Б?рышты? биссектрисасыны? ?асиеті. Саба? жоспары-10 сынып.


Сабақ жоспары
10.1C бөлім: Үшбұрыштар мен шеңберлерХимия-биология бағытындағы НЗМ Атырау қаласы
Күні: Шайхиева Н.Ш.
Сынып: 10 а;б;с Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:
Бұрыштың биссектрисасының қасиеті; Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
ГМ 10.6 үшбұрыш бұрышының биссектрисасының қасиетін дәлелдейді және қолданады (үшбұрыш бұрышының биссектрисасы өзіне қарсы жатқан қабырғаны басқа екі қабырғасына пропорционал болатын екі кесіндіге бөледі; яғни іргелес екі қабырғаларының қатынасы сәйкес кесінділерінің қатынасына тең);
Сабақ мақсаттары Аксиомалар, теоремалар, салдарлар, белгілер және қасиеттер көмегімен дәлелдеу машықтарын дамытады
Жетістік критерийлері Тілдік мақсаттарОқушылар:
Конгруэнттік туралы өз тұжырымдарын түсіндіре алады.
үшбұрыш, гипотенуза, дұрыс бұрыш,тең(конгруенттік)
Тең (конгруент),
ұқсас, ұқсастығы
түрлі, айырмашылық
бірдей (дәл сондай)
қабырға(лар) ұзындығы
бұрыш(тар) шамасы
қатынас
бір/ екі/барлық бұрыш
Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың үш қабырғасына сәйкесінше тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады. Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады. Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес бұрыштарыв екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес бұрыштарына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына іргелес бұрыштары тең болады. Егер тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сүйір бүрышы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес гипотенузасы мен сүйір бұрышына тең болса, онда үшбұрыштар тең болады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды ұйымшылдыққа, топта, жұпта және жеке жұмыс жасауға дағдыландыруПәнаралық байланыстар Геометрия 9 сыныпАКТ қолдану дағдылары Презентация
Бастапқы білім
үшбұрыштардың ұқсастық белгілері
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Басы
І. Ұйымдастыру.
Амандасу.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу.
Ой түрткі:
Ұқсас түрлендірудің қасиеттерін атаҮшбұрыштың ұқсастығының қасиеттерін атаҮшбұрыштар ұқсастығының бірінші белгісінің айтылуыҮшбұрыштар ұқсастығының екінші белгісінің айтылуыҮшбұрыштар ұқсастығының үшінші белгісінің айтылуыФалес теоремасының айтылуыТік бұрышты үшбұрыштың ұқсастық қасиеттеріа, в – катет , с - гипотенуза
в2= c*cb a2=c*ca hc=abc hc2=cb× caҮй тапсырмасын тексеру Жаңа сабақ
Бұрыштың биссектрисасының қасиеті
Үшбұрыштың биссектрисасы қарсы жатқан қабырғаны былайғы екі қабырғаға пропорционал кесінділерге бөледі.
Үшбұрыш ABC биссектрисасы
АСВС=АДВД немесе АСАД=ВСВД АД мен ВД кесінділері АС мен ВС қабырғаларына пропорционал болады.
Жалпы сыныптық жұмыс
№1. АВС үшбұрышында үлкен АВ қабырғасы 40 см – ге тең. ВД биссектрисасы АС қабырғасын 15 см және 24 см кесінділерге бөледі. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
№2. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының биссектрисасы катетті 12см және 15см кесінділерге бөледі. Үшбұрыштың ауданын табыңыз. Жұптық жұмыс.
№1.
Тікбұрышты үшбұрыштың биссектрисасы гипотенузаны 20 см және 15 см кесінділерге бөледі. Үшбұрыштың ауданын табыңыз.
№2.
Тікбұрышты үшбұрыштың С тік бұрышы төбесінен жүргізілген биіктік гипотенузаны екі бөлікке бөледі: 4 см және 9 см. Биіктікті есептеңдер.
№3.
Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының биссектрисасы 123 см және ол гипотенузаны 3/4 қатынасында бөледі. Осы үшбұрыштың периметрін табыңдар. Сабақтың соңы
VIII. Өзін-өзі бағалау
IX. Рефлексия
Үйге:
Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының биссектрисасы гипотенузаны 4/3 қатынасында бөледі. Егер үшбұрыштың периметрі 84 см болса, онда осы биссектрисаның ұзындығын табыңдар. Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла аладыБұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?