Та?ырыбы: «Бір ж?не к?п сандарды салыстыру ж?не арасында?ы с?йкестікті табу. ?лкен ж?не кіші. Ше?бер»


«Құлыншақ» ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:02.09.2016ж.
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «Бір және көп сандарды салыстыру және арасындағы сәйкестікті табу. Үлкен және кіші. Шеңбер» (әр түрлі фигуралардың арасынан табу).
Мақсаты: заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту, санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2 саны көлемінде), солдан оңғақарай санауды түсіндіру, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен сәйкестендіру, екі топтағы заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) салыстыру, оларды сол белгілеріне қарай біріктіру.Жұмбақты көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету, шеңбер туралы өткенді пысықтау (оны өзге геометриялық фигуралар арасынан табу), шеңбердің де әр түрі болатынын түсіндіру. Ұқыптылыққа, қолындағы затты орнына қоюға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бос жолағы бар екі карточка, үлкен шар немесе шеңбері бар үш тәрелке, төрт кіші тәрелке, жинақ полотносы.
Қостілділік компонент: шырша – елка, күн-солнце, саңырауқұлақ – гриб.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық -
қозғаушылық «Жұмбақтар және олардың шешуі» ойыны.
Педагог балаларға жұмбақтар жасырады.
Тікентікен, тік пісте,
Қысыжазы бір түсте.
Көк жиекі шай табақта,
Алтын алма тербелер.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа, мақта, пернелер.
Қалпағы бар,
Басы жоқ,
Қолы да жоқ,
Шашы жоқ.
Сыңар аяқ «көкеңнің»
Ойлаң, тап, не екенін? Балалар жұмбақтың шешуін табады.
-Шырша.
-Күн.
-Саңырауқұлақ.
1-тапсырма.
Суретте ең көп бейнеленген қандай зат?
Бірбірден салынған заттың аты қандай?
Бірбірден салынған заттарды бояп шығындар. Педагог балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай
(үлкенкіші)
салыстыруды ұсынады.
2-тапсырма.
«Жол сал» ойыны түрінде ұйымдастырылады.
Педагог дәптерге орындау үшін мынадай тапсырма береді: олар үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін, ал кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол «салындар».
Сергіту сәті:
Оңға қарай иілдік,
Солға иілдік,
Бір отырып, бір тұрып,
Бәріміз бір сергідік.
3-тапсырма:
Бір және екі затты санауға байланысты берілген
Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй тұр?
Оң жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, сол жақ бұрышта неше тақия орналасқан?
Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе?
Педагог затарынының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.
4-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Бұл орамның пішіні,
Бауырсақтың да мүсіні.
Кішірейтсек біз мұны,
Шығады тоқаш наны боп. Ол не?
Барлық шеңберлерді бояндар.
Неше шеңбер боядындар?
Сендер бояған шеңберлердің көлемі қандай?
Осы жерде педагог шеңбердің көлемінің әртүрлі болатынын балалардың есіңе салады.
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.Өзінөзі бақылаудың екі түрін қолдануға болады.
Педагог балаларға 1- тапсырманың орындалу үлгісін көрсетеді. Онда дұрыс орындалған тапсырма жазылады.
Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді.
-Шырша бүрі, кірпі, күн, саңырауқұлақ, шырша.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балалар күнді, саңырауқұлақ пен шыршаны бояйды.
Балалар үлкен шәйнек пен үлкен кесені, ал кішкентай шәйнек пен кішкентай кесені сызық арқылы қосады.
Балалар қлең мәтініне сай жаттығулар жасайды.
Тақия аз, киәз үй көп.
Балалар тпасырманы орындайды.
Балалар жұмбаұтарды шешеді (дөңгелек),шеңберлерді бояйды және педагогтің сұрақтарына жауап береді.
Балалар өз жұмысын педагогтің үлгісімен салыстырады.
Балалар өздерінің жұмысын сондағы үлгімен салыстырады. Содан соң педагог бүлдіршіндерге тапсырманың дұрыс орындалғанын тексеруді тапсырады. Ал өзі ауызша нұсқау береді.
Рефлексиялық-түзетушілік 1.Сендер саңырауқұлақ, күн мен шыршаны бояуларың керек.
2. Үлкен шәйнекті үлкен кесемен, кіші шәйнекті кішкентаймен кесемен қосуларың керек.
3.Тақиялар мен киіз үйлерді бір-бірімен қосу керек.
Балалар тапсырманы тыңдап, орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: бір зат пен көп затты бірбірінен ажырата алуды;
Игереді: екі топтағы заттарды салыстыруды.
Меңгереді: 2 көлеміндегі заттарды санай білуді, солдан оңға санап, сандарды ретімен атауы және сан есімді зат есіммен сәйкестендіруді;өзінетанысзаттарды көлеміне (үлкенкіші) қарай салыстырып, олардысол белгілері бойынша біріктіруді.