Ашы? саба? ??аза?ты? ?лтты? музыкалы? аспаптары


ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫСабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты:Білімділік: қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының шығу тарихы, жасалу жолдары, оның дыбыс бояулары жөнінде балаға ұғындыру.Дамытушылық: оқушының музыканы сезінуін, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: білімді, дарынды, алғыр, өнерлі, өз Отанын, елін сүйетін сезімтал бала тәрбиелеу. Музыка тыңдау: Н. Тілендиев «Ата толғауы»Сабақтың типі: ойын сабақӘдіс – тәсілі: түсіндіру, ойын ойнауКөрнекілігі: интерактивті тақта, аспап суреттері, үнтаспаСабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.ІІ.Психологиялық ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау.ІҮ.Жаңа сабақ Домбыра — қазақ халқының кең тараған аспаптарының бірі. Қазақстанның аймақтарына байланысты күйлер «төкпе» және «шертпе» дәстүріне бөлінеді. Домбыра аспабының пішіні де осы орындаушылық мектептерге байланысты жасалынады. Домбыра күйлері — қазақ хақының ішкі жан дүниесін суреттейтін туындыДОМБЫРА Қылқобыз — әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті көне музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызда жыршылар, бақсылар, емші — балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі заманның түрі — прима қобыз.қЫЛҚОБЫЗ Жетіген — шертіп ойнайтын жеті ішегі бар музыкалық аспап. Тиектің орнына асықтарды пайдаланған. XX ғасырда белгілі фольклор зерттеушісі Болат Сарыбаев жетігенді көне көз қариялардың сипаттауы бойынша құрастырып, қайта қалпына келтірді. Ертеде жетіген аспабын жыраулар жиі қолданған — оның әуені аң аулуға шыққанда немесе алыс жорыққа аттанарда сәттілік әкеледі деп сенген. Ж Е Т І Г Е Н Сазсырнай — саздан жасалған үрлемелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған. С А З С Ы Р Н А Й Сыбызғы – үрлемелі көне аспап. Қурайдан, ағаштан және күмістен жасалады. Сыбызғының үні жұмсақ, құлаққа жағымды. Өзінің қарапайымдылығына қарамастан, дыбыс шығару тәсілі өте қиын. Орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етеді. Қамыс сырнай - тілшесі бар қамыстан жасалған үрлемелі аспап. С Ы Б Ы З Ғ Ы Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі — ағаш шаңқобыз — ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарыладыШ А Ң Қ О Б Ы З Дауылпаз - қазақ халқының көнеден келе жатқан ұрмалы аспабы. Бұл аспап тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Аңшылық пен саятшылық кезінде аң-құстарды, мал баққанда төрт түлікті үркіткен. Сондай-ақ, жаугершілік заманда дауылпазды қаға отырып, әскербасылар белгі беріп, сарбаздарды бір жерге шоғырландырған. Балгер-бақсылар аруақтармен тілдескенде және адамдарды емдеген кезде қолданған. «Қыз қуу», «қазақша күрес», «арқан тарту» т.с.с. ұлттық ойындар дауылпаз сүйемелдеуімен өткізілген.Д А У Ы Л П А З Дауылпаз аспабы үйеңкі, қайың, қарағай сияқты тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы малдың жұқа терісімен қапталады. Көп жағдайда сыртын қаптау үшін ешкі, түйе, сиыр терісін қолданған. Аспапта ойнау ыңғайлы болу үшін оған аспалы бау бекітіледі. Бауды иыққа асып алып, дабыл қағады.Д А У Ы Л П А З Асатаяқ – сілкіп ойнайтын музыкалық аспап. Асатаяқ ағаштан жасалады. Тегіс бетіне түрлі темірден жасалған, өрнектелген сылдырмақтар ілінеді. Сілкіп ойнағанда сылдыраған дыбыс береді. Асатаяқтың түрі өте көп. Күй мен әнді орындау кезінде асатаяқпен сүйемелдейтін болған.А с а т а я қ Ш Е Р Т Е Р Шертер – қазақ халқының көне шекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарТілшелі Ұрмалы Үрмелі Ысқышпен ойналатыңІшектідомбырашертерсазсырнайүскіріктастауықдабылдаңғырадуылпаз қобызқылқобызшаңқобыз О Р К Е С Т Р Музыкалық анаграммаларды шешіп, артық сөзді алып таста.БЫҚОЗ ҚОБЫЗ МОДЫРБА ДОМБЫРА ТЕРРЕШ ШЕРТЕР ГІТЕНЕЖ ЖЕТІГЕНАЛБАҒ БАЛҒА  ОЙЫН {5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA}ҰғымдарАнықтамаларДомбыраҚобызСаз сырнайДаңғыраШертера) ысқышпен ойнайтын аспап түріә) шертпелі аспап түріб) ұрмалы аспап түрі в) үрмелі аспап түріг) ішекті аспап түріМузыкалық ұғымдардың анықтамаларын дұрыс тап. ҚОРЫТЫНДЫСұрақтар: 1.Ұлттық аспаптарды ата.2.Аспаптар қандай топтарға бөлінеді?3.Бүгін қандай күй тыңдадық? 4.Күйдің аты қалай? 5.Күйде қандай аспаптар кездеседі? РЕФЛЕКСИЯ Үй жұмысыБағалау