Презентация по географии на тему Австралияны? таби?ат зонасы


900igr.net Үй тапсырмасын тексеруАустралия климатына қандай факторлар әсер етеді?Африканың оңтүстік бөлігінің климатын Африкамен салыстырып, қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін анықтаңдар. Неге Аустралия жерінде өзен торы сирек?Крик дегеніміз не, олар материктің қай бөлігінде таралған? Үй тапсырмасын қорытындылауМатерикте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екендігі анықталған. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады. Сергіту. Оралған қағаздағы тәттіні үрлеп ашып, бір-біріне жақсы тілек айтады. Жаңа сабақ жоспары: 1. Табиғат зоналарының орналасуы.  2. Өсімдігінің ерекшелігі.  3. Жануарлар дүниесінің ерекшеліктері, оның өзгеше болуының себептері. 4. Аустралия материгінен қызықты жайттарды тамашалау. Аустралия материгінде басқа ешбір материкте кездеспейтін эндемик өсімдіктер – эвкалипт, казуарина, жануарлар – кенгуру, үйректұмсық, эхидна тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің - 75%-ы, жануарлардың - 90%-ы тек қана Аустралия материгіне тән. Сонымен қатар Гондваналық материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер – бөтелке ағашы, саяхатшылар ағашы, араукария, ағаш тәрізді папортник, акацияның кейбір түрлері бар. Эндемикті450 түрі Өсімдіктің 12000 түрі Эндемикті9000 түрі – 75 % Қалталылардың 162 түрі Эндемикті90 % Құстың 670 түрі Материктің басым көпшілігін тропиктік шөл және шөлейт зонасы алып жатыр. Бұл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм-ден кем емес, бірақ ұдайы ыстық болғандықтан булану мөлшері жоғары болады. Африкадағы тәрізді мұнда да шөлдердің бірнеше түрі кездеседі. Кристалды жыныстардан құралған қалдық тауларды тасты шөлдер, ойпаттар мен көлдердің айналасын сазды шөлдер, қалған бөлікті құмды шөлдер алып жатыр. Астық тұқымдастардан- флиндерс, митчелл шөптері, ксерофиттер өседі. Солтүстік шығысында бөтелке ағашы өседі. 1841 ж саяхатшы Джон Эйр оңтүстік жағалаудағы шөлді Налларбор деп аталады. Латын тілінен аударғанда «ағашсыз» дегенді білдіреді. «Көгілдір бұталар» - құрғақшылыққа төзімді, ылғалды бойына жинайтын – суккулентті өсімдіктер. Материктің ОБ-да діңі ауыр, термиттердің әрекетіне төзімді – маргината эвкалиптерінен тұратын қатты жапырақты ормандар – «Аустралияның өлі жүрегі» деп аталады. Эйр көлінің айналасында 100 мм- дейін төмендейді, бірнеше жыл бойы мүлде жаумайды. Мұнда «вилли-вилли» деп аталатын шаңды дауылдар мен құйындар жиі болып тұрады. Солтүстікке және шығысқа қарай ылғал мөлшерінің артуына байланысты саванналар мен сирек ормандар таралған. Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал көп түсетін бөліктерінде қызыл-қоңыр топырақты ылғалды саваннасы таралған. Мұнда эвкалипт ағаштары басым өседі, оңтүстікке қарай олардың орнын акациялар алмастырады. Үлкен Суайрық жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым.Ормандар материктің шығысындағы Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр. Бірнеше климаттық белдеуді кесіп өтуіне байланысты ормандар солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасып отырады. Күлгіндеген қызыл топырақтағы ылғалды тропиктік ормандар 20є о.е. дейінгі бөлікте таралған. Оңтүстікке қарай қызғылт-сары ферралитті топырақтағы ылғалды субторпиктік ормандарға ауысады.Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін ылғалды тропиктік ормандар мен ылғалды субторпиктік ормандар алып жатыр. Үйректұмсық –үлкен жалпақ тұмсығы бар жұмыртқа салатын сүтқоректі. Тамағын судан аулайды. Аяқтары бес саусақпен аяқталған, қалық қоңыр-сұр жүні бар. Ұзындығы 2,5 см-ге жететін соқыр әрі жалаңаш ұрпағын дүниеге әкеледі. Құрттармен, шаяндармен, жұмыртқамен қоректенеді. Түнде өмір сүретін жануарлар. Кенгуру –шөпқоректі, қалталы жануар. Гигант кенгуруінің- биіктігі -2м, салмағы – 90 кг, жылдамдығы- 20 -80 км/сағат. Ергежейлі кенгурудің – биіктігі 30 см , салмағы- 20 кг. Аналығы бір ғана ұрпақ дүниеге әкеледі. Салмағы – 1г, ұзындығы – 2 см , 6 ай бойы анасының қалтасында өмір сүреді. Кенгуру 16 жылға дейін өмір сүреді. Бөтелке ағашы – кәдімгі бөтелкеге ұқсас, діңіне көп мөлшерде ылғал жинап алады да құрғақшылық кезінде де өлмей тіршілігін жалғастыра береді. Биіктігі 15 м, қалың өскен жапырақтары жіңішке болып келеді. Австралияда эвкалиптердің 500 түрі өзеннің құрғақ аңғарларында өседі. Биіктігі 100 м, ал тамыры 30 м тереңдікке дейін жетеді, сондықтан оларды «тірі насос» деп атайды. Эму – Австралия елтаңбасындағы екінші құс.Эмудың биіктігі – адамның бойының биіктігімен бірдей, аттармен бірдей жүгіреді. Тепкендегі тепкісі аттардың тепкісімен бірдей. Ехидна –10 цент тиынында Үйректұмсық – 20 цент тиынында Страус эму және кенгуру – мемлекеттік елтаңбасында бейнеленген Дүние жүзіндегі ең биік және тез өсетін ағаш – эвкалипт Қара аққу Ең улы жылан – тайпан Дене температурасының ең төмені +220 – ехиднада Лироқұйрық . Құйрығының ұзындығы 70 см және ол ертедегі музыкалық аспап – лираға ұқсайды. Ең үлкен попугай, қауырсындарының түстері әртүрлі, өмір бойы бірге жұп құрып өмір сүреді. 100 жасқа дейін өмір сүреді. Адамның сөйлеген сөздерін қайталайды. Коала Ағаштың бастарында өмір сүреді. Эвкалипт ағашының жапырақтары мен жас бұтақтарымен қоректенеді.Түнде тіршілік етеді. Жай, баяу қозғалады. Жалқау.Терісі бағалы. Сөздікпен жұмыс:Эндемик өсімдіктер Аустралия материгінен басқа ешбір табиғат зонасында кездеспейтін өсімдіктерден– эвкалипт, казуарина, жануарлардан – кенгуру, үйректұмсық, эхидна тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің - 75%-ы, жануарлардың - 90%-ы тек қана Аустралия материгіне тән.Ксерофиттер – суы аз, ауасы құрғақ жерлерде астық тұқымдастардан – флиндерс, митчелл шөптері өседі.Скрэб дегеніміз – тікенекті акация мен аласа эвкалипттен құралған ну бұта.Налларбор – латын тілінен аударғанда «ағашсыз» дегенді білдіреді.Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында бейнеленген – эму түйеқұсы мен кенгуру. Аустралияның күміс ақшасында – ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық бейнеленген.1841 ж - саяхатшы Джон Эйр оңтүстік жағалаудағы шөлді Налларбор деп аталады.Шаңды дауылдар мен құйындар «вилли-вилли» деп аталады.Эвкалипт ағашының жапырағында тез тұтанатын эфир майы көп болады.  1.Аустралия материгіне қандай табиғат зоналары тән?2.Аустралия материгіне ғана тән қандай өсімдіктерді және жануарларды білесіңдер?3. Аустралияның мемлекеттік елтаңбасында қандай құстар бейнеленген?4. Скрэб дегеніміз не? Ол қай табиғат зонасына тән болады?5.Материк табиғатына кері әсерін тигізетін қандай жағдайларды білесіңдер? Бекіту: Табиғат зонасының аты Қай климаттық белдеуде орналасқан Жауын-шашын мөлшері мм Топырақ жамылғысы Өсімдіктер дүниесі Жануарлар дүниесі Саванналар мен сирек ормандар Ауыспалы ылғалды ормандар Шөл және шөлейт Жалпақ жапырақты ормандар Қорытынды: Қазіргі кезде материк табиғатын мүмкіндігінше сақтау барысында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Аустралия Одағының мемлекеттік ел таңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнелеген, ал ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық күміс ақшаларында таңбаланған. Аустралиядағы қорғауға алынған кешендердің саны мыңнан асады. Материктегі Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі. Өз бетімен жұмыс: 1.Кескін картаға Аустралия материгінің табиғат зоналарын түсіру.2.Карта б/ша, Африканың табиғат зонасын Аустралияның табиғат зонасымен салыстыр.3.Материк табиғатына кері әсерін тигізетін қандай жағдайларды білесің?Қосымшадағы №6-кестемен «Жер шарындағы ірі шөлдермен» танысу. Үйге тапсырма:§55. 204-207 бет оқу. Қосымша материалдар жинау.