Презентация: «Абайды? жиырма то?ызыншы ?ара с?зі»


«Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі»Канабекова Айзада Жүрегімнің түбіне терең бойла Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма. Абай Құнанбаев шәкірттерімен біргеАбайдың Алматыдағы ескерткішіАбайдың Мәскеудегі ескерткіші. Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзіҚазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар. Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардаң кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, - ол ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып , біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпенен мал іздемек – ол арлы адамның ісі. «Қалауын тапса қар жанады», Сұрауын тапса адам баласының бермесі жоқ» деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы.Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой. «Аты шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бұра бол» дейді. Тәңірге жазып мінбей – түспей, арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған бұралық неге жарайды? «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір – ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата – анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» дейді Ата – анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар? Ата – анасын малға сатпақ ең арсыздың қылығы емес пе? Ата – ана шамасы келсе, минаттанып мал жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-анасын сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе! Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек. «Жарлы болсаң, арлы болма»,«Қалауын тапса, қар жанады, Сұрауын тапса адам баласының бермесі жоқ» «Атың шықпаса жер өрте», «Алтын көрсе періште жолдан таяды»«Ата – анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» Қалауын тапса қар жана ма? Оны қалай табу керек? Болмасты болдыру қолдан келер ме еді? Мақал - мәтелдер Абайдың сыны Өз пікіріңТапсырма: Ауызша тапсырма: Қара сөзден қандай үлгі алдық?
ppt_xxshearppt_x Еркін жазу стратегиясы:Абай шығармасы несімен құнды?Адамгершілік, имандылық, адалдық, шыншылдық туралы мақал – мәтел жаз
ppt_xxshearppt_x Тест тапсырмалары:1.Абай қай күні дүниеге келді? а) 10 тамыз ә) 25 тамыз б) 24 наурыз2. Қай жылы Ахмет Риза медресінде оқыды? а)1855ж ә) 1857 б) 1859 3. Абайдың бір анадан туған інісі кім? а) Кәкітай ә) Ербол б) Оспан4. Абайдың атасы кім? а) Өскенбай ә) Шәкәрім б) Құнанбай 5. Абайды неліктен дана дейміз? а) еңбектері үшін ә) қара сөзі үшін б) екеуі де дұрыс6. Абайдың қанша қара сөзі бар?а) 47 ә) 42 б) 457. Абай қай жылы дүниеден өтті? а) 1910 ә) 1904 б) 1890 Адам болу үшін қандай қасиеттер болу керек? - адалдық - ақылдылық - сабырлық - білімділік - имандылық - және т.б.



Бағалау стратегиясы Үйге тапсырма: 1. Ата – ана туралы ой толғау жазу 2. Жиырма тоғыншы қара сөздің мазмұнын айту.