Презентация по географии на тему Еуразияны? жер бедері мен пайдалы ?азбалары. (7 класс)


Сыныбы: 7 «Ә»
Күні: 08.04.2015
Тақырыбы: Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбалары.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға Еуразия материгінің жер бедері – жазықтары мен ойпаттары, аласа таулары мен биік таулары және пайдалы қазбалары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылырдың сөз қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты жандандыру.
Тәрбиелік:  Оқушыларды басқа мемлекеттердің жерімен таныстыра отырып, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге, табиғаттағы бар байлықты аялауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: геология, химия.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, кескін карта, сызба-нұсқалар, үлестірмелі карточкалар, оқулық, слайд, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру.
А) Оқушылармен амандасып, түгендеу.
Б) Қызығушылықты ояту (топқа бөлу).
В) Оқулықтарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру. Сөзжұмбақ (әр топқа әр түрлі)
1-топ «Азия»
Еуразия материгінің батыстағы шеткі нүктесі? (Рока)
180-200 млн жыл бұрын Солтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық? (Лавразия)
Оңтүстік жарты шар материгі? (Аустралия)
Солтүстік жарты шардағы суықтық полюсі болып табылатын елді мекен? (Оймякон)
2-топ «Еуразия»
Еуразия материгінің шығыстағы шеткі нүктесі? (Дежнев)
Еуразияның дүние бөлігі? (Еуропа)
Ш.Уәлиханов қай елге саяхат жасады? (Қашқария)
Дүние жүзіндегі ең биік тау? (Гималай)
Орыс саяхатшысы Н.М.Прежвальскиий бастауын тапқан өзен? (Янцзы)
Жер шарындағы ең үлкен көл? (Каспий)
Жер  шарындағы ең үлкен түбек? (Арабия)
3-топ «Еуропа»
Еуразия материгінің солтүстігін шайып жатқан теңіз? (Норвег)
Дүние жүзіндегі ең биік шың? (Джомолунгма)
Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан ойыс? (Гхор)
180-200 млн жыл бұрын Оңтүтік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық? (Гондвана)
Еуразия материгінің оңтүстігіндегі шеткі нүктесі? (Пиай)
Жер шарындағы ең терең көл? (Байкал)
4-топ «Материк»
Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан аңғары? (Өлім)
Оңтүстік жарты шар материгі? (Африка)
Еуразия материгінің жағалауын шайып жатқан мұхит? (Тынық)
Дүние жүзіндегі ең үлкен арал? (Гренландия)
Солтүстік Американың ірі көлі? (Гурон)
Еуразия материгінің солтүстігіндегі шеткі нүктесі? (Челюскин)
Еуразия материгінің жағалауын шайып жатқан теңіз? (Кар)
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі – 840 м.
Теңіз деңгейінен ең биік нүктесі Джомолунгма (Эверест) 8848 м.
Теңіз деңгейінен ең төменгі нүктесі Өлі теңіз (-403 м.
Еуразия литосфералық плитасының ең ежелгілері


Шығыс Еуропа, Сібір,
Қытай-Корей, Оңтүстік Қытай платформалары.

Негізгі тау жүйелері
Кавказ таулары
Армиян және Иран таулы қыраттары
Памир
Тибет таулы қыраты
Гималай таулары



Альпі – Гималай
белдеуі

Сейсмикалық белдеулер


Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеу

Ең биік сөнбеген жанартау – Ключи Шоқысы ( 4750 м) мен 1883 жылы Жер тарихындағы ең апатты атқылау болған Үлкен Зонд аралдарындағы Кракатау жанартауы да осы белдеуде орналасқан.
Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы – гейзерлер тән. Исландия мен Камчаткада гейзерлердің ыстық суларын үйлерді жылытуға пайдаланылады.
Жер бедерінің негізгі түрлері


Азиялық бөлігі
Еуропа бөлігі


Шығыс Еуропа мен Орта Еуропа жазығы, Дунай бойы ойпаты.
Тұран, Батыс Сібір, Солтүстік Сібір, Яна-Индигирка, Колыма ойпаттары, Орта Сібір таулы үстірттері, Ұлы Қытай жазығы.


