?дебиеттік о?у Саба? жоспарыАдамны? нашар мінезі(4сынып)


I. Сабақтың тақырыбы: Адамның нашар мінезі
II. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өлеңнің негізгі идеясын түсінуге қолайлы орта құру.
1.Мазмұнға байланысты міндеттер:
Өлеңнің мазмұны мен идеясын өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау;
Өзіне тиісті ақпарат алып, оны өмірде қолдануына көмектесу;
Алынған мағлұматтан өз бетінше қорытынды шығаруға бірлесе көмек беру.
2.Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер:
Адамның нашар мінезі туралы ой пікірлерін сын тұрғысынан ойлай отырып терең ашу үшін болжай отырып оқуға көмек беру;
Оқушылардың алған білімдерін дамыта отырып, өз көзқарасын жеткізе білуге жағдай жасу;
Бүгінгі таңда өмірмен байланыстыра отырып, терең ойлауға баулу.
3.Топпен жұмысқа байланысты міндеттер:
Топтық жұмыс дағдыларын дамытуға байланысты өзін – өзі мәдениеттілікке тәрбиелеуін басқару; сыйлауға, ойды құрметтеуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Топтағы оқушылар тығыз ынтымақтастықта бір-бірімен пікір алмасады, бірін-бірі тыңдайды;
Берілген мазмұн бойынша өз көзқарастарын білдіреді;
Алға қойған мақсатқа жету үшін ойланады, жазады, салыстырады;
III. Сабақта қажетті материалдар: Мәтін, зерттеу үшін құрал – жабдықтар, қағаздар, маркерлер, фотоаппараттар, бағалау парақтары.
Бағалау: «Екі жақты күнделік» стратегиясы, топтастыру, эссе жазу,
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану
І. Қызығушылықты ояту сатысы
а) Психологиялық дайындық
“...Талап,еңбек ,терең ой,
Қанағат,рақым,ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз”
-Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
Асыл қасиеттер бойынша 4 топқа бөлінеміз
Әр топ өзі бөлінген топ атауына түсініктеме береді.
Топты қорғау:
1топ «Талап»
2 топ «Терең ой»
3 топ «Қанағат»
4 топ «Рақым»
ә) Ой қозғау.
- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақ тақырыбы не туралы болуы мүмкін?
- Әр топ өзінің жағымды қасиетіне кері жағымсыз қасиеттерді ата.
Жағымсыз қасиеттер


ІІ Мағынаны тану
Автор туралы әңгімелеу
Ақын туралы не білесіңдер?
Кітаппен жұмыс
Адамның нашар мінезі. «Ызақор», «Еріншек» өлеңдері
«Екі жақты күнделік» стратегиясы
«Ызақор» өлең шумақтарын оқып, талдау;
өз ойы мен ақынның ойын салыстыру;
Ызақорлықтан арылудың бірнеше жолдарын көрсетіңіз. Жұпта, топта.
«Еріншек»өлең шумақтарын оқып, талдау;
өз ойы мен ақынның ойын салыстыру;
Еріншектіктен арылудың бірнеше жолдарын көрсетіңіз. Жұпта, топта.
Өлеңнің негізі болатын сөздерді анықта Өз ойыңмен толықтыр Сыныптастарыма айтар ұсынысым
Топтастыру тапсырмалары
Адамның мінез-құлқына арналған мақал-мәтелдер
Болашақта жан-дүниеңді, мінез-құлқыңды байыту үшін не істеуің керек?
ә) Сергіту сәті: Жағымды әуен. Адамның мінезі,көңіл-кұйіне байланысты сурет салу
ІІІ Ой толғаныс.
«Эссе» жазу «Жағымсыз мінезден арылғым келеді»
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу, досыңды сипаттап жаз.
Бағалау: Бағалау парағы арқылы топ басшылары бағалайды.