Фонетика саласы бойынша Дидактикалы? материалдар 2-сынып.


Тақырыбы: Фонетика.1-тапсырма. «Кім көп жазады» ойыны. Бір минуттың ішінде А, Ә, Ұ, Ү әріптеріне басталатың сөздерді тауып, кестені толтыр.
А Ә Ұ Ү
2-тапсырма. «Тапқыр» ойыны. Дауыссыз дыбыстардың арасынан дауысты дыбысты тап.
1. К,Р,Д,А,С 2. Л,Г,Ү,Н,Й 3. Ш,Щ,Е,Ц 4. Ә, Б,В,Д,Қ 2-тапсырма. «Сөз саты» ойыны. Сөздерден саты құрыңдар, әр бір басқыш А әріптен басталады, бірақ келесі сөз бір әріпке артық болады. Сатыда 9 басқыш болуға тиісті.
3-тапсырма. «Талапты» ойыны. Берілген сөздердің құрамындағы дыбыстарды пайдаланып, бірнеше сөздер жазындар.
Ойынпаз, саналы, мейірімді, достық.
4-тапсырма. Буындардың орындарын ауыстырып жаз. Ғазқа, қуолық, тердәп, пазнерө, лысқұры, шігералікдам, тықдос, нерліө, шікбүр, лықбай.
5-тапсырма. «Дауысты әріптерден сөздерді таны» ойыны. Керекті дауыссыз дыбыстарды қойып, сөздерді дәптерге жаз.- а - а - - ә - - е - - ү - - е - і - ө - і - - і - о - у - ы - а - а ә – е
6-тапсырма. Екінші буынды жалғастыр. Дә- ..., а- ..., мал ..., тыш- ..., жыл- ..., қа- ..., то- ..., кі- ..,. си- ..., қо- ... .
7-тапсырма. Жұмбақ сайысы. Жұмбақты шешіп, әріптерге фонетикалық талдау жасаңдар. Ішіне тамақ салыған, Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа).
Қамыс құлақ,тоқсан тұяқ, Мінсең-қанат,сүті-дәрі,еті-тамақ. (Жылқы). 8- тапсырма. «Сөздер қалай өзгереді?» ойыны. Берілген сөздерге тәуелдік жалғауын жалға. Бұл әріптер неге өзгереді?
а) к/г; көрік, бөрік, серік, терек, сүлік, өрік, берік, түлік, бүлік, күрек, жүрек.
ә) п/б; бап, сап, топ, тап, доп, қап
9-тапсырма. Мына сөздерді буынға бөліп жазыңдар.
Арыстан, дуадақ, бауырсақ, жүзім, көбелек, сырмақ, жапырақ, ағаш, інжу, бұлақ, бүршік, оқымпаз.
10-тапсырма.Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде «буын» деген сөз шығады.
1 Оқу-...бұлағы, Білім-өмір шырағы.
2 Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс.
3 Оқу-білім азығы, Білім -...қазығы.
4Асатасы-...

11-тапсырма.Төмендегі сөздерді оқы. «И», «У» дыбыстарының жуан естілетінін бір бағанға, жіңішке естілетінін екінші бағанға бөліп жаз.
Саулық, пияз, сия, дуадақ, суат, киім, жуан, тау, тауық, жидек, қиын, бауырсақ, елу, инелік, биші, уық, жолаушы, итмұрын, қуыршақ.
12- тапсырма.Төмендегі берілген сөздерді буынға бөліп жазыңдар
Жаман, көлеңке, бұлт, басыңа, ірімшік, жұмыртқа, күн.
13- тапсырма. «Дос», «бұлт», «күн» сөздерінің біреуіне өлең шумағын құрастырыңдар.