О?т?стік Американы? физикалы?-географиялы? орны, материк жа?алауын шайып жат?ан м?хиттар мен те?іздер, зерттелуі.(7 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, зерттелуі.(7 сынып)
Сабақтың мақсаты: Оңтүстік Американың географиялық орнына, зерттелу тарихына, сипаттама беру, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материк табиғатына әсері туралы мәліметтерді өз бетінше ізденуге, ой қорытуға даңдыландыру.
Сабақтың әдіс, тәсілдері: Блум таксономиясы, "Ой қозғау", мағынаны тану, сұрақ –жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: оқулық, кескін карта, атлас карта, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын сұрау.
ІІ.Жаңа сабақ жоспары:
1.Мәтінмен жұмыс.
2.Ойлан тап.
Мәтінмен жұмыс: Негізгі мақсаты оқушылар тақырыпты оқып, ашық түрде бір – бірімен пікір алысады. Пікір кезінде мынадай сұрақтар төңірегінде өрбиді.
Оңтүстік Американың географиялық орнының қандай ерекшеліктері бар?
Оңтүстік Американың зерттеген саяхатшылар кімдер?
Оңтүстік Американың жағалауында қандай мұхиттар және теңіздер шайып жатыр?
2. «Ойлан, тап» Сандар сөйлейді.
1.18,3 млн км2 – Африка матирегінің жалпы ауданы.
2.7 млн км – Амазонка өзенінің ұзындығы.
3.7 млн км2 – Титикака көлінің ауданы.
4.9 000 км – Анд тауының ұзындығы.
5.6960 м – Аконкагуаның биіктігі.
6.-40 м- материктің ең төмен жатқан нүктесі.
7. 1054 м – Анхель сақырамасының биіктігі.
ІІІ.Бекіту тапсырмасы:
1. Оңтүстік жарты шар материктері ежелгі қандай материктің құрамында болды?а) Пангеяә) Гондванаб) Лавразияв) Оңтүстік жарты шар2. Оңтүстік Американың жер көлемі қанша?а) 18, 3 млн. км.²ә) 53, 3 млн. км.²б) 30, 3 млн. км.²в) 24, 2 млн. км.²3. Оңтүстік Американың аралдарының ең ірісі?а) Гренландияә) Шри – Ланкаб) Мадагаскарв) Отты жер4. Материктің солтүстік жағалауын қандай теңіз шайып жатыр?а) Гренланд теңізіә) Қызыл теңізб) Кариб теңізів) Саргасс теңізі5. А. Веспуччидің Америкаға 2 - ші саяхаты қай жылы болды?а) 1501 ж.ә) 1499 ж.б) 1492 ж.в) 1513 ж.6. Оңтүстік Америка қандай мәдени өсімдіктердің отаны?а) Қауын, қарбызә) Бидай, арпаб) Картоп, жүгерів) Күріш, қияр7. Оңтүстік Американың 1874 ж. климатының ерекшеліктерін зерттеген қай ғалым?а) Н. И. Вавиловә) А. Гумбольтб) Ф. Дрейкв) Н. И. Воейков8. Оңтүстік Американың ең биік нүктесі?а) Мак – Кинлиә) Аконкагуаб) Джомолунгмав) Климанджаро9. Оңтүстік Американың оңтүстігіндегі шеткі нүктесі?а) Фроуард м.ә) Галиньяс м.б) Кабу – Бранку м.в) Сент – Чарльз м.10. Анд тауларының орталық бөлігіндегі тауаралық үстірттер қалай аталады?а) Тераяә) Прерийб) Пунав) Сьерра

Қорынтынды.Бағалау
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу, кескін картаға материк жағалауындағы теңіз және мұхиттарды бейнелеу.