Жаратылыстану п?нінен Г?лдер ж?не шо?ырлар та?ырыбында саба? жоспары



Сынып: 7 Пәні: Жаратылыстану
Мұғалім: Оспанова К.Е.
Сабақ тақырыбы: Гүлдер және шоғырлар. Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға гүлдер және шоғырлар туралы түсінік беру. 2.Оқушылардың дүниетанымын, ойлауын, есте сақтауын дамыту. 3. Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,  Т.Ғалиевтің « жүйелі оқыту әдісінің» элементтері Сабақтың көрнекілігі: гүлді өсімдік суреттері бар кестелер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.  Балалар зейіндерін сабаққа аудару. Пайғамбарымыз Мұхаммед білім алудың 4 жолын нұсқаған:          
1 жазып үйрену
                                                                                                                
2 көріп үйрену
                                                                                                                   
3 оқып үйрену
                                                                                                                 
 4 сұрап үйренуІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап. -Гүлді өсімдіктердің қажеттілігін айт.
-Гүлді өсімдіктер түрлері. -Гүлді өсімдіктер мүшелері.
III. Жаңа сабақ мақсатын қою: Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Ал біздің сабағымыз да 4 бағытта жүргізілмек:  
          1 Ой қозғау ( нені білеміз?)
                                 2 Іздену ( нені білгіміз келеді?)
                                3 Ой қорыту ( нені білдік?)
                               4 Ой дамыту ( танымдық ойындар)
IV. Жаңа сабақ.
Мұғалім түсіндіруі: Гүлшоғыр (іnflorescentіa) – өсімдік өркенінде белгілі бір ретпен орналасатын ұсақ гүлдер жиынтығы. Гүлшоғыр негізгі сағағының бұтақтануына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай Гүлшоғырдың жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ең ұшы гүлмен аяқталады. Бұған масақ гүл (жай масақ – жолжелкенде, сүйсінде), шашақ гүл (қарақатта, мойылда, мияда, інжугүлде), собық гүл (жүгеріде, каллада, аронниктерде), шоғырбас гүл (бедеде), себет гүл (күнбағыста, бақбақта, өгейшөпте), қалқанша гүл (алмада, алмұртта, доланада), шатырша гүл (жай шатыр – наурызгүлде, т.б.) жатады. Күрделі Гүлшоғыр – жай Гүлшоғырдың бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Бұған күрделі шашақ гүл немесе сыпыртқы гүл (жүзімде, гүлшетенде, тарыда, күріште), күрделі масақ гүл (бидайда, қара бидайда, сырға гүл (қайыңда, теректе, талда, көктеректе), күрделі шатырша гүл (сәбізде, аскөкте, балдырғанда, күрделі қалқанша (ұшқатта, шәңкіште, т.б.) жатады. Гүлшоғырдың орт. негізгі сабағынан (гүлсидамынан) тарамдалған жанама сабақшаларына қарай: монохазий немесе бір сәулелі Гүлшоғыр (сарғалдақта, гладиолуста, т.б.), дихазий немесе қос сәулелі Гүлшоғыр (қалампырда, шерменгүлде, т.б.), плейохазий немесе көп сәулелі Гүлшоғыр (сүттігенде, гортензияда, т.б.) деп бөледі. Жеке гүлге қарағанда Гүлшоғыр күрделі, көлемді болғандықтан желмен айқас тозаңданады, ашық түстілері жәндіктерге алыстан байқалады. Гүлшоғырдағы гүл саны бірнешеден ондаған мыңға дейін (пальма, агава), ал биікт. 2 – 3 мм-ден 14 м-ге дейін жетеді
Ой қозғау ( нені білеміз?)
1 Гүл дегеніміз не?
2 Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар.
3 Гүлсерігі деп қандай бөліктерін айтады және    олар қалай бөлінеді?
Ой дамыту
Гүлдер, гүлдер. Көп гүлдер,                                   
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Жайнар кезім келді деп
Қанаттарын желбіреп,
Таңмен бірге оянып
Күн нұрына боянып
Көрік берген далаға.
Т. Молдағалиев.V.Сабақты бекіту:     Қосымша материал –гүлдер түстерінің мағынасы: Қызыл – белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Қызғылт – жалынның түсі ,негізінен  ол адамдар ыстық қанды болып еледі.    Сары- жылу мен жарықтың түсі.     
Алқызыл- нәзік жанды ұяң жандардың түсі.       
Ақ – шаттықтың түсі ақ түсті ұнататындар өте әсершіл қызба келеді, тез еліктегіш.
Көк – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын             адамдар. VІ.Қорытынды: сонымен балалар   бүгінгі біз гүлшоғырлары мен олардың биологиялық маңызы тақырыбын өттік. Табиғатта гүлдердің түрлері өте көп, олар саналуан. Гүлдер бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көкаландыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.
Бағалау. VІІ.Үйге тапсырма: «Гүлдер және шоғырлар» тақырыбын оқу.