?дебиеттік о?у С.Оспанов Шыбын мен к?белек


Күні: 09.11.16 ж.
Сынып:4Ә
Пән:әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" /мысал/ Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушылардың С.Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек мысалының мазмұны мен идеясын ашу. Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зияны туралы түсінік беру. Дамытушылық. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, тілдік қорын дамыту, өз ойларын толық нақты ашып айта білуге дағдыландыру. Тәрбиелік. Табиғатты аялауға баулу. Жақсыдан үйрену және жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, инабаттылыққа, бірлікке тәрбиелеу. Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, оқу дағдысын дамытатын әдіс - тәсілдер (мәнерлеп оқу, тізбектеп оқу), ой тастау, Инсерт әдісі. Оқыту технологиясы: ақпараттық технология, СТО. Көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызба, шыбын, көбелек суреттері, слайд. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлау. Психологиялық даярлық. 
Оқушыларды топқа бөлу. «Шыбын», «Ара», «Көбелек», «Маса». Топтың ішінде: топ басшысы сайланады. Оны форматиивті бағалауға жұлдызшалармен бағалап, мадақтау. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын сұрап,сосын бағалайды.Әр топтан бір оқушыдан айтқызады. Адырбек Сопыбеков. Сапар мен Парта. (жаттау,партаның суретін салу.) 1. А. Сопыбеков «Сапар мен парта» өлеңін жатқа айту. 2. Мысал-өлеңде не жайлы айтылған? Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады? Парта Сапарға неге ренжіді? Қалай ойлайсың, Сапар өз кінәсін мойындады ма? Оны өлеңнің қай шумағынан аңғардың? Ой қозғау: «Сапар мен парта» қай тақырыпқа жатады? - Мысал - Мысал деген не? - Мысал - адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты қасиеттерді мадақтап жазатын шығарма. Шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады. - Мысалдағы негізгі ой нені білдіреді? - Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. 
Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. Жұмбақтар шешу: 1. Ас көрсе - ақ жалайды, 
Содан ауру тарайды. (шыбын) 

2.Көлбең - көлбең етеді,  Гүлден ұшып жетеді.  Гүл шырынын сорады,  Соған риза болады. (көбелек) 

Сейітқұл Оспанов ағамыздың «Шыбын мен көбелек» атты шығармасымен танысамыз. Сабақтың мақсатын хабарлау. Әрбір адам қандай іске кіріссе де , ісі сәтті аяқталғанын қалайды. Бүгінгі сабағымыз сәтті болуы үшін мынандай мақсаттар қояйық: тыңдай білу, салыстыру, бір жүйеге келтіру , талдау, қорытындылау. Сендер мақсаттарыңа жеткілерің келе ме? Ендеше сабаққа жақсы , белсенді қатысайық. С. Оспанов туралы мағлұмат беру. С. Оспанов (1955 - 2003) 30 - наурызда Қызылорда облысының Арал ауданы Қазалы қаласында дүниеге келді. Жалын, Зерде Мектеп баспасы, Парасат журналында жұмыс жасаған Шығармалары: «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары, «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Құлдар көтерілісі»атты кітаптары, «Әдемі ару»повесінің авторы. Инсерт әдісі. Не білесің? (шыбын мен көбелек туралы) Оқулықпен жұмыс.
Оқушылардың оқуы Тізбектеп оқуӘр топқа ашық хат таратылады.Оқушылар ашық хат ішіндегі тапсырманы түсініп оқып шығады.Әр топтан бір оқушы қорғайды Топтағы оқушылар мәтінді бір-біріне түсіндіріп, талдайды. Сұрақ- жауап әдісі. (СТО технологиясы) 1.Мысал не туралы? 2.Шыбын мен Көбелек неге келіспей қалды? 3.Шыбын не деп мақтанды? 4.Көбелек оған не деді? 5.Қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсың? Неге? 6.Сен Шыбынның орнында болғанда не істер едің? 7.Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады? 
Сергіту сәті «Фиксики»Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысын жүргізу. Көз шырымын алу - ұйықтау Қауыз - ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабығы Жұқсыз - сүйкімсіз, жек көрінішті Сұғанақ - ұры Сапалақ - шыбын қорығыш құрал Шылғи өтірік - мүлде өтірік Топпен жұмыс. Кім мықты? сайысы. 
I - топ. Шыбын туралы өлең жолдарын құрастыру. 
ІІ-топ Көбелек туралы өлең жолдарын құрастыру. IIІ - топ. Шыбынды сипаттау,мінездеме беру.Пайдасы мен зияны туралы айту. IҮ - топ. Көбелекті сипаттау, мінездеме беру. Пайдасы мен зияны туралы айту.  Қандай? Қандай?  сезімтал мақтаншақ  әдемі жұқсыз  ұстамды сұғанақ 
Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар
жауаптар Біліп қой, барлық рахат тамақта. Сейітқұл Оспанов Ісіңде бір береке жоқ. Жұқсызсың. Мен ұшып жүретін гүлмін.
Мысалдың авторы кім? Шыбын көбелекке не деді? Көбелек оған не деді? Көбелек не деп мақтанды? Рефлексия. -Шыбын мен Көбелек туралы не білдің? -Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың? -Бүгінгі сабақ ұнады ма? - Несімен? Бағалау: Түрлі - түсті көбелектермен мадақтау, бағалау Үйге тапсырма. 67бет. Мысалды түсініп оқу. Шыбын мен көбелек туралы презентация жасау.