6-сынып о?ушысы Сабыр??л Назымны? ?оры?ым-байлы?ымта?ырыбында?ы ?ле?і



ОҚО Түлкібас ауданы
«Алғабас»жалпы орта мектебінің
6-сынып оқушысы Сабырқұл Назым

Қорығым-байлығым
Жер жаннаты атанған Түлкібасым,
Қорығымен мақтанар халқың бүгін.
Жұрт тамсанар көрікті табиғатпен,
Бар байлығы табылған қойнауынан.
* * *
Қорығының жүз жылдай ғұмыры бар,
Аспанменен астасар қарлы шыңдар.
Тау мен тасты аралап бұғы ,арқар,
Таутекелер ойнақтар сай –салада.
* * *
Сән берер сайрап құстар,торғай,ұлар,
Құйқылжытса,аспанға шырай кірер.
Долана, алма , жүзім тіл үйірер,
Тау жағалай өсіп тұр арша,шырша.
* * *
Борсық,суыр кездесер тағы мұнда,
Ағаш діңін пана қылған қашанда
Күн көзімен жарқырап,түрленетін,
Аң-құсымен көрікті туған өлкем.
* * *
Сылдыраған сулары ,өзендері
Тасты жарып ағады,мөп-мөлдір боп.
Сусыныңды қандырар бұлақтары,
Сарайыңды ашатын шөлдесеңіз
* * *
Қызғалдағы қып-қызыл боп жайнаған,
Кең даланы түрлендіріп,сән қылып.
Алқа етіп тағар едім әр гүлін,
Әттең,оны жұлуға да қимайсың.
* *
Бар байлығын аямай,сарқып беріп,
Пана болған аң мен құсқа қорығым.
Табиғаттың қойнауынан нәр алып,
Гүлдене бер,көркейе бер ,кең өлкем!