Алтай, Саян, Байкал маңы таулары, Солтүстік-Шығыс Сібір таулары, жоғарғы Яна, Черский жоталары, Чукот таулы қыраттары, Амур бойы, Қиыр Шығыс таулары, Тянь-Шань таулары, Памир, Гиндукуш, Қарақорым, Куньлунь, Тибет, Гималай, Кавказ, Иран таулы қыраттары.
Скандинавия мен Орал аласа таулары, Альпі, Карпат таулары, Пиреней, Апенин, Балкан түбектерінің биік таулары.

Еуразияның пайдалы қазбалары


Шөгінді:
Мұнай – газ: Парсы шығанағы, Солтүстік, Жерорта теңізі, Батыс Сібір, Каспий маңы.
Тас көмір: Уэльс, Жоғарғы Силезия, Рур, Донец, Кузнец, Қарағанды.
Фосфорит: Қаратау қойнауы.
Боксит: Қазақстан, Ұлы Қытай жазығының солтүстігі, Альпі.
Магмалық:
Темір кен орындары: Үндістан, Қытайдың солтүстік-шығысында, Ресейде (Курск магнит аномалиясы), Скандинавия түбегінде.
Алтын мен алмас: Саха.
Сапфир, рубин: Үндістан түбегі мен Шри-Ланка.

IV. Жаңа сабақты бекіту.
I-тапсырма (постер).
Еуразия жер бедерінің дамуы мен ерекшеліктері.
Жер сілкіну мен жанартаулық аймақтар.
Жер бедерінің негізгі түрлері.
Пайдалы қазбалары.
II-тапсырма. Семантикалық карта
1-топ
Нысандардың атауы Тау Ойыс Белдуі Күшті толқын Жазық Қайраң Көл Шеткі нүкте Мұнай қоры
Гхор + Цунами + Альпі – Гималай + Байкал + Дежнев + Доггер-Банка + Кавказ + Парсы шығанағы +
Шығыс Еуропа + 2-топ
Нысандардың атауы Үлкен жел Шоқысы Шың Тау 37‰ Шеткі нүкте Ақ теңіз Орташа биіктік Тас көмір 1620м
Джомолунгма + Рока + Жерорта теңізі + Солтүстік Мұзды мұхит + 840 м + Тибет + Ключи + Донец + Тайфундар + Байкал көлі +
3-топ
Нысандардың атауы Шөл Арал 41‰ 12000 мм Жанартау Шеткі нүкте -403 м Халқы Темір кені
Тар + Черапунджи + Челюскин + Миной + Исландия + Қызыл теңіз + Өлі теңіз + Кракатау + Ресейде +
4-топ
Нысандардың атауы Платформа Түбек Бұғаз Шеткі нүкте Ыстық су Жазық Асыл тас Боксит кені
Арабия + Пиай + Гибралтар + Оңтүстік-Қытай + Гейзер + Орта Еуропа + Қазақстанда +
Шри-Ланка + III-тапсырма. Сандар сөйлейді
1-топ
1620 м – Байкал көлінің тереңдігі
+53 градус – Тар шөлі температурасы
8848 м – Джомолунгма шыңы
390000 шақырым – Каспий теңізінің ауданы
-403 м – Өлі теңіздің тереңдігі
2-4 ай – кемелердің жүзу мерзімі
41‰ – Қызыл теңіздің тұздылығы
2-топ
-403 м – Өлі теңіздің тереңдігі
5527 м – Гренландия теңізінің ең терең жері
54 млн км² - Еуразия материгінің ауданы
8000 км – Еуразия материгінің солтүстік пен оңтүстігінің арақашықтығы
-71 градус – солтүстік жарты шардағы суықтық полюсі
100-120 мм – Солтүстік Мұзды мұхитының жауын-шашын мөлшері
+25,+30ºС – Үнді мұхиты суының беткі температурасы
3-топ
15 мм – ең аз жылдық жауын-шашын мөлшері
5 млрд – халық
1923 жылы – Токио қаласы қирады
4750 м –Ключи Шоқысы
¾ - таулы үстірттер мен қыраттар
2-4 м – көп жылдық мұздар
840 м – Еуразия материгінің орташа биіктігі
4-топ
3 млн км² - Арабия түбегінің ауданы
12000 мм – жауын-шашын мөлшері
16000 км - Еуразия материгінің батыс пен шығысының арақашықтығы
37‰ – Жерорта теңізінің тұздылығы
13 м – Доггер-Банка қайраңының тереңдігі
39% - Атлант мұхитында ауланатын балықтардың үлесі
10-12 м – мұз құрсаулары
IV. «Сәйкестігін тап»
1-топ. Пайдалы қазбалардың сәйкестігін табыңдар.
Каспий теңізі қайраңы және Каспий маңы ойпаты Фосфорит кен орындары

