Б?рыш, б?рышты? градусты? ?лшемі


Бұрыш және оның градустық өлшемі Бұл тақырыпта сендер бұрыштар туралы білімдеріңді тереңдетіп, кеңейтесіңдер; бұрыш және оның биссектрисасының анықтамаларын білетін боласыңдар;бұрыштардың қосындысы мен айырымын табуды үйренесіңдер. Жазықтықты сәуле және түзудің көмегімен бөліктерге бөлу түсініктерін пайдаланып, бұрышты анықтауға болады.Анықтама. Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі бұрыш деп аталады.
Сәулелер бұрыштың қабырғалары, ал олардың бас нүктесі бұрыштың төбесі деп аталады.Бұрышты “∠” таңбасымен және қабырғалары мен төбесіне жазылған әріптермен белгілейді. А 1 О В С ∠АОВ ∠С ∠1 Анықтама. Екі бұрышты беттестіргенде сәйкес қабырғалары және төбелері дәл келсе, олар тең бұрыштар деп аталады. Бұрыштардың теңдігі С F B A E D∠ ABC және ∠DEF бұрыштары тең екенін дәлелдеу үшін В төбесін Е төбесіне, ВА қабырғасын ЕD қабырғасына дәл келтіреміз. Сонда, ВС және ЕF қабырғалары дәл келсе бұрыштар тең болып есептеледі.
Қосу A(D) F∠ABC>∠DEF B(E) C ∠ABC=∠ABF+∠FBC Бұрыштарды қосу және алу
Алу A(D) С∠ABC<∠DEF B(E) F ∠ABC=∠ABF-∠FBC
Ортақ OF қабырғасы бар POF және FON бұрыштары тең болса, онда OF сәулесі PON бұрышын қақ бөледі. N F O P Анықтама. Бұрыштың төбесінен шығып оны қақ бөлетін сәуле осы бұрыштың бисектрисасасы деп аталады.