М.?теміс?лы. Ереуіл ат?а ер салмай, Жал?ызды? ?ле?дері 8-сынып


Сабақ жоспары
1. Пән аты: Қазақ әдебиеті 2. Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиеті.
Махамбет Өтемісұлы. «Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерін талдауға баулу.
2. Тәрбиелік: Махамбет жырларымен оқушыларды ұлтжандылыққа, елді қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, мәнерлеп оқу, СТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: тіл, тарих,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерін қайталау.
ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Шаттық шеңбері ( Оқушылар бір- біріне әдемі тілек білдіріп, бір, екі санау арқылы топқа бөлініп отыра қалады.)
Топтастыру Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.(Оқушылар Махамбет ақын туралы не білетіндерін тотастырып жазады.)
Слайд арқылы оқушылар ақын туралы білмегендерін толықтырып айтып көрсетемін.Асқақ ақын, жаужүрек батыр Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Нарын құмында дүниеге келген.
Ескіше де, орысша да сауатты Махамбет туралық-әділдігімен аты жойылып, халық арасында ерекше беделге ие болған. Оның ақындық, батырлық даңқының көпшілікке айрықша мәшһүр болуы сол кезеңнің ұлы оқиғасы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісіне (1836-1838) тікелей байланысты болды. Қайсар, әділдікті сүйген, озбырлықты жек көрген Махамбет халық Жәңгір хан тепкісіне шыдамай, көтеріліске шыққан кезде, Исатай батырдың қасынан табылып, өмірінің соңына дейін осы көтерілістің ұйымдастырушыларының бірі әрі жалынды жырларымен дем берушісі бола білді. Исатай қазасынан кейін көтеріліс басылып,
Махамбет Жәңгір хан мен патша өкіметі тарапынан қатты қуғынға ұшырайды. Ел арасында жасырынып жүріп, ақын көтерілісті жалғастыруды армандайды. Бірақ ол арманы орындалмай, елін сүйген ер, жауынгер ақын аңдаусызда аңдыған дұшпандарының қолынан қаза табады.
Махамбет жырларының басты тақырыптары да, айтпақ идеясы да өз өмірін арнаған осы көтеріліс шындығын, халықтың арман-тілегімен, Исатай батырдың ерлігін дәріптеу, үлгі ету мақсатымен тығыз байланысып жатыр.
Бүкіл ғұмырын күрес, арпалыс үстінде өткізген ақынның жырлары кек пен жалынға, арман мен үмітке, өр рухқа толы. Ақын жырларын көтеріліс айнасы деп бағалау орынды. Өйткені, ол өлеңдерінде өз басынан бар қиындығын өткерген көтерілістің барлық кезеңінің көркем суретін береді. Мәселен, «Ереуіл атқа ер салмай өлеңі – жауынгер ақынның көтерілістің алдыңғы кезеңінде ізінен қалмай қуған патша әскерімен кезектен шайқастан кейін шаршап – шалдыққан, тіпті кейбірі күрестің болашағына күдікпен қараған кезде, сарбаздарға рух беріп, намысын қайрау, ұлы мақсаттан айнымауға шақырған әйгілі туындысы. Ел үшін еңіреген ердің сипаты қандай болуы керек, теңдік жолында ол қандай қиындықтарға төзуі қажет, міне, осы жайларды ақын барынша өткір, шымбайға батыра толғаған. Ал «Бұл дүниенің жүзінде» өлеңін ақын көтеріліс жалыны басылып, өзі жалғыздықта, қуғында жүргенде шығарған. Арманының орындалмайтынын сезген ақынның көңіл күйі оның жалғыздық жайлы («Қаумалаған қарындас, қазақта бар да, менде жоқ»), заманы, өмірде әділдіктің жоқтығы туралы, күн мен ай, дәулет хақында философиялық толғанысынан танылады. Өлеңде синтаксистік егіздеу өте ұтымды қолданылған.
3.Мағынаны тану.(Екі топқа өлеңдерді бөліп беремін,мәтінмен жұмыс істейді) Iтоп.Тапсырма
Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып,идеясын айт.
Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап.
1.Мәнерлеп оқиды. Бұл өлеңде ақын тек халқына рух беріп,намысын қайрап, күреске шақырады.
