Та?ырыбы: Т?менгі с?реден 60м ?ашы?ты??а ж?гіру


«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әскери спорт бірлестігі


-148482166082Ашық сабақ
00Ашық сабақ


Жеңіл атлетика
Тақырыбы: Төменгі сөреден 60м қашықтыққа жүгіру.
Сынып: 6

Дене шынықтыру пән мұғалімі: Қасимов Қ
2015-2016 жыл
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Төменгі сөреден 60м қашықтыққа жүгіру.
Сабақ мақсаты:
Дене шынығуының жан-жақты дамуына, салауатты өмір сүруге және
жеке басының шынығу қабілетінің қалыптасуына бағалай білу.
Төменгі сөреге тұру және шығуды үйрету.
Жүгірудің әр- түрлі жағдайдағы әдіс тәсілдерін дамыту.
Өтілетін орны: Жаздық спорт алаңы.
Керекті құрал-жабдықтар: Жалауша, секундометр, ысқырық.
Сабақ мазмұны Уақыты реті Әдістемелік нұсқаулар
I.Кіріспе дайындық бөлімі
1. Сапқа тұрғызу. Амандасу.
2. Кезекшінің мәліметін қабылдау.
3. Түгендеу.
4. Саптағы жаттығулар: Оңға, солға, артқа бұрылу.
Жүру жаттығулары:
1. Қол белде аяқтың ұшымен жүру.
2. Қол желкеде өкемен жүру.
3. Қолды белде аяқтың сырқы қырымен жүру.
4. Қол белде аяқтың ішкі қырымен жүру.
5. Қол белде жартылай отырып жүру.
6. Қол белде толық отырып жүру.
Жүгіріс жаттығулары:
1. Тізені көтеріп жүгіру.
2. Аяқты артқа лақтырып жүгіру.
3. Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру.
4. Оң және сол жанмен жүгіру.
5. Теріс қарап жүгіру.
6. Жылдам жүгіру.
Терең тыныс алу.
Жалпы дамыту жаттығулар:
1. БҚ- Аяқ иық деңгейінде, оңға, солға, алдыға, артқа иіу.
1- санақ алға, 3- санақ оңға
2- санақ артқа, 4- санақ солға
2. БҚ- Қол иықта, қолдың көмегімен иықты алдыға, артқа айналдыру.
1-2 санақ алдыға
3-4 санақ артқа
3. БҚ- Қол белде, алдыға, артқа, оңға, солға иілу.
1- санақ алдыға, 3- санақ оңға
2- санақ артқа, 4-санақ солға
4. БҚ- Қол белде, белді онға-солға айналдыру.
1-2 санақ оңға
3-4 санақ солға.
5. БҚ-Жерге отырып, оң-сол аяқты жанға созып, кезектесе басты тізеге тигізу.
1-2санақ оңға
3-4санақ солға
6. БҚ-Оң және сол аяқты алға созып, оң аяқты сол аяқтың үстіне, сол аяқты оң аяқтың үстіне қойып басты тізеге тигізу.
7. БҚ- Қолды тізеге қойып, тізені айналдыру.
1-2санақ оңға
3-4санақ солға
8. БҚ- Аяқты иық көлемінде ашып, оң және сол аяқтың ұшын айналдыру.
1-2-3-4 санақ оң аяқ
5-6-7-8 санақ сол аяқ
Терең тыныс алып, оқушыларды бастапқы қалыпқа келтіру. 12-15мин
2-3мин
2-3рет
2мин
2мин
8мин
3-4рет
3-рет
3-4рет
3-4рет
3-4рет
3-4рет
3-4рет
Оқушылардың спорт киімі оның тазалығына жалпы сабаққа даярлығына баса назар аудару
Денені тік ұстау.
Ара қашықтықты сақтау.
Оқушылардың денсаулығына назар аудару.
Берілген бұйрық бойынша орындау керек.
Қатардан шықпау керек.
Жүгіргенде қолдың үйлсімді қимылдауын жіті қадағалау.
Оқушыларда әшекей-бұйымның болмауын талап ету.
Оқушылардың гигеналық тазалығына мән беру ( тырнақ өспеуі, мшаштың жинақы тұруы, сағыз шайнамау және т.б.)
Оқушыларда сабақ барысында көзілдіріктің болмауы.

Оқушылардың жаттығуды дұрыс орындалуын қадағалау.
II.Негізгі бөлімі
ТҚЕ қатаң түрде ескерту!
Бүгін біз төменгі сөреден шығуды және 60метр қашықтыққа жүгіруді үйренеміз.
1. Қысқа қашықтыққа жүгіру төменгі сөре қалпынан басталады. Ол жүгіруді жылдам бастауға және қашықтықтың қысқа қиындығына жоғары шапшаңдықты дамытуға мүмкіндік береді. Сөреден жылдам шығу үшін сөре қалыптарды пайдаланады. Алдыңғы қалпын сөре сызығынан 1,5 табан қашықтықта, ал артқы қалып адыңғы қалыптан 1- 1,5 табан қашықтыққа қойылады.
2. Старт сызығына тұрып, қолды қойып үйрену ( бірнеше рет).
3. Старт сызығынан 25см қашықтыққа алдыңғы аяқты игеру және артқы аяқты сермеуге үйрету.
4. Дайындал! Сызыққа келіп, жамбасты иық деңгейінен шамалы жоғары көтеріп, иықты қолдар орналасқан сызықтан сәл пәл ұмсындырып шығару қажет. Бұл жағдайда дененің салмағы екі қол мен аяққа, яғни төрт нүктеге тең бөлінеді.
5. Жүгір! Марш! Пәрмені бойынша алғашқы қозғалыс қимылға бар күшті салуға тура келеді. Сөре қалыптарынан екі аяқпен серпілуге бір мезгілде қатар орындалады. Алғашқы қадамды жасайтын арттағы аяқ дене қозғалысын шапшаңдату үшін өысқа ғана адам жасауы керек, ал алдыңғы аяқ арттағы аяқтың сілтеуі нәтижесінде және алдыңғы қалыптан күшті серпілу арқылы күш салуды аяқтай отырып, қозғалысты іліп алып жалғастыра жүгіріп кетеді. Жүгірушінің көзі жүгіру жолына бағытталған. Дене немесе басы еңкейген қалпында болуы тиіс. Бар күшімен жылдамдықты күшейтуі тиіс.
Эстафеталық жүгіру.
3х10метр қашықтыққа қайталап жүгіруге жаттығу.
Бұнда бір оқушыдан жүгіруі тиіс. Ептілігі мен шапшаңдығын күшейту мақсатында уақытқа қарай отырып жүгіреміз.
Екі жақты жаттығу ойыны.
Кемшіліктерді түзетуге арнайы жаттығулар.
20-25мин
2 мин
15 мин
8 мин
Техника қауіпсіздігін қатаң сақтау.
Жүгіру кезінде төменгі сөрені дұрыс алуын және дұрыс шығуын қадағалау.
Жүгіру кезінде бір- бірінің жолына түспей кедергі келтірмей өз жолымен жүгіру тиіс.
Сөреден шығарда екеуінің бірдей шығуын қатаң қадағалау.
Жаттығудың дұрыс жасалуын қадағалау.
Ойын барысында бір-біріне кедергі жасамау.
Тұлғаны дұрыс ұстау.
III.Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу. Дем алуға арналған жаттығулар жасау.
Сабақты қортындылау.
Оқушыларды бағалау.
Қоштасу. Ырғақпен билеу. Ж.Д.Ж 3-5 мин
1
1
1
1 Сабақтың өтілгені туралы ескертулер жасау.
Оқушылардың бағаларын айту