К?ктем аруы ?ыздар арасында?ы бай?ауы


«Көктем аруы» байқауыМақсаты: Көктем мерекесіне орай өткізілген сайыста қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу, ақыл-парасатын, талғампаздығын, тапқырлық, шеберлігін бағамдау арқылы жеңімпаз аруын анықтау мақсаты көзделді.1 Жүргізуші: Аяулы ұстаздар, аналар, апайлар, 22 Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!
2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгін сіздерді мектепішілік 2-4 сыныптар арасындағы «Көктем аруы» атты қыз сыны сайысын тамашалауға шақырамыз.1 Жүргізуші : Сайыс бағдарламасы бес бөлімнен тұрады:1. «Тегін білу,тектілік» /өзін таныстыру/2. «Анасын көріп, қызын ал» / өнерін көрсету /3. «Көктем, Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқу4. ««Менің тілім.» сұрақтарға жауап беру
5. «Қыздарға әсемдік жарасады» /сән киім үлгісін көрсету/
2 жүргізуші : Әділ-қазы бередіӨздеріңе биліктіӨнерде кім жеңедіСол алады сыйлықтыБүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,Жанары жаны жаздай жайраңдаған.„Қыз өссе елдің көркі»деген сөзді,Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,Келеді міне ортаға толқып тасып.Аруларын сыйлаған халқым менің,Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
(Қыздар ортаға шығып., 2 айналып, аттарын атағанда сәлем беріп, қайтадан кетіп қалады.)
1- Жүргізуші: Ал енді, бүгінгі байқауымызға қатысатын аруларымызды қарсы алайық.
Ән салуға жалықпайды
Шаршамайды, сірә бір
сан өнері бар,
Сырын терең ұға біл.
1 – ші талапкеріміз
2-Жүргізуші: Ұстазын анасындай құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.
қыз ұстазының айнасы ғой
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам
деген 2– ші талапкеріміз
1-Жүргізуші: Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Қыз сынына кеп қапты
Жүрек жұтқан қыз
3 – ші талапкеріміз
2-Жүргізуші: Алайық қарсы
Үлгілі қыз бұл ибалы
Мерекеге бүгінгі
Әкелген көп бар сыйлары.
4– ші талапкеріміз
1-Жүргізуші: Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмас.
Ашық қабақ, торсық шеке, томпақ бет,
ер жүрек қыз табылмас
5– ші талапкеріміз

2-Жүргізуші: өнерлі
Күліп жүрер ақырын,
Жолың болсын
Өнеріңді төк енді.
6– ші талапкеріміз
1-Жүргізуші: Өзі әдемі сыпайы
Қазақ қыздан аумайды
Қарсы алайық
Жайдарлы жүзді Әдемі
7 – ші талапкеріміз
2- Жүргізуші
Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!
1.Жүргізуші: Ал, енді қымбатты арулар, сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты «Тегін білу - тектілік»/өзін таныстыру:
2.Жүргізуші:
Абдуллина Карина
Бекболова Эллина
Гордиенко Полина
Герлинг Зарина
Пашенцева Анна
Худалей Милана
Шарипова Рината
2. Жүргізуші: Келесі, сайыс «Анасын көріп, қызын ал». Аруларымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен ортаға өз өнерлерін көрсетеді!
1.Жүргізуші:
Абдуллина Карина
Бекболова Эллина
Гордиенко Полина
Герлинг Зарина
Пашенцева Анна
Худалей Милана
7 Шарипова Рината
2. Жүргізуші: «Көктем. Наурыз». Бұл номинация бойыншақыз балалар көктем жайлы сыр шертеді. Көркем туынды.Бұл талап жазылған шығарманың мазмұны және оқу мәнері бағаланады
1.Жүргізуші:
Абдуллина Карина
Бекболова Эллина
Гордиенко Полина
Герлинг Зарина
Пашенцева Анна
Худалей Милана
7 Шарипова Рината
2.Жүргізуші : Аруларымыз сайысымыздың келесі шартына дайын болғанша ортаға
1.Жүргізуші : 4 ші. кезең «Менің тілім.» Бұл талап бойынша , талапкедің тіл байлылығы , ой ұшқырлығы, ақылдылығы бағаланады. (Мақал-мәтел, шешендік сөздер )
Сандықшамен сұрақтар таратылады, қыздар сұрақты таңдап, жауап беруі керек.
2.Жүргізуші : Аруларымыз сайысымыздың келесі шартына дайын болғанша ортаға
1.Жүргізуші . Келесі,сайыс «Қыздарға әсемдік жарасады». Аруларымыздың сәнді киімдерін тамашалаңыздар!
2.Жүргізуші:
Абдуллина Карина
Бекболова Эллина
Гордиенко Полина
Герлинг Зарина
Пашенцева Анна
Худалей Милана
7 Шарипова Рината
1-Жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасасың.
2-Жүргізуші:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,
Арулар аянбай ақ жан салыпты
1-Жүргізуші: Қорытынды баға дайын болғанша әсем ән орындалады
2-Жүргізуші Әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірлерін білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.
Берілетін атақтар: «Көктем аруы 2012 »
«Білімді ару»
«Инабатты ару»
«Өнерлі ару»
«Сымбатты ару»
«Ақылды ару»
«Көрермендер көзайымы»
1-Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!
2-Жүргізуші:Аналар, қалқып бақыт аралындаЛайым мұң қонбасын жанарыңаОсымен ертеңгілігімізді аяқтайықГүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық!
1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп көп рахмет.
2-жүргізуші: Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Қазақсан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
«№2 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық-мемлекеттік мекемесі
Көктем аруы
Семей