Қаратау тауларында мұнай мен газ

Парсы шығанағы қалайы – вольфрам

Қарағанды алабы Темір
Батыс Cібір жазығында Асыл тастар- сапфир, рубин
Үндістан түбегі мен Шри – Ланка аралы тас көмір
Скандинавия түбегінде b) мұнай мен газ

Еуразияның шығыс бөлігі b) мұнай мен газ

Жауаптары:
1-b, 2-a, 3-b, 4-f, 5-b, 6-e, 7-d, 8-c
2-топ. Жер бедері мен пайдалы қазбалары бойынша сәйкестендіру
1 Азия мен Еуропаны бөліп тұрған тау? Орал
2 Тынық мұхиттындағы күшті жер сілкінулері мен жанартаулық белдеу қалай аталады? Отты шеңбер
3 Еуразия материгіндегі сейсмикалық белдеулерді ата? Альпі- Гималай
Тынық мұхиты белдеуі
4 Альпі – Гималай белдеуі қай бөлігі оңтүстік шығыс, біздің еліміз қай аймақтарды қамтиды? Оңтүстік шығыс
5 Қазақстандағы көмірдің мол қоры қай жерде? Қарағанды
6 Еуразияның ең биік нүктесі? Джомолунгма 8848 м
7 Еуразия материгіндегі қай шығанақ мұнай мен газ қоры оларды өндіру жөнінен дүние жүзінің алдыңғы орында? Парсы шығанағы
8 Пайдалы қазбалар пайда болуына қарай қандай түрлерге бөлінеді? магмалық, шөгінді
9 Қай бұғаз Еуразия мен Солтүстік Американы бөліп тұрады? Беринг бұғазы
10 Еуропа жазықтықтары? Шығыс Еуропа
Орталық Еуропа
Дунай ойпаты
3-топ. Осы таулар қандай геосинклиналдық белдеуге жататынын сәйкестендір:
Альпі – Гималай геосинклиналдық белдеуіне жататын таулар:
2. Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуге жататын таулар:
Кракатау жанартауы
«Отты шеңбер»
Кавказ таулары
Памир тауы
Иран таулы қыраты
Жапония аралдары таулары
Тибет таулы қыраты
Гималай тауы
Альпі тауы
Ключи шоқысы
Карпат тауы
Ява аралы жанартаулары
Альпі – Гималай геосинклиналдық белдеуіне жататын таулар:
C,D,E,G,H, I,K,
Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуге жататын таулар:
A,B,F,J, L,
4-топ. Адасқан нысандарды сәйкестендір
Гималай Эверест
Кордильер Ман-Кинли
Памир Коммунизм
Парсы Шығанақ
Кузнец Тас көмір кен орны
Зайсан Қазаншұңқыры
Қытай-Корей платформасы
Пиреней Түбек
Шығыс Еуропа Жазық
VI. Үй тапсырмасы. Еуразия материгінің жер бедері мен пайдалы қазбаларын кескін картаға түсіру.
VII. Оқушыларды бағалау.