Урок по казахскому языку на тему Дене шыны?тыру саба?ында (русской школе) (3 класс)


Күні: 25.02.2014 ж
Сыныбы: 3 «Б»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дене шынықтыру сабағында
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Спорт тақырыбына тоқталу. Дене шынықтыру сабағы туралы мәлімет беру;сөздік қорларын молайта отырып,олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық: өз ойларын сұрақтар арқылы жеткізе білуге баулу,сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелілік: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік біліктіліктерін жетілдіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойындар.
Cабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А)Сәлемдесу
Ә) Кезекші мәлімдемесі
Б) Назарларын сабаққа аудару
Қане, оқушылар өзіміздің сүйікті өлеңімізді оқиықшы.

Тақырып ашу:
Тақтадан денсаулық тақырыбына өлең оқып, бүгінгі сабағымның тақырыбын ашып аламын.

Сабақ тақырыбы: Дене шынықтыру сабағында
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
Үйге берілген тапсырма: Берілген сөздер мен сөз тіркестері бойынша сөйлем құрастырып келу.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Жаңа сөздермен танысу
Сөздікпен жұмыс
а) жаңа сөздер
Дене шынықтыру – урок физкультурыЖүгіремін – побегуСекіремін – прыгаюЖаттығу - упражнение
ә) сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.
б) сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.
Сұрақтар қою:
Дене шынықтыру сабағы ұнайды ма?
Дене шынықтырудан көбіне сабақты кім береді
Дене шынықтыру сабағында не істейміз?
Дене шынықтыру сабағының адам денсаулығына пайдасы?
ІҮ. Бекіту кезеңі
1 – тапсырмаДиалогті досыңмен оқы
Бұл қандай сабақ? Бұл дене тәрбиесі сабағы Дене тәрбиесі сабағы қайда өтеді? Дене тәрбиесі сабағы спортзалда өтеді Балалар не істеп жатыр? Балалар дене тәрбиесі жаттығуларын орындап жатыр. Райымбек не істеді? Райымбек турникке тартылды. Саша не істеді? Саша аттан секірді Оля не істеді? Оля шығыршықпен ойнады? Кім жүгіріп жүр? Диас жүгіріп жүр.
ә) мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қою.
1. Қандай сабақ болып жатыр екен?
2.Оқушылар не істеп жатыр?
2 – тапсырма: Төмендегі сөздерді сөйлеп, жіктеп үйрен.
І жақ – мен ойнадым, лақтырдым, жүгірдім
ІІ жақ – сен ойнадың, лақтырдың, жүгірдің.
Сіз – ойнадыңыз, лақтырдыңыз, жүгірдіңіз
ІІІ жақ – ол ойнады, лақтырды, жүгірді.

3 – тапсырма: Сурет бойынша сөйлем құра

Сергіту сәті
Ортаға бір оқушыны дене шынықтыру пәнінің мұғалімі етіп аламыз да, оның көрсеткен жаттығуларын бірге жасаймыз.
Тапсырма: Ассосация

4 – тапсырма:

Өмірмен байланыс: Біздің мақтаныштарымыз:
Сидней олимпиадасының мақтаныштары кім?

Ү. Қорытынды:

VI. Үйге тапсырма:.

ҮІІ. Бағалау
Көңіл – күй фишкалары арқылы бағалап отыру