Бастауыш пен баяндауышты? арасына ?ойылатын сызы?ша та?ырыбына арнал?ан жатты?у ж?мысы


Сыныбы: 8 «в» , қазақ тілі
Мерзімі: 24.10.2015
Пән мұғалімі:Умбеталиева С.Н.
Тақырыбы: Жаттығу жұмысы (бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша тақырыбына)
Сабақтың мақсаты:а) Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын түсіндіру, теорияны практикамен ұштастыруға үйрету, СКТ пайдалана отырып білімдерін кеңейту;ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу;б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдісі: «Қарлы кесек», тіл дамыту, түсіндіру, талдау, СКТ, жеке оқушымен жұмыс.Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Үй тапсырмасын сұрау1)42 – жаттығудың жалғасы.
2)СКТ.
3)«Қарлы кесек» әдісін пайдаланып ережелерді пысықтаймын.Жаңа сабақБастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына қарай және интонация арқылы байланысуына қарай мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады:
БастауышБаяндауышМысалдарЗ.е З.е Ұстаз – ұлағатты есім.
ЕсімдікЗ.е Бұл – біздің ауыл.
Есімше тұлғалы етістікЗ.е Келген – Ажар.
Заттанған Сан.еЗ.е Алты – жұп сан.
Сан.еСан.еБес жердегі бес – жиырма бес.
Тұйық етістікЗ.е Іздену – білімпаз болудың  басты шарты.
Бір сөз Бір сөз Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.
Сан.е(Тұрлаусыз мүше) Жиырма –төртке бөлінеді.
Жаттығумен жұмыс:
43 - жаттығу.Көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау жасау.
Жауынгер Рақымқұлов бекінген сарайды немістің үш автоматшысы қоршап алды. «Енді ешқайда қашып құтыла алмайды. Қолға түсті деген – осы»,-десті олар сеніммен. Сол кезде фашистер оның амалын тауып сарайдан шығып, еңбектей жылжып бара жатқанын көрді. Фашистер оған бұқпантайлап жақындап келді де, аңырып тұрып қалды. Қолға түсірдік дегендері ішіне сабан толтырылған фуфайка болып шықты.
Рақымқұлов болса, бұл кезде басқа бір құрылыстың тасасына жасырынып үлгеріп еді. Ұзын жіп байланған фуфайканы белгілі бір жерге дейін сүйретіп келіп, тастап кеткен. Фашистер түкке түсінбей, фуфайкаға қарап тұрғанда, Рақымқұлов үшеуін де жер жастандырды.
Топтық жұмыс «Ойлан –Топтас -Талқыла!»
Тапсырмалар:
А)Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімненӘ)Бастауыш сілтеу еісдігі немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есім болатындай мысал құрау
А)Бастауыш заттанған сын есім, сан есім және есімшеден, баяндауыш зат есімнен болатындай етіп 3 мысал құрау
Ә) Сан есімнен болған бастауышты сан есімнен болған тұрлаусыз мүшеден ажырату үшін жасалатындай етіп сөйлем құрау.
А)Бастауышы да , баяндауышы да бір сөзден болатындай етіп мысал құрау.
Ә)Бастауыш пен баяндауышты салыстыру.А) Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болатындай немесе керісінше;
Ә) Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болатындай етіп сөйлем құрау.
Талдау. Жеке жұмыс
А) Төрт топтан  төрт адам шығып , сөйлемдерге   синтаксистік   талдау жүргізеді.
Күрең ат- Бөжейдің қыс мінетін аты.
Олардың біразы — майданнан келгендер, біразы- жергілікті қазақтардан құралғандар.
Жәукеңнің қызы — үлгілі қыз болды.
Өзі бір тәжірибелі адам көрінеді.
Жинақтау.Жұптық жұмыс — Семантикалық кестені толтыру      
МысалдарБастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімненБастауышы- зат есім, баяндауышы-
заттанған сын есімненБастауышы -тәуелденген зат есім, баяндауышы-тәуелденген зат есімненБастауышы да , баяндауышы да бір сөзден Бастауышы заттанған сын есім, баяндауышы
Зат есімненЕр дәулеті- еңбек Көз- қорқақ, қол батыр Ердің айнасы — еңбегі Жалқау кісі- жарым кісіЕріншек- елдің мазағы Еңбек адамның екінші анасы Үйге тапсырма: 44-жаттығу.Жаман-сыйлағанды білмес. Сөйлемге СКТ.Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарына қарай бағалаймын.