Сыныптан тыс іс-шара Білім Биржасы 7-сынып


Жаңаөзен мектеп-гимназиясы
Жас мамандар апталығында өткізілген
СЫНЫПТАН ТЫС ІС – ШАРА
«БІЛІМ БИРЖАСЫ»
зияткерлік ойыны (7 «А,Ә» сыныптар)

Информатика пәні мұғалімі: Есетова М.Б.
2016/2017 оқу жылы, наурыз
БІЛІМ БИРЖАСЫ
зияткерлік ойыны (7 «А,Ә» сыныптар)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Ойынға 6 адамнан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.
І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы. Топтар шапшаң түрде берілген сұрақтардың жауабын айтуы тиіс.
ІІІ тур. Таңдау-табыс. Әрбір топ информатика пәні бойынша әртүрлі тапсырмалар орындайды.
ІҮ тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.
Сабақтың көрнекілігі: күміс қобдиша, әртүрлі купюрадағы «теңгелер», компьютер, проектор, микрофон, жылжымалы экран, әуен орталығы, MS PowerPoint-та жасалған слайдтар.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар. (Әділ қазы төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).
Алдарыңызға өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициялық ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.
Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).
«Болашақ» дарындылар тобы:
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
«Эврика»- тапқырлар тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі.
Әр сұрақ 200 теңгеден бастап 10000 теңге аралығында. Оқушылар өздері сұрақты таңдап, қорларына ақша жинайды.Информатика пәнінен сұрақтардың бастапқы бағасы- 200 теңге. Егер бір топ қателессе, екінші топ жауап беру арқылы өз топтарының ақша қорларын көбейтеді.
Өз капиталыңызды көбейту- өз қолдарыңызда.
Аукциондарда информатика пәндерінен алған білімдерінді көрсетесіздер.
Сонымен, «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
Аукционға №1 лот- ЕТ даму тарихы бойынша сұрақ қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға- 200 теңге. Қай топ жоғары баға береді? (әр топ өздері ұсынған бағаларын айтады) ең жоғары бағаға сұрақ оқылады.
Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына 200 теңге қосады.
Сұрағы: Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян).
№2 лот. Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).
№3 лот. Ұлы тұлғалар галереясы.
1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған ең алғашқы бағдарламашыны табыңыз? (Ада Лавлейс)
№4 лот.Паскаль программалау тілін кім ұсынды? (Никлаус Вирт)
№5 лот. Ақпаратты кодтау үшін қолданылатын төмендегі таңбалар жиынтығы қалай аталады?(Морзе әліппесі)
№6 лот. Сұрағы. Санау жүйесіне байланысты есеп.
Мен 1101 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен... 10001 мектептің 111 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 10101 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.
Дұрыс жауабы: Мен 13 жастамын. Мектеп табалдырығын 7 жасымда аттадым. Мен..71 мектептің 7 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 21 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.
Осымен І-тур аяқталды. І- турдың қорытындысын әділ қазылар мүшелерінен сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________

Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт-3 минут.
Әрбір дұрыс жауап құны- 200 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз- адамның ең жоғарғы қасиеті», -деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы.
№1 топқа арналған сұрақтар.
Компьютердің миы (Процессор).
Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)
Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)
Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)
Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)
Растрлық графикаға арналған программалар? (Paint, Adobe Photoshop)
Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)
Баспа құралы. (Принтер)
Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)
Енгізу операторы (Readнемесе Readln)
№2 топқа арналған сұрақтар.
1. Төрт амалды орындайтын алғашқы есептеуіш машина? (Арифмометр).
2. Векторлық графикаға арналған программалар? (Macromedia Flash, Corel Draw)
3. Қазіргі дербес компьютерлер нешінші буынға жатады? (4 буын)
4. Дербес компьютер неше топқа бөлінеді? (3 топқа)
5. Шығару операторы? (Write немесе Writeln)
6. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)
7. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. (Компьютерлік вирус)
8. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)
9. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)
10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем).
ІІ-турдың қорытындысын әділ қазылар мүшелерінен сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________
Енді, «Білекке сенген заманда- ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», -деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.
ІІІ-тур «Таңдау-табыс»
10 – 1000 теңге20 – 2000 теңге30 – 5000 теңге
Ғалымдар тарих Программалау тілі әр түрлі
10 10 10 10
20 20 20 20
30 30 30 30
ҒАЛЫМДАР
10 - Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)
20 -19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)
30 -XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Неппер)
ТАРИХ
10 – І буындағы есептеуіш машинаның негізгі элементі? (электронды шамдар)
20 – Алғашқы ЭЕМ қашан және қайда жасалды? (1946 жылы, АҚШ, Пенсильван университеті)
30 – Әр оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салған? (П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер)
Программалау тілі
10 – Программа құрылымы неше бөліктен тұрады? (3).
20 –Паскаль тілін қай жылы ұсынды? (1968-1971ж)
30 –Алгоритмнің түрлерін ата (сызықтық, тармақталған, циклдік)
ӘР ТҮРЛІ
10 –Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)
20 –Компьютердің негізгі құрылғылары? (монитор, жүйелік блок, пернетақта).
30 –Қазіргі кезде танымал қандай операциялық жүйелерді білесің? (Windows 7,8; Android, IOS, Mac OS (MacintoshOperatingSystem) 
Әділ қазылардан ІІІ-турдың қорытындысын сұрау.
Енді біз ең қызықты соңғы тур «Суреттер аукционына» көшеміз.
Суреттерге қарап отырып сұрақтарға жауап беру. Әр дұрыс жауап – 500 теңге.
1 – сурет. Американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы(Стив Джобс)

2- сурет. Қазіргі таңда бұл адам атақты «Microsoft» компаниясының президенті.13 жасында алғаш программасын құрған. (Билл Гейтс)

3- сурет. Араб математигі, алгоритм ұғымын енгізген бұл кім?(Әл - Хорезми)

4-сурет. Суретте көріп тұрғаның туралы ақпарат бер?

ІҮ-турдың қорытындысын әділ қазылар мүшелерінен сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі).
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 25 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!