1836-1838 жылдарда?ы И.Тайман?лы мен М.?теміс?лы баста?ан к?теріліс


Сабақ: № 23 Пәні: Қазақстан тарихыСыныбы:8«А»Күні:______________
Пән мұғалімі: Жакыпбеков Нургиса АбдирашевичТақырыбы 1836-1838 жылдардағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс
Мақсаты Тақырыпты түсініп оқуға, тарихи деректердің шешімін таба білуге үйренеді, тілін, сөздік қорын дамытады; зеректікке, білімді, тарихты құрметтеуге машықтары дамиды
Жалпы мақсат Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді. Жаңаша тәсілдер арқылы пәнге қызығушылығы мен оқу қабілеттері артады. Оқушылардың белсенділіктерін артып, тарихи білімдерін жетілдіреді.
Күтілетін нәтиже Ойларын жүйелі жеткізе білетін, топта жұмыс істеу арқылы білім, білік, дағдылары дамыған оқушы.
7 модульдің қолданылуы “АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Ішіне-сыртына», «Ес картасы», «Жигсо», «Топтастыру», «Венн диаграммасы», «Ти кестесі»
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг Жасырын сөздерді тарату арқылы сыныпты топқа бөлу Оқушылар амандасады. Әрбір оқушы жасырын сөздерді алып, сол бойынша топтарға бөлініп, орнына отырады
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білу
Қызығушылық
тарын ояту «Ішіне-сыртына» әдісі арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту Үйге берілген тапсырманы сұрау арқылы әр топты диалогқа түсіру Әр топ берілген сұрақтарға жауап беру, білімдерін тексеру.
Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады
Түсіну «Ес картасы» әдісі арқылы тапсырма беру Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға тапсырма беру арқылы диалогқа түсіру, берілген тапсырманы постер арқылы қорғау Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы орындай отырып, өз ой-пікірлерімен санаса білу
Қолдану «Жигсо» әдісі қолданылады. Әр топқа оқулықтағы мәтін бойынша тапсырмалар беру. Әр топ өздеріне берілген мәтінді оқып, топ ішінде талқылайды.
Талдау «Топтастыру» әдісі қолданылады
Әр топқа өздеріне берілген мәтінді тақырыпқа сай топтастыру тапсырылады. Берілген тапсырманы уақытылы орындау, тақырыпқа сай мәтіндегі
негізгі ойды топтастыру, өзара пікір алмасады, топпен тапсырманы орындайды, нәтижесінде топтаса отырып, ортақ шешім шығарды. Постер құрады. Оны қорғайды.
Сергіту сәті Шағын психологиялық тренинг Оқушылармен шағын психологиялық тренинг өткізу Оқушылар өз есімдерін айтып, соның мағынасын айтады
Жинақтау «Венн диаграммасы» және «Ти кестесі» әдістері арқылы сабақты жинақтайды «Венн диаграммасы», «Ти кестесі» әдістері арқылы оқушылардың білімдерін жинақтау Оқушылар «Венн диаграммасы» әдісі арқылы И.Тайманұлы және М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс пен С.Датұлы бастаған көтерілісті салыстырады.
«Ти кестесі» әдісі арқылы 1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісіне баға береді
Бағалау Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау Оқушыларды формативті және суммативті бағалау Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалау парақшасы арқылы бағалайды.
Рефлексия Стикерлерді толтыру Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру