1836-1838 жылдарда?ы Б?кей ордасында?ы Исатай мен Махамбет баста?ан к?теріліс


8 сынып
Сабақтың  тақырыбы:  « 1836-1838 жылдардағы Бөкей  ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған  көтеріліс »Сабақтың мақсаты:                               Білімділік: Оқушыларға туған жердің тарихын, соның ішінде  Махамбет  пен Исатай бастаған  көтерілістің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи  маңызын,XIX ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында  атқарған  рөлін  түсінуге  жетелеу.                             Тәрбиелік: Оқушыларды  өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге , туған халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.                            Дамытушылық: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылағын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, өздігінен және топ болып жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, іздемпаздық қасиетін арттыру. Жеке  және ұжымдық жұмыс істеу  дағдыларын қалыптастыру.Сабақтың типі :білім мен біліктілік дағдыны қалыптастыру сабағы.
Қолданылатын әдістер: Баяндау, сұрақ – жауап,  топпен  жұмыс, РАФТ , Кластер, «Фишбон» немесе «Балық қаңқасы» әдістеріПәнаралық байланыс: Әдебиет, география.Сабақтың көрнекілігі: И. Тайманұлы бастаған көтеріліс ( 1836-1838 ж.ж ) - карта, Ішкі Орданың аумағы – карта, фотосуреттер, буклеттер, оқушылар шығармашылығы, электронды  оқулық.
фотосуреттер, қосымша әдебиеттер, схема, буклеттер, оқушылар шығармашылығы, интерактивті тақта
Сабақтың  барысы:     І.Ұйымдастыру  кезеңі                               1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.                               2. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.(өлең жолдары)                                
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Ой қозғау кезеңі.1Көтеріліс дегеніміз не?2.XVIII ғасырда  Қазақстанда қандай  көтерілістер болды?3.Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс қашан, қай жерде болды?
4.Көтеріліс барысындағы ірі оқиғалар
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
1-топ-Хан ордасына шабуыл
2-топ-Тастөбе шайқасы
3-топ-Ақбұлақ шайқасы.
2.Видео сюджет( электронды оқулық).

3. РАФТ әдісі : Роль-оқушы
Аудитория-Махамбет,Исатай,Жәңгір
Форма-жазба жұмысы.
Тақырып-Исатай мен Махамбеттің тарихтағы орыны

       ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Көтерілістің жеңілу себептері.
2. Көтерілістің тарихи маңызы.
Әр топқа берілген тапсырмалар  арқылы бірігіп, тақырыпқа байланысты  қосымша  әдебиеттермен  жұмыс жүргізіп, алдарындағы  қағазға  өз  ойларын  түсіріп, топ  басшылары  тақтағы шығып қорғайды.1-топ.Көтерілісшілердің  Хан  ордасын  қамауға   алуы.
2-топ.Тастөбе  түбіндегі  шайқас, күш  біріктіру  әрекеті.3- топ.
Ақбұлақ шайқасы, Исатайдың қаза болуы
Көтерілістің жеңілу себептері:
1.Көтерілістің екі бағытта жүргізілуі.
2.Стихиялығы, дұрыс ұйымдастырылмауы.
3.Қару-жарақ пен күштің тең болмауы.
4.Көмектің дер кезінде келмеуі.
5.Көтерілісшілердің бір бөлігінің сенімсіздігі.
Тарихи маңызы:
1.Салық мөлшеріне шек қойылды.
2.Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды.
3.ХIХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ірі ұлт-азаттық көтеріліс болды.
4.Ішкі ордада хандық биліктің әлсірегенін көрсетті
Жаңа сабақты бекіту ( Фишбон немесе балық қаңқасы)
Басты мәселелер
Себептер
Дәлелдер
Нәтиже
IV.Сұрақ-бізден, жауап-сізден
-Қазақ халқы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі барысында қандай кезеңдерді басынан кешірді?
-Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісінің
тууына не себеп болды?
көтерілісшілердің патша әскерлеріне қарсы жүргізген негізгі шайқастарын ата:
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісінің жеңіліске ұшырауының негізгі себебі неде?
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісінің қандай тарихи маңызы бар?
Қосымша материалдарды пайдалана отырып, Махамбеттің Исатайға арнаған бір өлеңін жатқа айту.
Детальді қосу




Ойлану баспалдағы
Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің тәуелсіздік алуымызға септігі тиді ме?
-Оқушылар Исатай мен Махамбетке арнаған өлеңдерін оқыды.
-Тәуелсіздік алған жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген игі істер атқарылып жатыр. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық, Исатай бабамыздың 220 жылдық мерей тойлары, Бөкей ордасының 200 жылдығы республика көлемінде аталып өтті.
V.Қорытынды.Тәуелсіздік-қазақ халқының аңсаған арманы.
VI.Бағалау.
VII.Үйге тапсырма: §19 .Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы туралы тың деректер жинау.