Ереуіл атқа ер салмай
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку – еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
(Оқушы жауабы:) «Ереуіл атқа ер салмай» толғаулары көтерілістің алғашқы өрлеу тұстарын бейнелейді.1837 жылы жеді(қараша) жұлдызының 12-сінен 13-іне қараған күні Исатай мен Махамбет Жайықты жарып өткен соң,далаға қонады.Күн суық боран екенДалаға қонып тұрған жұрттың көбі жылы үй,жұмсақ төсек,қызыл шайды аңсаған кезде Махамбет жолдастарын жұбату үшін осы өлеңін шығарған екен.Махамбет елінің ертеңін ойлады. «Ереуіл атқа ер салмай»деген өлеңінің құрылымы күрделі.Бұл өлең ақынды- эпик ақын ретінде таныта түседі Бірақ өлең құрылымы өте қысқа жазылған.Өлең мұңды да қайғылы,елін-жерін ойлаған ақынның ащы зары естіледі.Ақын шұбыртпалы ұйқаспен, мағыналы  ойлар бере отырып,сөз тіркестері арқылы,ереуіл атқа ер салмай,ерлердің ісі бітпейтінін ашық айтады.Мұндай адуынды өлең тек Махамбетке ғана тән. Өлең жолдарында ереуіл ат,егеулі найза,тебінгі жер,терлі май,алты малта ас, ат үстінде,өзегі талып,түн қатып,темір қазық,қу толағай сияқты сөз тіркестері бар. Бұл өлең халықты ерлік күреске шақырып тұр. Бұл өлең бір ғана бағыныңқылы сабақтас сөйлемнен тұратын,шұбыртпалы өлең ұйқасымен, 19 тармақ,1 шумақ,17 дыбыстық қайталау үлгісінде жазылған өлең.
Дауысты дыбыс-ассонанс,дауыссыз дыбыс-аллттерация Сөз тіркестері:ереуіл ат,егеулі найза,алты малта ас,тебінгі жер,түн қатып т.б.                                       
II топ.Тапсырма
1)«Жалғыздық» өлеңін мәнерлеп оқы.идеясы не,қай кезде шығарған?
 2) Өлең құрылысына талда.
Жалғыздық
Бұл дүниенің жүзінде
Айдан көркем нәрсе жоқ,-
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен көркем нәрсе жоқ,-
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
Тілде бар да, дінде жоқ.
Көшпелі дәулет кімде жоқ,-
Бірде бар да, бірде жоқ.
Азамат ерлер кімде жоқ,-
Еріккен күні қолда жоқ.
Заманым менің тар болды –
Тура әділдік биде жоқ.
Бәрін айт та, бірін айт,
Қаумалаған қарындас
Қазақта бар да, менде жоқ.
(Оқушы жауабы.)Бұл өлең құрылымы өте қысқа жазылған. Исатай қазасынан кейінгі ақынның күйзеліс кезінде жазған жырлары.16 тармақ,шұбыртпалы ұйқасқа құрылған,8 буынды өлең. Бұл өлеңде күн мен түн,жалғыздық пен қауым,әділдік пен әділетсіздік қатар алынады.Күн мен айдың жұбын негізге ала отырып,ақын басына түскен трагедиялық жағдайды толық қарама-қайшылық сипатта көрсетіп,оның табиғи қырын ашады.Күн мен түннің ауысуы,жарық пен қараңғылықтың болуы –тіршілік заңы.Ақынның ұтқаны- кеңістік атауларын алып,оның мәні мен маңызы  арқылы жүрегінің сырын ашуы еді.Өлең соңы
«Бәрін айт та,бірін айт,
Қаумалаған қарындас,
Қазақта бар да менде жоқ» деп аяқталады. Рабиға Сыздықованың  «Сөздер сөйдейді» зерттеуінде қарындас сөзін бүгінге дейін екі мағынада қолданған дейді.Әдеби нормадағы актив мағынасы «ер адамның жасы кіші әйел жынысты туысқаны». Махамбет өлеңіндегі қарындас сөзі әйел жынысты жасы кіші туысқан емес,өзінің соңына еретін,өзіне демеу болатын туыстарды айтып отыр,қалың ағайынды іздеп отыр.
IV. Толғаныс.Жаңа сабақты бекіту.
Бессаусақ.(Сұрақтар қойылады,әр жауапты бармақтарға жазады.)
1.Махамбет кім,ол туралы не білдік?
2.Ақын өлеңдерінің тақырыбы не?
3. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі не туралы?
4. «Жалғыздық» өлеңінде ақын неліктен «заманым менің тар болды» дейді?
5.Ақын арманы орындалды ма?
Элегия- лириканың бір жанры, мұнда ақын өмірді торығу, өкініш, мұңлы сезім тұрғысынан бейнелейді.
Мұң мен өкінішке толы өлең элегия деп аталады.(Оқушыларға түсіндіре кету.)

V. Үй тапсырмасын беру.
1. Махамбет Өтемісұлы туралы мағлұмат.
2. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау
3. Махамбет Өтемісұлы туралы қосымша деректер жазу, жинау.
VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау кретерийларымен бағалау.
VII. Сабақтың аяқталуы.