Презентация 7 сынып физика Атомдар ж?не молекулалар. Затты? молекулалы? ??рылысы. Молекулаларды? ?оз?алысы. Диффузия ??былысы. Дене температурасыны? оны? молекулаларыны? жылдамды?ына т?уелділігі


§14 - §15. Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы . ЕСІМІЗГЕ ТҮСІРЕЙІК Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?Молекула дегеніміз не?Молекулалық – кинетикалық теорияның қағидалары.“Молекула” сөзін енгізген кім? М.В. Ломоносов. 19.11.1711г. – 15.04.1765г. Ғылыми кеңес Молекулалар неден құралған?Барлық молекулалар атомдар деп аталатын, одан да кіші бөлшектерден құралады. Атомның жүзден астам түрі белгілі. Әлемдегі барлық нәрселер осы атомдардан тұрады. Диаграммадан су атомының құрылысын көріп отырсың. Молекула үш атомнан құралған: екі сутегі атомы және бір оттегі атомынан Оттегі Сутегі Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп аталады. Диффузия сұйықтарда,газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.Денелердің температурасын термометрмен өлшейді.Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады. Сұйықтық термометрлер Механикалық термометрлер Электрлік термометрлер Тұрмыстық термометрлер дұрыс жауабы Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды?Бұл құбылыс нені дәлелдейді? Қыстыгүні өзен мен көлдің бетін қалың мұз басқанда судағы балықтардың қырылып қалатынын қалай түсіндіруге болады? Көкөністерді, азық – түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген? Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп тарайды да ауру тарататын микробтар адам организміне сінеді, сондықтан адам өз денесің, ортанын тазалығын сақтау әркімнің міндеті.Бұл құбылыс диффузияны дәлеледейді. Ауадағы оттегі суға диффузия арқылы өтетіндіктен, ондағы балықтар судың беті қатқаннан кейін ауасыз тіршілік жасай алмайды. Көкөністерді, азық – түлікті тұздау кезінде молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектері бір-біріне өтіп тарайды, бұл құбылысты диффузия дейді. Қорытынды Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?Табиғатта, Жер бетінде атомдардың неше түрі бар?Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады?Молекула дегеніміз не?Заттардың молекулалары бірдей ме?Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады? Белсенді қатыстым Қызықты болды Жаңа білдім Бәрі түсінікті Назарларыңызға рахмет!!!