОЛЫТРЕВКАЛЬҢЫЗЕСТЕЛІК
Диаграммалар – бұл деректерді сызбалық түрде ұсыну амалы болғандықтан, диаграмманы бетке кірістіруге немесе жеке бетте орналастыруға болады.
Диаграмманың көмегімен анық дәл кез-келген мәліметтерді салыстырмалы түрде көруге болады. Ол үшін деркеті бөлектеп алып, шебердің бірінші қадамында диаграмманың түрін және оның көрінісін таңдап алады. Екінші қадамында деректер көзінің ауқымын өзгертуге болады. Үшінші қадамында диаграмма параметрлерін баптайды. Төртінші қадамда орналастыру орнын таңдап, Дайын дегенді шертеді. Көрсетілген диаграммаларды қағазға басып
271526071755шығару үшін:
222256350