Сан есімні? ма?ыналы? т?рлері


Сан есімнің мағыналық түрлері 
Сан есімнің мағыналық түрлеріСабақтың мақсаты:1) Білімділік: Сан есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру, мәтін мазмұнын ұғындыру.2) Дамытушылық: Сан есімнің түрлерін бір - бірінен ажырата алуға үйрету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығу - шылықтарын арттыру.3) Тәрбиелік: Мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу. Білімді саналы азамат болуға шақыру. Табиғатты аялап, қорғай білуге баулу.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, плакаттар т. б.Сабақтың түрлері: Аралас сабақ.Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, қызығушылықты ояту.Пәнаралық байланыс: ӘдебиетСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.2. Үй тапсырмасын сұрау:А) Сұрақ - жауап (3минут).1. Сан есім дегеніміз не?2. Сан есімнің сұрақтарын ата?3. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата?4. Дара сан есім дегеніміз не?5. Күрделі сан есім дегеніміз не?ІІ ЖАҢА САБАҚ:Алдымен тақтаға ай - күнді, сабақтың тақырыбын жазып қоямын да, сабақтың мақсатымен таныстырамын. Содан соң көрнекі құралдардың көмегімен жаңа сабақты түсіндіремін.Оқушылар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын 3 топқа бөлініп алайық.1 - топ: Бірліктер.2 - топ: Ондықтар.Сан есім мағынасына қарай 6-ға бөлінеді: есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік. Әрбіреуіне жеке - жеке тоқталып, түсіндіріп өтемін.1. Полиглот. Мақал - мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту шарт.Бірліктер тобына:• ……. атасын білмеген жетесіз.• 2 Қызға …. үйден тию.• 3…… жасар бала алыстан келсе,Алпыстағы қария сәлем берер.4….. сомың болғанша,…досың болсын.Ондықтар тобына.1…ала болса, ауыздағы кетеді.…. түгел болса төбедегі келеді.2 Білекті бірді жығар, білімді …жығар.3 Ер жігіттің …. сөйлегені - өлгені.4 Жеті рет өлшеп…. рет кес.2. Кім жылдам? Кім тапқыр? Кім жүйрік?Бірліктер тобынаЖе1 екен 1 қазан.Ке 1 жемді 1 қазан.1 ақ сәтте қойды жеп.Кү1 етті,Тойдым, - депЕстіп 1 кез дү1діЖағадағы тү1діПаналауға жүгірді.Ондықтар тобынаБаласына ж 2 ріп,Ұрсып жатыр к2лік- 2леніп с 2ріп,Алып қажың 2 лік,2ншілей 2ңдіКөрсетпе!- деп ж2діК2рейіп баласы2ленбей тапасып,Жоймасам ба 2 кімдідеп б2нген с2лді.3. Шығармашылық жұмыс. Сөйлемді дұрыс құрастыруға байланысты тапсырма беріледі. Ішінен сан есімді тауып, талдау.Бірліктер» тобына● Жүгері, екі сантиметрден, күн сайын, отырады ұзарып.● Кіріседі, жеті - сегіз, аптадан, шапшаң, кейін өсуге.«Ондықтар» тобынаНаурыз, бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жылдың, айы.Ақсақалдың, қолында, екі, болған,Сәбит Мұқанов, болды, аудармашы.4. Сәйкесін тап.♦ 1 асым тұз♦ 1 ұрттам қамыр♦ 1 жайым сөз♦ 1 ауыз су♦ 1 шымшым ет♦ 1 үзім қазы♦ 1 елі нан5. Бекіту сұрақтары.Бірліктер1. Сан есімнің мағынасына қарай түрлерін ата.2. Есептік сан есімнің сұрақтары қандай?3. Реттік сан есім қалай жасалады?4.- ау – еу жұрнағы арқылы қандай сан есім жасайды.5. Нешінші? қай сан есім сұрағы?Ондықтар1. Болжалдық сан есім жасайтын жұрнақтар.2. Қаншадан? Нешеден? сұрақтарына жауап беретін сан есім.3. Оннан екі - қандай сан есім?4. Екеу, үшеу, жетеу қандай сан есім есімдер?5. Шығыс септік жалғауы арқылы жасалатын сан есім.6. Үйге тапсырма (2 минут). «Жайлауда» мәтіні бойынша сурет салып келу, 77 - жаттығуды берілу шарты бойынша жазбаша орындау.