О?ытуда тиімді ?дістерді ?олдану


Гидравлика пәнінен «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» сапалы білім беру кепілі
Б.Р.Таңқыбаева
Қызылорда қаласы,
«Жас өркен» колледжінің
«Гидравлика» пәнінің мұғалімі
ХХІ ғасырдың жан – жақты зерделі, дарынды талантты тұлғасын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді елдің «Ел межесі – елулікке өту» басты мақсаты болған соң, білім мен ғылым саласы дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек.
Бүгінгі таңда педагогикалық технологиялардың 300- ге жуық түрі белгілі, солардың ішінде «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» (УӘЖ) педагогикалық технологиясы. Авторлары: Ж.А.Қараев және Ж.У.Кобдикова.
Әдістеменің ерекшелігі мен мазмұны неде?
«Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын қолдану арқылы топтағы оқушылардың білім сапасын көтеруге болады. Бұл технологияны негізінде оқушының жеке басының қабілетіне сәйкес ой белсенділігі мен шығармашылығы қарапайымнан күрделіге бағытталады.
Бұл әдістеменің тағы бір ерекшелігі, оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандырып, арттыратын құрал ретінде «ашық журналда» қолдану аталмыш технологияның оқушыларды бағалаудың ынталандыру жағын күшейтетін ұтымды бөлігі болып табылады.
«Ашық журнал» арқылы әр оқушы орындаған тапсырмасын осы журналға тіркеу барысында олар бір – бірінің алға жылжуын бақылау мүмкіндігіне ие болады және деңгейлік тапсырмаларды орындау дәрежесі туралы ақпарат ала алады
Ашық журналда бағалаудың үлгісі
Оқушының
аты -жөні І
деңгей
(5балл) ІІ
деңгей
(5+4=9б) ІІІ
деңгей
(9+3=12б) Бар
лық балы Бағасы
Айдархан С. + + + + + + + + + + + + 12 5
Сапар А. + + + + + + + - - - - - 7 3
Құрманбекқызы А. + + + + + + + + + + + - 11 4
Смайыл А. + + + + + + + + + + - - 10 Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі “Жеке журналға” белгілеп отырады. Мысалы: Сапар Ақмаралдың гидравликадан жеке журналы
Ұпайлар
Сабақтар 1-ші деңгей
5 ұпай 2-ші деңгей
4 ұпай 3-ші дең-гей
3 ұп. Сыныпта жиған ұпайы Үй жұмы-сының ұпайы Барлық ұпайы Бағасы
1 2 3 4 5 1 2 3 4 1 2 1сабақ (тақыр.) + + + + + + + v v v - 7 “с” 3,5 10,5 4
2 сабақ … + + + + v - - - - - - 4 “с/өтп” 1 5 “с” 3
3 сабақ + + + + v v - - - - - 4 “с/өтп” 2 6 “с” 3
4 сабақ + + + + + v v - - - - 5 2 7 3
5 сабақ + + + + + + + v v - - 7 2 9 4
6 сабақ + + + + + + + + v v - 8 2,5 10,5 4
Өз.жұмыс №1 + + + + + + + + + + - 10,5 - 10,5 4
Қатемен жұм. Бақ.жұмысы №1 + + + + + + + + + - - 9 - 9 4
ІІ модуль 10 сабақ… Сабақ құрылымының мазмұндылығы мен жүйелілігі реттеліп, тақырыпты меңгеруде оқушыда өз бетіндік іс – әрекет белсенді жүреді. Мұғалім әр оқушының білім – білік дағдысын зерттеуге мүмкіндік алады.
«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» (УӘЖ) – технологиясымен жұмыс жасауда мұғалімнің теориялық деңгейі нығайып, шығармашылық ізденісі жан – жақты дамиды.
Нәтижесінде шынайы жарыс рухы пайда болады, тәжірибе көрсеткендей, оқушы өзінің ілгерілеу динамикасын басқа адам табыстырақ оқушылармен салыстыра отрырып олардан қалғысы келмейді, оның табысқа итермелейтін ынта жігері артады.
«УӘЖ» технология қолдану жағдайында оқушы мен мұғалімнің өзара тәуелді корпоративті әрекеті басым болады, сондай – ақ оқуды рефлексивті басқару жүзеге асырылады. Және педагогикалық диагностика әдістерін онтайландыратын, бұл технологияның денсаулық сақтаушы қасиеті бар.
Технологияның тиімділігі:
Технологияның «психо сақтаушы» екендігін айтуға болады, өйткені ол оқу процесінің барлық қатысушыларына қолайлы жағдай туғызады.
Баланың жеке қасиеттерін, оның темпераментін, оқу материалын қабылдау ерекшеліктерін ескеру.
Мұғалім технологияны жұмыс барысында қолдануда үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.
Сабақтың негізгі кезеңдері:
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі .
ІІ кезең. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу.
ІІІ кезең. Әр оқушының қалыптасқан құзіреттілік деңгейін айқындап бағалау кезеңі.
Сабақтың негізгі кезеңдері, олардың бірізділігі және логикалық байланысы, сабақ құрылысының оның мазмұны мен мақсатының сәйкестігі, әрбір сабақ кезеңдеріне уақыттың бөлінуі сақталған.
Қорыта келе, « Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі » педагогикалық технологиясы арқылы төмендегі көкейтесті мәселелер шешімін табатынын айтуға болады:
Оқушылардың білім сапасы көрсетіледі олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамытуына кепілдік алады;
Қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін жете алатын болады;
Әр оқушыға үй жұмысы жеке басының қабілетіне сәйкес сараланып берілетін болады. Сол арқылы артық жүктемені жою мәселесі шешімін табады.
Дарынды балалар дер кезінде анықталып, дами алады.
Оқу сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамассыз етіледі.
Оқытуды ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланады.