?аза?ты? ?лтты? музыкалы? аспаптары


Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары. Үйретілетін ән : «Домбыра сазы » сөзі:Х.Талғаровтікі әні:И.Нүсіпбаевтікі Музыка сауаты : Аспаптар Музыка тыңдау: Аспаптар дыбысы , күйлер , әндер . Мақсаты : Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысу. Аспаптар дыбыстарын ажырата білуге үйрету. Музыка сауатын дамыту. Халық мұрасын қадірлеп , қастерлеуге тәрбиелеу. Әдісі : Әнді талдау, үйрену . Көрнекілігі : Слайд, суреттер, аспаптар . Барысы : І . Ұйымдастыру кезеңі : ІІ . Үй тапсырмасын сұрау . Сұрақтар беру . Үй тапсырмасы : Халық музыкасы - рухани қазына . а) Әндерді қайталау : 1 . « Сәлем саған мектебім » Л. Хамиди. 2 – шумақ . ( Сенен біліп шығармын ,Аспан барын күн барын .Сен арқылы ұғармын ,Жұмбақ әлем сырларын . ) 2 . « Отан » Л. Хамиди. 1 – шумақ . (Отаным , кең далам орманды, Болаттан соғылған қорғанды . Бақыттың , шаттықтың мекені , Қолдаймын , қорғаймын ордамды). 3 . « Тойбастар » М. Қойшыбаев . 3 – шумақ ( Әлемде той деп бүгін жар саламын , Қонақтарды құрметпен қарсы аламын . Төрлетіңдер , достарым , төрлетіңдер , Сіздер үшін біз бүгін ән саламыз .) ә) Музыкалық дыбыс қатары дегеніміз не ? Дыбыстардың өз биіктіктері бойынша ретімен орналасуы . б) Музыкадағы дыбыс арасын есептеу бірлігі қалай аталады ? ( Тон , жарты тон . Жарты тон – ең жақын орналасқан екі дыбыстың арақашықтығын есептеу бірлігі . Мысалы : ми – фа , си – до аралығы . ) в) Халық музыкасы дегеніміз не ? Жанрларын ата . Халық музыкасының жанрлары:ән, күй, терме, айтыс, жыр. - Қағып , шертіп ойналатын ішекті музыкалық аспап. Ән – күй орындау дәстүрінде пайдаланады. 2 ішекті, 3 ішекті , пішіні әртүрлі түрлері кездеседі. – ысқышпен ойналатын ішекті аспап . Мойыны имек келетін аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады . Аспаптың шанағы терімен қапталып , ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады . Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған . Қазір , ішектері сымнан жасалған төрт ішекті түрі бар . – көп ішекті аспап . « Жетіген » - « Жеті қазына », « Жеті хан », « Жеті және ән » сөздерінің бірігуінен құралған деген пікірлер бар . Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып , шанағы көн терімен қапталады . Тиек орнына асық қойылады . Дауылпаз Дабыл Даңғыра – ұрып ойналатын аспаптар . Аңға шыққанда, діни жоралғыларда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланылған. - Көне тілшелі аспап . Ортасында сүйір тілшесі болады . Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан, темір текшелерден жасалған . Дыбысы ұзындығы мен қалыңдығына байланысты өзгеріп тұрады . Асатаяқтар Қоңырау Сақпан Асатаяқ – сілкімелі аспаптар түріне жатады . Халық сілкімелі аспаптарды ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданған . Ұран Сыбызғы Сазсырнай Үскірік Желбуаз Үрлеп ойналатын аспаптардың мүйіз сырнай , ұран , сыбызғы , сазсырнай , тастауық , үскірік , желбуаз деген түрлері кездеседі .Сазсырнай – саздан жасалған , қоңыр үнді болып келеді . Үскірік үні құстың дауысына ұқсас . Бұл аспаптармен халық әндерін орындаған . Болат Сарыбаев ( 1927 – 1985 ) Профессор, зерттеуші, оқытушы. 1978 жылы «Қазақтың музыкалық аспаптары» атты жинағы жарық көрген. : « Ақбаян » халық әні