Конспект MS Excel кестесінде диаграммалар т?р?ызу



Сабақтың тақырыбы: МS Excel кестесінде диаграммалар тұрғызу. Диаграмманың түрлері.
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушыларды MS Excel электрондық кестесінде диаграмаларды қолдану жолдарымен таныстыру. Электрондық кестенің мүмкіндіктерін пайдаланып, бағандардағы, жолдардағы мәндерді дұрыс есептей отырып, диаграмалардың түрлеріне сипаттама беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және түрлі диаграмаларды салыстыра отырып қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зертханалық- машықтану сабағы
Сабақтың әдісі: Оқытудың компьютерлік технологиясы
Пән-аралық байланысы: математика, сызу, арнайы пәндер
Сабаққа қажетті материалдар: ДК, Microsoft Office Excel 2007, 2013 бағдарламасы, интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, Activpen қаламы, зертханалық жұмыстар жинағы, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Өткен сабақты қайталау
а) Sin Kaz электрондық оқулығында тапсырмаларды орындайды.
ә) Сұраққа жауап беру.
Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?
Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналастыру үшін не істейміз?
Деректерді сақтау және қорғау үшін қандай амалдар орындаймыз?
Формула қандай символмен басталады?
Автосумма деген не?
Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команда қолданамыз?
Ұяшықтар адресін түсіндір
Бағандар мен жолдар қалай ерекшеленеді?
Логикалық операторының ерекшелігі
Салыстыру амалдарын қай салада қолдануға болады?
3. Жаңа сабақ
«МS Excel кестесінде диаграммалар тұрғызу. Диаграмманың түрлері».
Өрнек - бұл Excel бағдарламасы орындайтын жазылған есептеулер. Сіз ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны есте сақтап қалады, бірақ есептеу нәтижесі ғана көрініс табады.Excel бағдарламасында өрнектердің барлығы «=» тендік таңбасынан басталады. Сол өрнектерді салыстырмалы түрде ұсыну үшін Диаграммалар шебері пайдаланылады. Диаграмма шеберін
экранға шығару үшін мына командалар тізбегін құрамыз:

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді.
Оларға түсініктеме мәтін, тақырыптар және т.б. қосуға болады.

Диаграмма-бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.
Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100 % -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Дөңгелек диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.
Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын шамалардың мазмұнымен анықталады. Біз қарастырған мысалда бағанның биіктігі отбасының бір аптадағы азық-түлік және өндіріс тауарлары шығындарының ақшалай мөлшерімен анықталады. Әрбір қатар тірек нүктесімен байланысқан. Біздің жағдайда тірек нүктесі аптаның бір күніне сәйкестендірілген.
График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандағы өзгерістерін бақылап мотыруға ыңғайлы. Гистограммадан айырмашылығы, баған орнына олардың биіктігі (квадратпен, ромбымен) белгіленіп көрсетіледі және алынған белгілер түзу сызықпен қосылады.
Диаграмманы құру үшін:
диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;
диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;
Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;
Диаграмма шебері диалогтік терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;
Келесі қадамға өту үшін «Далее» (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;
Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады, онда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды;
Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.

4. Оқушының білімін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру және бекіту (пысықтау):

а) Бос орындарға диаграмма түрлерінің атауын жазу.
2913490629340
3073594-4362
Ә) Бүгінгі сабақ тақырыбымен байланыстырылған сөзжұмбақты шешу

Жауабы:
ГРАФИКААИДРАММАГОТСИГАММАНЛЫҚИҚАСОРМУЛАЖОЛЫТРЕВКАЛЬҢЫЗЕСТЕЛІК
5. Сабақты қорытындылау:
Диаграммалар – бұл деректерді сызбалық түрде ұсыну амалы болғандықтан, диаграмманы бетке кірістіруге немесе жеке бетте орналастыруға болады.
Диаграмманың көмегімен анық дәл кез-келген мәліметтерді салыстырмалы түрде көруге болады. Ол үшін деркеті бөлектеп алып, шебердің бірінші қадамында диаграмманың түрін және оның көрінісін таңдап алады. Екінші қадамында деректер көзінің ауқымын өзгертуге болады. Үшінші қадамында диаграмма параметрлерін баптайды. Төртінші қадамда орналастыру орнын таңдап, Дайын дегенді шертеді. Көрсетілген диаграммаларды қағазға басып
271526071755шығару үшін:
222256350

6. Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы, жаңа сабақ, компьютерде орындаған тапсырмаларына қарай бағалау.
7 .Үйге тапсырма беру: Үйге бүгінгі тақырыпты оқулықтан оқып келу және Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің санын көрсетіп, диаграммасын сызып келу. О.Камардинов «Информатика» Шымкент 2000ж. 200-208 беттерден толықтыру.
Қолданылатын әдебиеттердің тізімі:
О. Камардинов «Информатика», -2000 ж.
М.К.Байжұманов, Л. Жапсарбаева «Информатика», Астана-20004 ж.
Р. Бекмолдаева, Р. Джеренова «MS Excel» Лабораториялық жұмыстар жинағы», Ш-2000 ж.
Н.Т.Ермеков «Ақпараттық технология», Астана – 2007 ж.
Е. Балапанов, Б. Бөрібеков «Информатикадан 30 сабақ», А-1999 ж.