?аза? ?дебиетінен Махамбет ?теміс?лы Ереулі ат?а ер салмай саба? жоспары


Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы. «Ереулі атқа ер салмай»
Сабақтың мақсаты:
а) М.Өтемісұлының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және өлеңінің негізгі идеясын ашу;
ә) Мәнерлеп оқу, мазмұндау, өлең құрылысын ерекшелігін жете талдай білу дағдысын дамыту;
б) Ақын шығармаларын оқи отырып,Отанын сүюге,еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Аягөз өзені қайдан бастау алып,қалай қарай ағады?
2.Аягөз кімнің жері еді?- деген өкінішін қалай түсінесіңдер?
3.Аягөз жағасына дуан түскеннен кейінгі жағдайды ақын қалай суреттейді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
М.Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында туған. Арабша,орысша хат таныған. Жасында Жәңгірханның ордасында жүрген. Ақын жас кезінен-ақ хан сарайындағы әділетсіздікке қарсы болып,халықтың ауыр мұңы,тұрмысын жан жүрегімен түсіне білген. Махамбет ел ісіне ерте араласқан ,керекті кезінде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш,қабілеті мейлінше күшті,жалынды ақын.
Өлеңдері: «Мінкен ер», «Тайманның ұлы-Исатай», «Исатай сөзі», «Исатай деген ағам бар», «Ей,Махамбет жолдасым», «Қызғыш құс» т.б
Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқып береді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Ақынның арманын,өкінішін қай жолдардан байқауға болады?
Исатайдың сырт бейнесі, жан дүниесі,ақылдылығы,ержүрек батырлығы қандай жолдар,сөздер арқылы берілген?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма:М.Өтемісұлының «Ереулі атқа ер салмай» өлеңін оқып келу.