Ашы? саба?: Теріс сандарды ?осу


Математикадан қысқа мерзімді жоспар.
Сыныбы: 6 «Ә» . Күні 26.10.2016 ж.
Тақырыбы: Теріс сандарды қосу
Мақсаты Білімділік: Теріс сандарды қосуын үйрету .
Дамытушылық: Есеп шығару қабілеттерін дамыту. Өз бетінше еңбектену
белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке,
бір – біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Екі теріс санның қосындысы қалай табылатынын біледі.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Ресурстар Тақта,бор, көрнекіліктер
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Топтық жұмыс» әдісі, «Сиқырлы доп» әдісі
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату үшін, оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілейді.
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Қызығушылықты ояту. 10 минут
Өткен сабақты пысықтау
1.Теріс сандар қандай таңбамен жазылады?
2.Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?
3.Нөл саны оң сан ба?
4.Екі санның қатынасы дегеніміз не?
5.Пропорция дегеніміз не?
6. Пропорцияның негізгі қасиетін айтып беріңдер?
7. Қандай шамалар тура пропорционал шамалар деп аталады?
8.Тура пропорционалдық әріптермен қалай жазылады?
9.Тура пропорционал шамаларға мысал келтір.
10.Қандай шамалар кері пропорционал шамалар деп аталады?
11. Кері пропорционалдық әріптермен қалай жазылады?
12. Масштаб дегеніміз не?
Оқушылар санау арқылы үш топқа бөлінеді:
«1», «2», «3».
ІІ. Мағынаны тану. 25 минут
Таңбалар ережесі.
Жақшаның алдында «плюс» (+) таңбасы бар санды жақшасы жазғанда санның өз таңбасы сақталады. Мысалы, +(+6) = +6; +(-7) = -7.
Жақшаның алдында «минус» (-) таңбасы бар санды жақшасы жазганда санның таңбасы қарама-қарсы таңбага өзгереді. Мысалы, -(+4) = -4; -(-9) = +9. Таңбалар ережесінің кестемен берілуі:
+(+) = ++(–) = –
–(+) = ––(–) = +
Теріс сандарды қосу үшін:
Қосылғыштардың модульдерін қосу керек;
Шыққан санның алдына минус («-») таңбасын қою керек.
Мысалы: -8+(-11)=-19; -0,3+(-0,9)=-1,2; (-3) + (-4) = -7
Екі теріс санның қосындысы – теріс сан.
Ауызша орындалатын тапсырма №438
Оқулықпен жұмыс
№439 Қосуды орындаңдар
-26 + (-8) 2) -96 + (-101) 3) -127 + (-8)
-43 + (-21) -36 + (-15) -103 + (-44)
-56 + (-71) -62 + (-19) -85 + (-37)
№440
-9 + (-0,3) 2) -6,03 + (-2,17)
-6,7 + (-5) -7,2 + (-8,23)
-3 + (-0,91) -4,5 + (-27,8)
№441, №442 ( Топтық жұмыс кеспе қағаздар бойынша) Дәптерлеріне тапсырмаларды орындап, әр топ мүшелері өз тобындағы оқушыларды тексеріп, бағалайды.
ІІІ: Ой толғаныс. 5 минут
Екі теріс санды салыстыруға мысалдар келтіру. Оқушылар бірін - бірі тексеріп,бағалайды.
Үйге тапсырма: 1 минут № 444, № 445 Бағалау: 2 минут Тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай оқушыларды бағалау Рефлексия
Тексерілді: